49
Үміт cәулесі
Қазақ халқы «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің
ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» деп бекер
айтпаған ғой. Пайғамбарлардың
барлығы ешкімнен
алғыс та күтпей, марапат та сұрамай:
ِ ّللا ىَلَع َّلِإ َيِر ْجَأ ْنِإ
«Менің ақымды тек Алла тағала ғана береді» дегенін
Құрандағы аяттардан оқып білеміз
20
.
ЖАМАН ОЙДАН АУЛАҚ БОЛ!
Сөзімізді Ардақты елшінің:
«Мұсылман – саф
(таза жүректі), жомарт, ал фажир (күнә істеуде
шектен шыққан адам) – айлакер һәм арсыз» деген
хадисімен бастайық. Пайғамбарымыз (с.а..с) бұл жер-
де мұсылманды саф (таза жүректі) дей отырып, көңіл
айдынының
тазалығын, біреу жайлы жаман ойға
берілмейтіндігін, солай болуы қажет екенін айтады.
Жақсылықтың жаршысы мұсылман қалайша түзу ниетті
болса, өзге мұсылман бауыры жайлы да солай ойлауы
тиіс. Тіпті өзін төмен санаса да, бауырын өзінен ар-
дайым артық көргені жөн. Керісінше жағдайда әлемде
өзінен таза адам таппай қалады. Жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ жоқ екенін парықтаған жан адамның
бойындағы болмашы
кемшілікті зорайтып жіберіп,
жақсы қасиеттерін көрмей қалады. Құран кәрімде:
ُهْنَع َناَك َكِئـلوُأ ُّلُك َداَؤُفْلاَو َر َصَبْلاَو َعْمَّسلا َّنِإ ٌمْلِع ِهِب َكَل َسْيَل اَم ُفْقَت َلَو
ًلوُؤ ْسَم
Достарыңызбен бөлісу: