«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері үшін Қорытынды Аттестациялауға арналған медициналық симуляцияның сценарийі (2 кезең – клиникалық дағдыларды бағалау) 2022-2023 оқу жылы.
Клиникалық жағдай: Қабылдау бөліміне 45 жастағы ер адам сол білектің жыртылған жарақатымен келіп түсті. Қарап тексеру барысында жарадан ағып жатқан қан қара түсті, үздіксіз ағыспен.
Тапсырма: науқасқа коммуникативтік дағдыларын көрсете отырып веналық қан кетуді тоқтатуды жүргізіңіз.
Жабдықтау: салфетка, резеңкелі жгут, қағаз, қарандаш, резеңкелі қолғап, таңу материалдары, халат.