Научные работы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата25.04.2024
өлшемі282.34 Kb.
#499818
1   2   3   4   5   6   7
G.Musyrepovtyn-...-kyzmeti

5. Мұның өзі тоң мойын қара қазақтың хан тұқымын елемей бастағанының бір қыры 
емес пе екен? («Ұлпан», 158бет). 
Тоң мойын – Ырыққа көнбес,томырық мінезді кісі туралы ( Қ.Т.Ф.С 278бет). 
Адам бойындағы мінез-құлықты бейнелеуге қолданылатын фразеологизм. 
Шығармадағы соматикалық атаулар кездесетін фразеологизмдер: 
Соматизмдер дегеніміз - адамның дене мүшелерінің атауы. Мысалы: Жүрек - жүрегі 
ауызына тығылу, жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегін қан жуу, жүрегі шайлығу, т.б.4 
-Көз- 
1.Тек оларға да көз қырын сала жүріңдер...(«Ұлпан», 123бет).
Көз қырын салды – көзінің ұшымен қарады , қарап қойды (Қ.Т.Ф.С 143бет). 
2.Есенейдің көз айырмай қарайтыны білетін («Ұлпан», 62бет). 
Көз айырмады – қадалып көп қарады (Қ.Т.Ф.С 140бет). 
- Бас - 


ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
127 
1. Осы кісі бас болып келіп, екі жеті өтті, сары аланың тұқымын түгел айдап əкетті 
(«Ұлпан»,15бет). 
Бас болды – Алдыңғы ,бірінші қатарда жүрді (Қ.Т.Ф.С 55бет ). 
2. Ауылды басына көтеріп бақырып қалды («Ұлпан»,96бет). 
Басына көтерді –Айналаны жаңғырықтырып ,айқай салды, даурықты,азан-қазан 
болып шулады (Қ.Т.Ф.С 58бет). 
4. Қорытынды. 
Қорытындылай келе, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасынан фразеологизмдердің 
қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Белгілі фразеолог – ғалым Гүлдархан Смағұлованың 
фразеологизмдерді стильдік қабаттарға дəрежелеуіне байланысты шығармадағы фразеоло-
гизмдер 4 топқа бөлінді. Сонымен бірге көмек ретінде Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі » арқылы мағынасы ашылды. Шығарманы талдау барысында барлы-
ғы 125 фразеологизм табылып, оның 30 фразеологизм талдауға түсіп, олар 4 топқа бөлінді; 
олардың ішінен кітаби фразеологимдер 3, қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер 5, со-
матикалық атаулар кездесетін фразеологизмдер 18, ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер 
4 жəне осы фразеологизмдердің мағынасы ашылып, мысалдар келтірілді. Жазушы шығарма-
да көбіне соматикалық атаулар кездесетін фразеологизмдерді қолданған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет