Протагор (көне грекше: Πρωταγόρας, б. з. д. 490 ж. — б. з. д. 420 ж.)[1] - Ежелгі Грек философы.
Өз дәуірінің ең әйгілі ұстазы болған, ол кезде философиядан, стилистикадан, риторикадан, этикадан сабақ беріп жастарды тәрбиелеуші ұстаздарды софист деп атаған. "Софист", яғни қазақшасы "даналар" дегенді білдіреді. Әдетте, философия сөзі фило - ғашық болу, софия - даналық сөздерінен тұрады. Осындағы софия негізінде софистика сөзі жасалған. Протагор өте шешендігімен, релятивизмдік жүйелі көзғарастарымен талай шәкірт тәрбиелеп, үлкен құрметке бөленген. Платон Протагор мен Сократтың сұқбаты туралы «Протагор» диалогін жазған. ОЛ туралы Аристотель де жазып қалдырға.[2]
Сократ
|
философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.[1] Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. Сондай-ақ замандасы Аристофанның (б.з.д.448- б.з.д.220) комедиясында ("Бұлт") да Сократ күлкілі адам ретінде кездеседі. Платон өз диалогтарында Сократты негізгі сұхбаттасушы еткен. Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана — Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады."
Сократтың өмірі Перикл билік құрған Афина демократиясы дәуірімен тұспа-тұс келді. Бұл Грек өркениетінің барынша шарықтаған "алтын ғасыр" болатын.
|
Аристотель
|
Аристотель б.з.б. 384 жылы туған. Б.з.б. 322 жылы қайтыс болған. Аристотель - ежелгі грек философы, логиканың негізін қалаушы. Басқа да ғылымдардың негізін қалаған. Аристотель Платонның денесіз формалар туралы ілімін сынға алды. Бірақ Платонның идеализмін жеңе алмады. Сөйтіп, материализм мен идеализм арасында бір жағына шықпады. Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды.
Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы.
Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім.
Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім
|
Орта ғасырлық философия
|
Августин
|
Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға.әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан.өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.
|
Антикалық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |