Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Ақыреттегі



Pdf көрінісі
бет58/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Үміт сәулесі

үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Ақыреттегі 
баратын мекендерің қандай жақсы» («Рағыд» сүресі, 
24-аят) деп түсіндіруге тіл жетпейтін ақырет ақиқаты 
мұсылман үшін шексіз бақыт мекені болмақ.
АЛЛАНЫҢ НЫҒМЕТІ ШЕКСІЗ
Қасиетті Құранда Алла тағала: «Егер Алланың 
нығметтерін санамақ болсаң, есебіне жете алмайсың» 
дейді («Нахыл» сүресі, 18-аят). Сол нығметтердің бірі 
− ас ішу. Адам тамақтануда қолданатын ағзалары 
жайлы ойланса, оның үлкен нығмет екенін түсінеді. 
Мысалы, біз алдымыздағы асты алу үшін бір құралға 
мұқтажбыз. Сондықтан Алла тағала біз үшін екі қол 
жаратты. Осы екі қолмен қалағанымызды ала ала-
мыз. Бұл қолмен айналасында не бар болса, соны 
алуға ыңғайлы етіп, қолды түрлі бағытқа бара алатын 
етіп жаратты. Қолдарымызды жиналып, ұзаратындай 
икемді етіп жаратты, ал егер оқтаудай тіп-тіке болса 
қайтер едік? Ұстап алуға ыңғайлы қылып бес саусақты 
алақанды жаратты. Саусақтардың өзіне әр түрлі пішін 
беріп, бір-біріне үйлесімді, жұмыс істеуге өте оңтайлы 


122
Үміт cәулесі
етіп жаратты. Егер бұлар бірге болғанда немесе бір-
бірінің үстінде орналасқанда, керекті қызметін атқара 
алмас еді. Сондай-ақ алдындағы асты алып жеудің өзі 
қиынға соғар еді. Сондықтан олардың арасын ашқанда 
айыр, біріктіргенде ожау секілді, ал жұмсаң тас-түйін 
жұдырық болады. Сосын саусақтардың ұштары жайы-
лып кетпей, саусақпен ала алмағанды осы тырнақпен алу 
үшін Алла тағала олардың бастарына тырнақ жаратқан. 
Тырнақтарды саусақтардың ұштарын қорғайтындай 
қылып қаптап қойды. 
Ал енді екі қолмен алған ас, егер асқазанға бармаса 
мүлде пайда жоқ. Сондықтан асқазанға ауыз арқылы 
баратын жол жасады. Осылайша Алла тағала ауыз-
ды жаратты. Ауызды асқазан жолы болуымен қатар, 
асқазанның бір қақпасы етті. 
Тамақты ауызға қойғанмен жұту қажет болады. 
Сондықтан тамақты ұсақтайтын диірмен секілді екі 
жақты жаратты. Ол екі жаққа тістерді тізіп қойды. 
Астыңғы тістер үстіңгі тістерге сай қозғалып, екеуі бір-
біріне тиіп, ортадағы азықты асқазанға лайықты етіп 
бөлшектеп, майдалайды. Бірақ асымыз кейде сынды-
руды, сосын ұнтақтауды қажет етеді. Сондықтан оны 
бөлетін алдыңғы күрек тістер мен майдалайтын азу 
тістерді ерекше етіп жаратты. Астыңғы жақты үстіңгі 
жақтың ыңғайына қарай қозғалатын етті. Өйткені бір 
нәрсені шайнағанда үстіңгі жақ қимылдайтын болса, 
адамның басы шайқалып, өз кезегінде бұл ауырлық 
тудырар еді. Алайда диірмендерге келсек, оның 
үстіңгі тасы қимылдайды. Бірақ Алла тағала адамға 
астыңғы жақты шайнауға ыңғайлы болсын деп, еркін 
қимылдайтын қылды. 


123
Үміт cәулесі
Алла тағала шайнауда зор маңызға ие тілді жаратты. 
Өйткені тіл ауыздың барлық жерінде жүре алады. Ол 
тамақты тістердің арасына ыңғайлайды. Сонымен қатар 
тіл тамақтың дәмін сездіреді, адамды сөйлетеді және 
тағы да көптеген қызметтері бар. 
Сосын тамақ майдаланды делік, бірақ құрғақ 
тамақты қалай жұтасың, күшің жетпейді. Алла 
тағала тілдің астынан келетін сілекейді жаратты. Осы 
ылғалдылықты тамаққа қосу арқылы оңай жұта аласың. 
Одан кейін осы майдаланған, ылғалдылықпен 
араласқан тамақты асқазанға алып баратын не? Әрине, 
жұтқыншақ, Алла тағала сол арқылы тамақтың асқазанға 
оңай түсу жолын жасап берді. Тамақты сығылып 
асқазанға түсетіндей етіп жаратты.
Алла тағала асқазанды бір ас пісіретін қазан іспетті 
жасаған. Барлық түскен тамақтарды алып, аузы жабы-
лып, өзінің айналасындағы ағзалардың ыстықтығымен 
тамақ қорытылып, толық болғанға дейін асқазан есігі 
жабық тұрады. Асқазанның оң жағында бауыр, сол 
жағында көк бауыр, алдында кеуде сүйектері, ал ар-
тында арқа еттер бар. Осылайша асқазан қоршалып, 
осылардың ыстықтығымен асқазандағы тамақ пісіп, 
бір ашытқыға айналады. Осылайша тамырлардың 
тесіктерінен өтуге ыңғайлы күйге келеді. 
Тамақ бұл кезде адам денесіне азық болуға әлі жа-
рамсыз. Осылайша Алла тағала асқазандағы азық пен 
бауырдың арасына түтіктер жаратқан. Азықтар осы 
түтіктер арқылы ағып бауырға барады. Бауыр бір қан 
секілді, одан жан-жаққа тамырлар тарайды. Асқазаннан 
кейінгі екінші бір пісіретін орын секілді азықтардың 
барлығы осы бауырда тұрады. Бауыр осы азықты қанға 
айналдырады. Қанда екі артық нәрсе пайда болады. Бірі 


124
Үміт cәулесі
тұнық емес май түбіндегі қалдыққа ұқсас болып келеді. 
Ал екіншісі майға ұқсайды. Алла тағала қаннан бұл екі 
артық затты сорып, қанды тазартып отыратын өт пен 
көк бауыр (талақ) жаратты. Өт пен көк бауырда, бауыр-
мен жалғасқан түтіктер бар. Осы түтіктер арқылы қанды 
тазартады. Осылайша қан тап-таза күйде сақталады. 
Қан сұйық болады. Егер сұйық болмаса тамырлар 
арқылы ағзаларға жоғары қарай көтеріле алмас еді. 
Сондықтан Алла тағала екі бүйректі жаратты. Бұлардың 
әрқайсысының бауырға созылған түтіктері бар. 
Бүйрек бауырдан қанды тікелей сормай-
ды, бауырдың майда тамырлары арқылы шыққан 
сұйықтықты сорып, тазартып отырады. Қан соңында 
тап-таза, азық болуға қолайлы халге енеді. Сосын 
Алла тағала бауырдан бірнеше тамырлар шығарған, 
ол тамырларды да бірнеше топқа бөлген. Әр топты өз 
ішінде бірнеше кішкентай топқа бөлген. Қан осы тамыр-
лар арқылы адамның басынан аяғына дейінгі барлық 
мүшелеріне тарап, азық болады. Егер осы ағзалардың 
біреуі істен шығып қалса, қан бұзылып, адамдар түрлі 
ауру, науқасқа шалдығады. 
Бұлардың барлығы Алланың адам баласына 
жасаған сансыз нығметі. Егер тамырлардың біреуі 
істен шықса, өмір сүре алмасымыз анық. Олай бол-
са, біріншіден Алланың бізге берген нығметіне қарап, 
шүкір ету қажет. Өйткені біз тек тамақ жеудегі Алланың 
нығметін ғана білдік. Алайда тамақ жеу, Алланың 
сансыз нығметтерінің ең төменгісі ғана. Сен тамақ 
жеуді тек қарның ашқанда ғана білесің. Алайда жа-
нуар да ашыққанда қоректі, шаршағанда дем алуды, 
нәпсі қаламаса құмартпауды біледі. Ал адам баласы 
жануардың білгенінен артығын білмесе, Алланың сан-


125
Үміт cәулесі
сыз нығметіне қалайша лайықты түрде шүкіршілік жа-
сай алады?
Тіпті ішіп-жеген асымызды табиғи жолмен 
сыртқа шығарудың өзі де шебер Жаратушының үлкен 
жақсылығы. Табиғи жолмен қажетімізді өтеудің қадірін 
ұғыну үшін ауруханалардағы бұл нығметтен мақұрым 
жандарды барып көріп, тәубеге келуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет