Наурыз мейрамдары!
Наурыз мейрамдары!
Орындаған: Амирханова А.О.
Орындаған: Амирханова А.О.
Көптен күткен
наурыз айы да
келді – көктемнің
алғашқы тынысы
Наурыз — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 3-
ші келетін март айына сай қазақша атауы.
Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі
бойынша жыл басы саналатын бірінші ай,
ойын-сауық және наурызкөже жасау
мерекесі. Бұл күні қазақтарда наурыз жырын
айтып, наурыз мерекесін өткізеді.
Наурыз айында төрт мереке мен мейрам
бар (екеуі кәсіби мереке болып саналады):
1 наурыз – Алғыс айту күні;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
11-і күні – Жерге орналастыру, геодезия және
картография күні;
21-23-сі күндері – Наурыз мейрамы.
Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні»
болып 2016 жылдан бастап атап
өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқы Ассамблеясының құрылған
күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту
күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа
қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара
сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз
болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл –
тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың
миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен
қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
1857 жылдың 8 наурызынан бастап
әлемдегі күллі ерлер бұл күні әйелдерге
ерекше көңіл бөліп, әйелдер қауымы
сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре
болып жатады.
Халықаралық әйелдер күні — әр жылы
8 наурызда тойланатын мейрам.
Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен
эмансипация жолындағы күресіндегі
ынтымақтастық күні ретінде пайда
болды. 1975 жыл — Халықаралық
әйелдер жылы боп аталғаннан кейін,
сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде
наурыздың 8-ші күнін Халықаралық
әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда
демалыс күні боп табылады.
Геодезиялық өлшеу
жүргізу жұмыстары
аумақ пен мемлекеттік
шекараны, сондай-ақ,
нақты жер телімдерін
және азаматтық жер
дауларын мемлекет
тұрғысынан жайластыру
мәселелерін шешу үшін
қажет болды.
Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және
картография қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
31 қазандағы №689 "Қазақстан
Республикасындағы мерекелік күндердің
тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес
Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және
картография күнін жыл сайын 2017 жылдан
бастап наурыздың екінші сенбісінде атап өтеді.
Қазақстанда Наурыз
мейрамы үш күн: 21-23
наурыз аралығында
аталып өтіледі (2010
жылдан бастап).
Наурыз мейрамы — ежелгі
заманнан қалыптасқан жыл
бастау мейрамы. Қазіргі
күнтізбе бойынша
(наурыздың 22) күн мен
түннің теңесуі кезіне келеді.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз
мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе
жастар жағы түгелдей таң шапағатын
қарсы алудан — тазаланған арықтарға су
жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу
рәсімін өткізуден бастайтын.
Қызықшылық онан әрмен халық
ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ
серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.),
ән салып, би билеумен, ақындар
айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен,
қазақша күреспен, ат жарысымен
жалғасып кете беретін де, түнге қарай
«Алтыбақан»айналасындағы тамашамен
аяқталатын.
Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |