бай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы: "Менің құндылықтарым"
(эссе)
Орындаған:Шынжырбай Диана
Тексерген:Дауткалиева Перизат
Құндылық дегеніміз - байлық. Өмірімізде баға жетпес құндылықтар жетерлік: денсаулық, уақыт, адам бойындағы адамгершілік қасиеттер т.б. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы денсаулық пен уақыт деп білемін, себебі денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық.
Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз
асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар? Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Ал уақыт болса, зырғып өтіп, қайта оралмайды, сондықтан да оны тиімді пайдаланып, үнемдей білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Менің ойымша уақытты бағындыру дегеніміз - оны тиімді пайдалану, себебі уақыт қайтып келмейді. Ал менің ортамның құндылықтар әлеміне келер болсақ, мен үшін адам бойындағы адамгершілік қасиеттер өте маңызды және менің қасымдағы достарымның да менімен көзқарасы бірдей деп ойлаймын, себебі дос адамдар көп нәрсеге бірдей қарап, арман - тілектері де бірдей болады. Ұлттық тәлім - тәрбиемізде, салт - дәстүрімізде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, ізгілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге аса көңіл береді. Әрбір отбасында ата - әжелеріміз, ата - анамыз бен аға - апаларымыз үлгілі тәрбие беріп, өнеге көрсетіп отырады.Мен үшін адамгершіліктің маңызды болуы, менің ойымша, адамгершілік - рухани тәрбиенің бастауы. Ұлттық дүниетанымымызда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б. Мен және менің ортамдағы адамдар үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдепті әрі ибалы болуға тырысамыз. Ата - анамызды жерге қаратпай, керісінше бізбен мақтана алатындай болса деп қалаймыз.
Ата бабамыздан біздердің ұғымымызда «адал кәсіп», «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді. Ұрпақты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, иманды болуға адамгершілікке баулу. Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек. Азаматқа қойылатын басты талап-адамгершілік пен адалдық. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және азаматтың ең биік мұратына жетелейді. Бұл ізгі адамгершілік қасиеттері адамды мейірімділікке, Отанын, жерін, жанұясын құрметтеуге бағалауға сүюге үйретеді. Адам баласының бойында адамгершілік пен адалдық қасиеттер болмаған жағдайда, адам өз-өзінің құнын білмейді, сыйламайды. Адам бойында жағымды иманды қасиеттер көп болса, ол адамның жолы ашық болмақ, оған бақ та, дәулет те қонады деп жатамыз, жастарды жақсы қасиеттерге үйрету жағымсыз қасиеттерден арылту қажет. Қорыта келе, кез келген адам өзіне қымбатты болып танылатын, өзі үшін өте құнды деп есептелетін нәрсесін қаншалықты бағаласа, құрмет тұтса, барынша жақсы көріп сүйіспеншілік танытса ғана бұны нағыз намыс екенін түсінеміз.