«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Үлгі Жоғарғы сынып оқушыларының



Дата25.02.2016
өлшемі93.33 Kb.
#19927
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Үлгі
Жоғарғы сынып оқушыларының

2012-2013 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғары мектеп бітірушілерін Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған тест
1.Тест құрылымы

Тест деңгейлері күрделенген 30 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырмаға бірнеше жауап нұсқалары берілген, ішінен дұрысын таңдау қажет.


Тест сұрақтары оқу бағдарламасының келесі бөлімдеріне сәйкес келеді:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Ежелгі Қазақстан тарихы XVIII ғасырдың басы мен 1914 ж. дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы, 1914 жылдан бастап қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы.

.


  1. Тест жұмысы төмендегідей құрылымнан тұрады:

Бөлім «Ежелгі Қазақстан тарихы» 4 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтері:

  • Тас, қола, темір дәуірінің хронологиясын білуі;

  • Тас, қола және темір дәуірлеріне қатысты тарихи ұғымдар мен терминдерді білуі;

  • Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты тарихи тұлғалардың қызметіне баға беруі;

  • Ежелгі Қазақстан тарихы туралы жазылған грек, рим және қытай деректерін анықтай алуы;

Бөлім «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» 6 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

  • Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттерді білуі;

  • Дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттерді білуі;

  • Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің орналасу ерекшеліктерін анықтай алуы;

  • VI ғ.- XIII ғасырлардың басына аралығына қатысты тарихи тұлғалардың қызметіне баға беруі;

  • Қазақ хандығы дәуіріне қатысты тарихи оқиғаларды салыстыра алуы;

  • Орта ғасырлар тарихына қатысты тарихи еңбектердің мазмұнына қатысты ерекшеліктерді анықтай алуы;

Бөлім «XVIII ғасырдың басы мен 1914 ж. дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы» 10 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

  • Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушыларды білуі;

  • Қазақ- жоңғар соғыстары кезіндегі қайраткерлерді (хандар, билер, батырлар) анықтай алуы;

  • XIX ғасырдағы қазақ халқының музыкалық мәдениетінің өкілдерін және олардың шығармаларын атай алуы;

  • XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызына баға беруі;

  • XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы отаршылдық саясатқа бағытталған оқиғаларға баға беруі;

  • Қазақтардың XIX бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығындағы ерекшеліктерді білуі;

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері мен салдарына баға беруі;

  • Абылай ханның қайраткерлік қызметіне баға бере алуы;

  • XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына талдау жасай алуы;

  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның мәдениетінің қайраткерлерінің шығармаларына баға бере алуы;

Бөлім «1914 жылдан бастап қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы Қазақстан тарихы» 10 тапсырмадан тұрады, тексерілетін элементтер:

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерін білуі;



  • Алаш қозғалысының қайраткерлерін білуі;

  • Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды тарихи оқиғалардың болған уақытын білуі;

  • Кеңестік дәуірдегі білім, ғылым саласындағы қазақстандықтардың жетістіктерін анықтай алуы;

  • Кеңестік дәуірдегі әдебиет пен өнер салаларындағы қазақстандықтардың жетістіктеріне баға беруі;

  • Тәуелсіз Қазақстанның мәдени- рухани өміріндегі ерекшеліктерін анықтауы;

  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың майдан далалары мен тылдағы ерлік істеріне баға беруі;

  • XX ғасырдың 30-50 жылдарындағы қоғам, мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін саяси қудалаудың себептері, барысы мен зардаптарына талдау жасай алуы;

  • Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың себептері, барысы мен зардаптарына талдау жасай алуы;

  • Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдайына талдау жасай алуы;


3. Бағалаудың жүйесі

Бағалау дихотомиялық шкаласында өткізіледі.

Әр дұрыс жауапқа 1балл қойылады, ал қате жауапқа 0 балл қойылады.
4. Тапсырманы орындау уақыты.

Тапсырманы орындау уақыты _45__ минут


Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы:

«5»-90-100% 27-30 балл

«4»-75-89% 23-26 балл

«3»-51-74% 16-22 балл

«2»- 50 % 15 балл және одан төмен
1-нұсқа

1. Неолит дәуірі дегеніміз:

А) Ежелгі тас ғасыры

В) Орта тас ғасыры

С) Жаңа тас ғасыры

D) Қола дәуірі

Е) Ерте темір дәуірі



2. Грек деректерінде «азиялық скифтер» деген атпен белгілі тайпалар:

А) Монғолдар

В) Қыпшақтар

С) Үйсіндер

D) Ғұндар

Е) Сақтар



3. Қазақстан жерінде құрылған алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет:

А) Қаңлы мемлекеті

В) Үйсін мемлекеті

С) Түрік қағанаты

D) Қазақ хандығы

Е) Найман мемлекеті



4. X ғасырдың орта кезіндегі Қарахан мемлекетінің аумағы:

А) Ертістің орта және төменгі ағысы

В) Сырдарияның орта және төменгі ағысы

С) Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі

D) Орталық Қазақстан

Е) Батыс Қазақстан



5. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жетекшілері:

А) Д.Тәжіұлы, И. Тіленбайұлы

В) Ж.Нұрмұхамедұлы, И. Тайманұлы

С) М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы

D) Ә. Жанбосынұлы, Б. Әшекеев

Е) Х. Арыстанұлы, Е. Көтібарұлы



6. Қазақ-жоңғар соғыстары кезінде ерлігімен көзге түскен батыр қыз, Қабанбай батырдың жары:

А) Бопай


В) Айтолқын

С) Айғаным

D) Гауһар

Е) Назым


7. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайы суреттелген Мұрат Мөңкеұлының өлеңі:

А) «Үш қоңыр»

В) «Үш қиян»

С) «Жарым патша»

D) «Еділдің бойы ен тоғай»

Е) «1916 жыл»



8. 1916 жылығы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай өңіріндегі көтерілістің жетекшісі:

A) Ж.Мәмбетов

B) Ұ.Саурықов.

C) О.Шоңов.

D) Т.Бокин.

E) Ә.Жанбосынов.



9. Ә. Кекілбаев төрағалық еткен Қазақстан Республикасының Парламенті таратылды:

А) 1995 жылы тамызда

В) 1996 жылдың аяғында

С) 1999 жылы көктемде

D) 1993 жылы наурызда

Е) 1995 жылы көктемде



10. XX ғасырдың 20- жылдары Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін Кеңес үкіметіне жан- жақты дәлелдеп берген Алаш қайраткерлері:

А) Ә.Бөкейханов пен М. Шоқай

В) А.Байтұрсынұлы мен М. Сералин

С) Ә.Ермеков пен Ж. Ақбаев

D) Х.Досмұхаммедов пен Б.Қаратаев

Е) С.Сейфуллин мен М. Жұмабаев



11. Дай тайпаларының билеушісі Арсақ жорықтар жасады:

А) Парфияға

В) Үйсіндерге

С) Киев Русьіне

D) Сақтарға

Е) Қытайға



12. Түрік қағанаты оңтүстік-шығысында шектесті:

А) Қытаймен

В) Түркеш қағанатымен

С) Сібірмен

D) Византиямен

Е) Иранмен



13. Жужан қағандығын жеңгеннен кейін Бумын қаған алған атақ

А) «Елхан»

В) «Әмір»

С) «Қонтайшы»

D) «Император»

Е) «Кінәз»



14. С. Датұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін патша үкіметі қазақтар үшін:

А) Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалануға жеңілдіктер жасады

В) Орал бойындағы бекіністердің маңында мал жаюға рұқсат берді

С) Жем, Сағыз өзендерінің бойынан жайылымдық жерлер бөліп берді

D) Еділ өзенінің оң жағалауынан жайылымдық жерлер бөліп берді

Е) Құшыр және зекет салықтарын енгізді



15. 1905 жылғы 9 қаңтардағы Ресейдегі оқиғаға байланысты «Қанды жексенбі» өлеңін жазған Мәшһүр Жүсіп Көпеев осы әрекеті үшін:

А) Ресейдің Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды

В) Мәскеу, Қазан қалаларында бас сауғалауға мәжбүр болды

С) Сібірге жер аударылды

D) Патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргін көрді

Е) Орынбор қаласына жер аударылды



16. «Балуан Шолақ» атанған атақты балуан, сазгер әрі әнші:

А) Біржан сал Қожағұлұлы

В) Ақан сері Қорамсаұлы

С) Жаяу Мұса Байжанұлы

D) Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Е) Нұрмағамбет Баймырзаұлы



17. XIX ғасырдың 60- жылдарыындағы әкімшілік реформалар бойынша Шыңғыс ханның ұрпақтары:

А) Хан тағына отырудан шеттетілді

В) Уезд бастықтары болып сайлана алды

С) Ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды

D) Қазақ жерінен қоныс аударылды

Е) Әскери губернатордың орынбасары болу құқығын алды



18. XVIII ғасырда Қазақ хандығының салыстырмалы түрде тәуелсіздігін сақтай білген қазақ ханы:

А) Кенесары

В) Жәңгір

С) Хақназар

D) Абылай

Е) Есім


19. 1923 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Қазақстанда мекемелерде іс жүргізілу тиісті болды:

А) Орыс тілінде

В) Қазақ тілінде

С) Қазақ және орыс тілдерінде

D) Жергілікті мекемелердегі саны басым ұлттың тілінде

Е) Араб және қазақ тілдерінде



20. Кеңестік дәуірде белгілі өнер шебері Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырды:

А) Опера және балет театрын

В) Симфоноялық оркестрді

С) Джаз тобын

D) Ән-би ансамблін

Е) Этнографиялық оркестрді



21. «Бесеудің хатының» авторы, белгілі қазақ жазушысы:

А) Т.Рысқұлов

В) Қ.Қуанышев

С) М. Ғатаулин

D) Ғ.Мүсірепов

Е) С. Мұқанов



22. Днепр өзені бойында ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қазақ жауангері:

А) Төлеген Тоқтаров

В) Қойгелді Аухадиев

С) Толыбай Мырзаев

D) Ғани Сафиуллин

Е) Рақымжан қошқарбаев



23. Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлегені туралы жазған ғалым:

А) Геродот

В) Плиний

С) Стабон

D) Демосфен

Е) Диодор



24. Академик Ә. Марғұланның айтуынша Қасым ханның заңдарының пайда болуы себебі:

А) Заң елдегі жиілеп кеткен барымталарды тоқтату үшін пайда болған

В) Хандық билікті үлкен ұлына мұрагерлікпен беру мақсатында туған

С) Қасым хан өз билігіне қарсы болған Хақназарды жазалау үшін шығарған

D) Заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған

Е) Қасым хан заңдарды бүкіл түркі тілдес халықтарды бағындыру үшін пайдаланбақшы болған



25. Плано Каринидің жазуынша қаңлылар сөйлеген тіл:

А) Соғды


В) Көне түркі

С) Найман

D) Қыпшақ

Е) Ұйғыр


26. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» басшылық жасаған жұмысшылардың ірі бас көтеруі өткен кеніш:

А) Успенск (Нілді)

В) Спасск

С) Риддер

D) Қарағанды

Е) Атбасар



27. Шернияз Жарылғасұлының Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңінде айтылады

А) Батырдың халқы үшін ерлігі

В) Сұлтанның халық мүдедсіне жасап отырған озбырлығы

С) Бөкей ордасындағы рулар мен тайпалардың тарихы

D) Абылай ханның қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі

Е) Қазақ- орыс достық қатынасы



28. Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы жазған материалдары үшін қудаланған белгілі қазақ ғалымы:

А) С.Асфендияров

В) Е.Бекмаханов

С) Қ. Сәтбаев

D) А. Жұбанов

Е) Е.Ысмайылов



29. Қазақстанда 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алған уақыт:

А) 1929-1931 жылдар

В) 1930-1933 жылдар

С) XIX ғасырдың ортасы

D) XX ғасырдың басы

Е) 1941-1945 жылдар



30. Қазақстанда «тоқырау жылдары» орын алған оқиға:

А)Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының жарық көруі

В) Қазақ КСР-і Ғылым академиясының құрылуы

С) Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру

D) Неміс автономиясына қарсы Целиноград оқиғалары

Е) Жердің жасанды серігінің ғарышқа ұшырылуы


Жауап кілттері



нұсқа



нұсқа

1

C

16

E

2

E

17

C

3

C

18

D

4

C

19

B

5

A

20

E

6

D

21

D

7

B

22

B

8

E

23

A

9

E

24

D

10

B

25

B

11

A

26

A

12

A

27

B

13

A

28

B

14

A

29

A

15

D

30

D


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет