«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Орта мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға
емтихан материалдары
Қазақ тілі (ана тілі)
-
Тест құрылымы
Тест деңгейлері күрделенген 30 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырмаға бірнеше жауап нұсқалары берілген, соның ішінен дұрысын таңдау қажет.
Тест сұрақтары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының экспериментальды оқу бағдарламасы базалық компонент жобасы негізінде жасалған және келесі бөлімдеріне сәйкес келеді:
1.Лексика
2.Фонетика
3. Үндестік заңы
4. Сөзжасам
5. Морфология
6. Синтаксис
7. Пунктуация
8. Сөйлеу мәдениеті
Тест құрылымы:
-
Л Бөлімі «Лексика» 3 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері сөздердің мағыналарын айыру, омоним, антоним синоним сөздерді, сөздердің тура және ауыспалы мағыналары
-
Ф Бөлімі «Фонетика» 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдары, емлесі буын түрлері, орфография, орфоэпия.,
-
У Бөлімі «Үндестік заңы» 1 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- дыбыс және буын үндестігі
-
С Бөлімі «Сөзжасам» 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- қос сөздер, біріккен сөздер, сөз тіркестері
-
М Бөлімі «Морфология» 10 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- сөз таптары, олардың жасалу жолдары, құрамын анықтау, сөйлемдерде қолдану.
-
СС Бөлімі «Синтаксис» 9 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері жасалу жолдары.
-
П Бөлімі «Пунктуация» 2 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- тыныс белгілерін қолдану.
-
СМ Бөлімі «Сөйлеу мәдениеті» 1 тапсырмадан тұрады, тексеретін элементтері- стиль түрлері.
2. Бағалаудың критериалдық жүйесі
Бағалау дихотомиякалық шкаласында өткізіледі.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады, ал қате жауапқа 0 балл қойылады.
Ең жоғарғы балл -30
89-100 % - «5» (30-26 балл)
72-88 % - «4» (25-22 балл)
55-71 % - «3» (21-17 балл)
54 % және төмен – «2» (16 балл және одан төмен)
3. Тапсырманы орындау уақыты.
Тапсырманы орындау уақыты 45 минут.
ТЕСТ
1. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
А) Терең сай
В) Жүйрік жылқы
С) Терең адам
Д) Терең құдық
Е) Терең су
2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
А) –атын,-етін.
В) –хана,-паз.
С) –қан,-ген.
Д)-дың.-дің.
Е) –шыл,-шіл.
3. Бірігу жолымен жасалған туынды сөзді табыңыз.
А) Қолбасшы
В) Орман
С) Жасыл желек
Д) Ата-ана
Е) Бастық
4. Негізгі түбірді табыңыз.
А) бастық
В) орман
С) әнұран
Д) елбасы
Е) кітапша
5 Шартты райдағы етістікті табыңыз
А) сөйледі
В) сөйлесті
С) сөйлеген
Д) сөйлесем
Е) сөйлестім
6. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.
А) аспанбыз
В) керегесіздер
С) шәкіртпіз
D) оқулықтармыз
Е) тіліміз
7. Тек тұрлаусыз мүшелерді атаңыз.
А. Пысықтауыш, баяндауыш
В. Бастауыш, баяндауыш
С. Анықтауыш, толықтауыш
Д. Толықтауыш, бастауыш
Е. Баяндауыш, анықтауыш
8. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А. Сабақтан кешігуге болмайды.
В. Баяу өскен қоңыржел.
С. Туған жерге туың тік.
Д. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
Е. Оның елі-дүйім қазақ.
9. Анықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
А. Көлдер ластанып жатыр.
В. Көлдің деңгейі төмендеген.
С. Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.
Д. Досым кітап сатып алды.
Е. Ол бізбен кездесті.
10. Антоним сөздерді табыңыз.
А) аласа, төмен
В) биік, заңғар
С) қуаныш, қайғы
Д) ел, отан
Е) студент, оқушы
11. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді табыңыз.
А) балалық
В) сағыныш
С) шығарма
Д) туысқан
Е) мемлекет
12. Тіркесу арқылы жасалған туынды сөзді көрсетіңіз.
А) Қызылорда
В) Көк шалғын
С) Ағайын-туған
D) Күш-қайрат
Е) Көркемдеуші
13. Есім сөздерден жасалған сын есімдерді көрсетіңіз.
А) Жылжымалы, ауыспалы.
В) Өткір, алғыр, тапқыр.
С) Айтқыш, айтыс, ақсақ.
Д) Ашық, білгіш, жазғыш.
Е) Таулы, жершіл, денелі.
14. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А. барыпты
В. кітапты
С. сымбатты
Д. қалды
Е. оқыған-ды
15. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.
А. Ойпырым ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.
В. Көрсетпе көз жасыңды.
С. Жүр, жарысайық.
Д. Балам жөніңді айтшы.
Е. Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.
16. Біріккен сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.
Таңертеңнен елдің мазасы кетіп отыр.
А. Бастауыш.
В. Баяндауыш.
С. Пысықтауыш.
Д. Толықтауыш.
Е. Анықтауыш
17. Орхон – Енисей – Талас кезеңіне жататын жырды көрсетіңіз
А) «Құдатғу білік»
В) «Күлтегін»
С) «Диуани хикмет»
D) «Мухаббатнама»
Е) «Кодекс куманикус»
18. Әдеби тіл неше формада өмір сүретінін табыңыз.
А) 5
В) 3
С) 1
Д) 4
Е) 2
19. Орфоэпиялық нормаға сәйкес сөзді табыңыз
А) Жұмысшы
В) Мұзжарғыш
С) Ширек қасыр
D) Жас ғұмыр
Е) Боз жорға
20. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
А. бүгінгі
В. көк шай
С. әдемі-ақ
Д. жөнімен
Е. құлақшын
21. Мақсат үстеулерін анықтаңыз.
А) Ылғи, ерен.
В) Бірте-бірте, әрең-әрең.
С) Артта, алға.
D) Әлгінде, бүрсігүні.
Е) Әдейіліп, қасақана.
22. Еліктеу сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Таң енді бозарып келеді екен.
В) Жүрегім зу ете қалды.
С) Бейбіт сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі еді.
D) Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсқа келдім.
Е) Бау-бақша, орман, жасыл саябақтар адамның тіршілігі үшін өте қажет.
23. Жанама толықтауышты табыңыз.
А. Естігенін айтты.
В. Тілді сүйемін.
С. Атасын шақырды.
Д. Жақсымен сөйлес.
Е. Мүмкіншілік бар
24. Сөйлем түрін анықтаңыз.
Баланы жаман үйретпеу керек.
А. Жалаң сөйлем.
В. Атаулы сөйлем.
С. Жақты сөйлем.
Д. Жақсыз сөйлем.
Е. Толымсыз сөйлем.
Е. Әркім-әуелі өз ауылының баласы.
25. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс қойылғанын белгіле.
А «Биік мансап- биік жартас»,-дейді Абай.
В. «Биік мансап, биік жартас»,-дейді Абай.
С. Биік мансап биік жартас,-дейді Абай.
Д. «Биік мансап- биік жартас»-дейді Абай.
Е. «Биік мансап- биік жартас»,дейді Абай.
26. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Оның ауданға барғысы келіп еді.
В) Сәуле інісін киіндірді.
С) Омарташы бал салынған ыдыстарды мәшинеге тиеді
D) Сіздер көрші ауылға барыңыздар.
Е) Марат жақсы үлгі көрсетеді.
27. Етістіктің ауыспалы өткен шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жолыққан еді
В) Жолықпақшы ғой деймін
С) Жолыққан емес
Д) Жолығатын
Е) Жолықты
28. Қиыса байланысқан тіркесті көрсетіңіз.
Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.
А) Сол қолына.
В) Шортанды көрсетті.
С) Мақтана көрсетті.
D) Отырғандарға көрсетті.
Е) Дәмеш кемпір көрсетті.
29. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтаққа қонып, шықылықтай беріпті.
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.
D) Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.
30. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
В) Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі.
С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.
D) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.
Е) Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң – артыңда қалған ізің.
Кілт
Сұрақ
|
Жауабы
|
1
|
с
|
2
|
в
|
3
|
а
|
4
|
в
|
5
|
д
|
6
|
с
|
7
|
с
|
8
|
а
|
9
|
в
|
10
|
с
|
11
|
а
|
12
|
в
|
13
|
е
|
14
|
в
|
15
|
а
|
16
|
с
|
17
|
в
|
18
|
е
|
19
|
с
|
20
|
а
|
21
|
е
|
22
|
в
|
23
|
д
|
24
|
д
|
25
|
а
|
26
|
д
|
27
|
д
|
28
|
е
|
29
|
с
|
30
|
е
|
Достарыңызбен бөлісу: |