127
Үміт cәулесі
Тағы бір хадисте:
«Алтын мен күмісті жи-
нап, оларды Алла жолында жұмсамағандарды
күйзелтуші азаппен сүйіншіле» («Тәубе» сүресі, 34-
аят) деген аят түскенде пайғамбармен (с.а.с.) бірге са-
парда жүр едік. Аят түскен соң сахабалардың бірі: «Ал-
тын мен күміс жайында түсті ғой. Енді қандай малды
жиғанымыз дұрыс екендігін білгіміз келеді», – деді.
Сонда Расулалла (с.а.с.):
«Ең жақсысы – зікір етуден
талмайтын тіл, шүкір етуден талмайтын жүрек, има-
нына тірек болатын мүмін жұбай», – деп шүкіршіл
жүректің маңыздылығын түсіндіреді
60
.
Пайғамбардың (с.а.с.) өзі Алланың нығметтеріне
шүкір етуде үмбетіне үлкен үлгі. Ол түні бойы Раб-
бысына құлшылық қылып, аяқтары ісінгенше намаз
оқыған. Сонда оған жұбайларының бірі: «Уа, Алланың
елшісі! Өзіңізді неге соншалықты қинайсыз? Сіздің
бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңыз кешірілген жоқ
па?» – дегенде, адамзаттың ардақтысы (с.а.с.):
«Олай
болса, шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?» – деп
жауап береді»
61
.
Өмірдің кез-келген сәттерінде бақыттың қадірін
түсініп, шүкір етіп жүру имандылықтың көрінісі. Бірде
Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларының (р.а.) алдына шығып:
«Уа, сахабаларым! Қалай тұрдыңдар?» – деп сұрапты.
Сонда сахабалар (р.а.): «Аллаға мүмін болып тұрдық,
уа, Расулалла!», – деп жауап береді. Пайғамбар (с.а.с.):
«Имандарыңның белгісі қандай?» – деп сұрағанда са-
хабалар (р.а.): «Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік,
тағдыр-қазаға разылық білдіреміз», – дейді. Сонда
60
Ахмет, Тирмизи, Ибн Мажә.
61
Бұхари мен Мүслим риуаят еткен.
128
Үміт cәулесі
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Ендеше, Қағбаның Иесімен
ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер», – дейді.
Сондай-ақ, Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) мына
бір сөзіне ой жүгіртейік:
«Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің
әшекейі. Кедейліктің әшекейі – тілемсектіктен бой-
ын тарту, нығметтің әшекейі – шүкірлік ету, бәле-
қазаның әшекейі – оған сабыр ету, білімнің әшекейі
– салмақтылық, шәкірттің әшекейі – өзін төмен
ұстауы, Алладан қорқудың әшекейі – көп жылау,
басқаға жақсылық жасаудың әшекейі – міндетсінбеу,
намаздың әшекейі – қорқынышпен оқу», – деген екен.
Мұсылман пенде нығметке қуанып,
белгілі бір
табысқа жеткенде, шүкіршілік етіп, Алланы мадақтап,
ұлықтауы керек. Ол үшін «Әлхамдулилләһ» деп шын
жүректен айтуы тиіс.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай деген екен:
«Алла тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде
тағы да бес нәрсе береді:
1. Шүкіршілік берсе, ризығын арттырады;
2. Дұғагөйлік берсе, дұғасын қабыл етеді;
3. Истиғфар тілеуді берсе, кешірім жасайды;
4. Тәубешілік берсе, тәубесін қабыл алады;
5. Жомарттық берсе, садақасын қабыл етеді».
Егер Алланың саған берген нығметін есіңе ала-
тын болсаң, шашыңнан бастап аяғыңның ұшына дейін
толған сансыз нығмет екенін түсінесің. Хақ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: