Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі54 Kb.
#5939
Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен

есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы

Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес ауыл әкімдкрінің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп берулері белгіленген.

Осыған орайауыл әкімшілігі аппаратының 2012 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер!

Құндыкөл ауылдық округі 34648 гектар жер көлемін алып жатыр. Онда үш елді-мекен орналасқан. Ауылдық округ аумағында 1193 адам тұрады, оның ішінде 183 зейнеткер, 21 тыл ардагері, әр түрлі топтағы мүгедектер 49. Көп балалы аналар саны 107 болса, оның ішінде 31 алтын алқа, 23 күміс алқа иегері. Еңбекке жарамды адамдар саны 168 мемлекеттік бюджеттік мекемелерде тұрақты жұмыс істейді.

Округ аумағында орналасқан 2 орта білім беру мектебі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 1 мәдениет үйі мен ауылдық клуб, 3 кітапхана, 1 пошта және 1 байланыс торабы округ тұрғындарына қызмет етеді. Есептік және мезгілінде әкімшілік ғимараты өз құзреті шеңберінде бірнеше жұмыстар атқарды.

Әкімшілік аппараты қызметкерлерінің жұмысы барысында ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиясын жыл басындағы Қазақстан халқына жолдауын тұрғындарға жеткізіп түсіндіру және оның атқарылуы бақылауда болды. Жыл басында 15 қаңтарда ҚР парламенті мәжілісі мен облыстық, аудандық маслихаттардан кезектен тыс депутаттарын сайлау өткізілуіне байланысты сайлаушылар тізімін анықтау, сайлау учаскелерінің бірқалыпты жұмысын ұйымдастыру сияқты жұмыстар үнемі назарда болды. Жалпы сайлау ауыл тұрғындарының үлкен белсенділігімен ұйымдасқан түрде өтті. Халық дауыс беру барысында өз қалаулыларын таңдады.

Еліміздің болашағы жастарда болса, жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру және оларды салауаттылыққа тәрбиелеу әкімшілік қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Округте 14-29 аралығында 270 жас, олардың ішінде 213 оқушы, жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беретін мекемелердің студеттері 75. Жылда қаңтар айында мектеп бітіруші түлектер мен студенттер, ауыл жастарының арасында кездесу дәстүрге айналды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға, студенттік өмірмен танысып, ересектер өмірінде өз жолын таңдауға мүмкіндіктер береді.

Жастардың көктемгі және күзгі әскер қатарына шақырылу бекетіне уақытында бару және олардың медициналық тексеруден толығымен өтуіне жағдай жасалып, үнемі бақылауда ұсалынады. Биылғы жылы барлығы 50 әскер жасындағы жастар аудандық әскери коммисариатқа шақырылып, медициналық тексерістен өтті. 6 адам әскер қатарына алынып, Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуде. Сонымен бірге жастардың бос уақыттарында спортпен шұғылдануларына көмек көрсетіліп, жағдай жасалынып отырады. Жастардың спортпен айналысуына 2 спорт залы қызмет көрсетеді. Мұнда спорттың бірнеше түрінен секциялар жұмыс істейді.

Баянауыл спорт мектебінің қазақша күрес, бокс және волейболдан филиалдары жұмыс істейді. Онда Күлжан Б., Арыстанбеков Е., Акишев Б. сияқты тәжірибелі мамандар дәріс береді. Жалпы спорттың әр саласында 150-ден аса жастар спортпен шұғылданады. Көрсеткіштері де жаман емес. Ауыл спортшылары өткен жылы академик Шапық Шокиннің 100 жылдығына арналған ХҮ аудандық спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды. Оның ішінде қол күресі, дойбы, қазақша күрес түрлерінен аудан чемпионы. Шағын футбол, стритбол, үстел теннисі, кір көтеруден және президенттік көпсайыс спорт түрлерінен жүлделерге ие болды. Ауыл спортшысы Мәжит Д. қазақша күрестен өткен аудандық «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы атанып «Алтын белбеу» иесі атанса, Егіндібұлақтық Сламбеков Мұрат екінші орын алды.

Әкімшілік қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысында округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары тоқсан сайын зеріттеліп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылары анықталып отырады. Жыл басында округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында 26 адам жұмыссыздар қатарында болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 8 адамға азайып, 18 адамды құрайды. Округ бойынша 4 отбасы АӘК, 20 отбасы мемлекеттік балалар жәрдемақысын алып, жыл басына 12 адам қоғамдық, 26 адам маусымдық жұмыспен қамтылды. Қыркүйек айында «Балапан» бағдарламасы бойынша Егіндібұлақ ауылында ашылған шағын орталыққа жұмыссыздар қатарынан 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Өткен жылы 2 әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қаржылай әлеуметтік көмек көрсетуге сұраныс жасалып, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 64,0 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Округ бойынша денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедек 49 адам тіркелген. Оның ішінде 30-ы І және ІІ топтағы мүгедектер, ал 5-і кәмелетке толмаған балалар. І-ІІ топтағы мүгедектерге аудандық әлеуметтік бөлімі тарапынан коммуналдық шығындарды төлеуге әрқайсына ---- мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді. 5 жалғыз басты зейнеткерге газет, журналдар жазып алуына жағдай жасалынды. 1 зейнеткер жаз айында тегін жолдамамен Астана қалалына саяхатқа барып келді.

Шағын және орта бизнесті қолдау және қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында бір жеке тұлғаға 900 мың теңге көлемінде несие алуға құжаттары дайындалып, сұраныс жасалды. Бұл несиеге 2 бас ірі қара, 2 бас жылқы, 10 бас қой сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламсы бойынша 2 шаруа қожалығы 7 жыл мерзімге 6% өсіммен әрқайсысы 8,5 мың теңгеден несие алып, ол қаражатқа 2 бас асыл тұқымды бұқа, 84 бас аналық сиыр мен қашар сатып алынды.

Жылдан жылға ауыл шаруашылығы малдарының саны өз төлі есебінен көбеюде. Мал шаруашылығын дамытуға үкімет тарапынан да қолдау мен көмектер көрсетілуде. Мысалға алсақ өткен жылы аналық ірі қара мал басын сақтап ұстағаны үшін «Айша» ШҚ 2 млн теңгеден аса субсидия төленсе, «Табыс» ШҚ 430,0 мың көлемінде субсидия алды. Жаз айларында мал азығын дайындауға 10 шаруа қожалығына арзандатылған бағамен жанар-жағар май босатылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылды. 2011 жылы кәсіптік оқуға арнайы жолдамамен жіберілген Риза Солтан оқуын бітіріп мамандығы бойынша «Багатырь» көмір кенішінде эксковатор машинисінің көмекшісі болып жұмысқа орналасты. Ағайынды Аруп Қайыржан мен Біржан құрылысшы мамандығы бойынша оқуларын жалғастыруда. Кәсіптік қайта даярлау курсында оқыған Сұңқарбекова М. ауыл әкімшілігі аппаратында іс қағаздар жүргізуші болып жұмысқа орналасты. 2012 жылы Жұмагелдин Ақыл тас қалаушы мамандығын игерсе, биыл мектеп бітірген Қайырберген Н. Павлодар қаласында техник-электрик мамандығы бойынша оқуға жіберілді. Осы бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Біржанкөл ауылының 2 отбасына Майқайың кентінен пәтер беріліп, жұмыспен қамтылды. Осы бағдарлама шеңберінде Ивашев Қуаныш жеңілдетілген пайызбен 5 мерзімге 3,0 млн теңге несие, жеке кәсіпкер Рамазанов Қайыр 2,0 млн теңге несие алды. Жалпы осы бағдарлама бойынша жұмыстар әрі қарай жалғаса бермек.

Жас ұрпаққа білім беру мақсатында 2 мектепте 63 мұғалім қызмет атқарады. 2 мектептегі оқушылардың саны 213. Мектеп алды даярлық тобында 28 бала оқиды. Биылғы жылы ҰБТ нәтижесі бойынша Ә. Марғұлан мектебінің түлектері 66, Егіндібұлақ орта мектебінің түлектері 78,2 балға ие болды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда біршама төмен.

Жалпы мектеп бітірген 15 түлектің 7-і жоғары оқу орнына, 5-і әр қалада арнайы орта білім беру орындарына түсіп, қалаған мамандықтары бойынша білім алуда. Сағындық Дәрия аудан әкімінің грантымен оқуға түсіп, психология мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетінде оқып жатыр.

«Ауылға дипломмен» бағдарламасы аясында мұғалімдер ұжымы 1 жас маманға толықты. Жазғы демалыс кезінде маусым айынан бастап оқушыларға 2 маусымды демалыс ұйымдастырылды. Мектеп алаңында жазғы демалыстарын өткізген 146 баланың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқу жылында Марғұлан мектебінде оқитын балалардың 73% Егіндібұлақ мектебінде 100% ыстық тамақпен қамтылды.

Округ аумағында мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру мақсатында «Балапан» және биыл ашылған «Балбұлақ» шағын орталықтары жұмыс істейді. Бұл шағын орталықтарда барлығы 54 бүлдіршін тәрбиеленуде. Шағын орталықтарда жас бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылында 2 мектепте де ағымды жөндеу жұмыстары уақытында жүргізілді. Марғұлан мектебінің жылу қазандығы ауыстырылып, бюджеттен бөлінген 4,600 млн қаражат толығымен игерілді. Одан басқа 732 мың теңгеге шағын орталыққа үстел, орындықтар, спорттық құралдар, мектеп асханасына тамақ пісіретін пеш, кабинет жабдықтары сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай істер атқарылды. Округ аумағында халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында 1 амбулатория, 1 медициналық пункт жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету жыл басында белгіленген жоспар бойынша жүргізіліп, жұқпалы ауруларды алдын алу шаралары уақытында жүргізіліп тұрады. Прафилактикалық тексеруден 0-18-ге дейін 362 бала өткізілді, жаңадан ауру анықталғаны 48. Жүректің ишемиялық ауруы, қан қасымы және қант диабеті аурулары бойынша профилактиқалық тексеруге жоспарланған 139, тексерілгені 139, 3 адамнан артериялық гипертония ауруы анықталы.

Мамыр және қазан айларында Екібастұз қаласынан дәрігерлер жылжымалы медициналық қызмет көрсетті. Барлығы 180 адам мамандардың тексеруінен өтті. Тегін дәрі-дәрмектермен жүрек ауруы, артериялық гипертония, қан диабеті, бронхиальдық астма, ревматоидтық артрит және нерв-жүйке ауруларымен диспансерлік есепте тұратын адамдар түгелдей дерлік қамтамасыз етілді. Туберкулезбен жаңадан есепке алынғандар 1 адам, есепте тұрғандары 2 адам, контактағы ересектер 4, балалар 5. Флюрографиялық тексерудің 2012 ж. жоспары 570 жалпы флюрографиялық тексеруден өткен адамдар саны 676.

Округ бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұлттық мейрамдар бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша өткізіліп тұрады. Апталықтарды өткізуге мекемелердің, ауыл тұрғындардың ат салысып қатысуы үнемі назарда болады.

16 наурыз күні аудандық С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында ауылдық округтердің мәдениет үйлер мен клубтары арасында «Туған өлкем- Баянауыл» атты тақырыпта өткен байқауға Құндыкөл ауылдық мәдениет үйінің атынан ауыл өнерпаздары тақырыпқа сай дайындықпен қатысып өнерлерін көрсетті. Мамыр айының 28-де өткен қорытынды гала-концертте Баянауыл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы Қ.Қ. Сарбасовтың атынан Құндыкөл ауылының өнерпаздары «Туған өлкем- Баянауыл» тақырыбына арналған байқауда ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттап, жас ұрпақтарымыздың туған жерге деген сүіспеншілігін арттырудағы еңбектері үшін алғыс хатпен және аудандық мәдениет бөлімінің атынан домбырамен марапатталды.

22 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Наурыз тойы Құндыкөл ауылдық мәдениет үйінде әр мекемелер ұжымдарының дайындаған ұлттық тағамдарынан және «Наурыз көжеден» көрме жасалынып, жиналған халыққа әр түрлі тағамдардан дәм татыртты. Ауыл халқы толығымен жиналып мерекеге арналған концерттік бағдарламаны тамашалады. Бағдарламада ұлттық салт-дәстүрімізден «Атастыру», «Қыз ұзату» және Қожанасыр мен Алдар көсенің әңгімелерінен үзінді көріністер қойылып, қазақтың ұлттық спорт түрлері қол күрестен және кір көтеруден, алаңда арқан тартыстан, жас балалар арасында аударыспақтан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға әр мекеменің атынан сыйлықтар табысталды.

16 мамыр күні Егіндібұлақ ауылында Құндыкөл ауылдық округі әкімшілігі және Құндыкөл ауылдық мәдениет үйінің атсалысуымен Егіндібұлақ ауылдық клубының ұйымдастыруымен аймақтық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Сайысқа жеті ауылдан он бір үміткер қатысып, үш үміткер орын алып, қосымша екі қатысушы аудандық байқауға жолдама алды. Оның ішінде бір жолдамаға Құндыкөлден Абикеев Ерболат иеленіп, Егіндібұлақ ауылынан екі үміткер бірінші және үшінші орындарға ие болды.

13 маусым күні аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Байқауға Құндыкөл округінен үш жігіт қатысып, Егіндібұлақтан Еңсебаев Ерғанант І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Құндыкөлден қатысқан жас қатысушы Күлкеш Жансолтан алғыс хатпен мрапатталды. Сонымен бірге Еңсебаев Ерғанат облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы атанып бағалы силықпен марапатталды.

3 шілдеде Астана күніне орай Жаңатілек ауылында өткізілген ән байқауына Құндыкөл ауылынан Бағадат Баттал және Қазмағалибетова Мәлике қатысып, қос дауыста «Астана» әнін орындап, байқау қорытындысы бойынша І орынға ие болды.

27 қараша күні аудандық С.Торайғыров атындағы мәдениет үінің ұйымдастырылуымен Жаңатілек ауыдық мәдениет үйінде өткізілген «Ең үздік көркемдік жетекші – 2012» атты байқауға Құндыкөлауыдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қабдуәлиев Нұрлан Зәркешұлы қатысып ІІІ орынды иеленді.

Есепті жыл барысында ауылдық округ әкімі аппаратына әр түрлі мәселелермен 238 жазбаша сауалдар түсіп тіркелді. Жазбаша өтініштердің 232-і қанағаттандырылды. 6-ы жазбаша түрде өтініш иесіне түсініктеме берілді, 20 ауызша өтініш жергілікті жерде қаралып оң шешімін тапты, жазбаша өтініштердің 5-і жер терімдерін беру, ауыл шаруашылық мәселесі жөнінде 213, 14-і әртүрлі мәселе бойынша.

Әкімшілік аппараты мамандарының күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығының түсімдері үнемі бақылауда ұсталынды.

Биылғы жылы Егіндібұлақ ауылында тұратын 10 отбасына 50% арзандатылған бағамен Қазақстандық спутниктік «Отау» телеантенналары орнатылып, тұрғындардың теледидар арқылы елімізде болып жатқан саяси және экономикалық жаңалықтар туралы ақпараттар алуларына жағдай жасалды.



Құндыкөл ауылдық

округінің әкімі С. Байділдин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет