Бұзылған сөйлеу функцияларын қалыптастыру динамикасы зақымның ошағының орнына
және көлеміне, афазия түріне, қайта қалыптастыру жұмысының басталу мерзіміне байланысты
болады. Миға қан құйылу салдарынан пайда болған афазияда ми тамырларының тромбоэмболиясы
немесе мидың аумақты жарақаттарына қарағанда, сөйлеуі жеңілірек қалыптастырылады. 5-6
жасар
балаларда афазиялық бұзылыстар мектеп жасындағы балаларда немесе ересектерде тезірек
түзетіледі.
Афазия кезінде жеке және топтық логопедиялық сабақтар жүргізіледі. Жұмыстың жеке түрі
негізгі болып саналады, өйткені науқаспен тығыз қатынас орнатуға, психотерапиялық ықпал етуге,
барынша сөйлеу тілі ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Инсульттан
кейін ерте кезеңде әр
сабақ орташа 10-15 минуттан, күніне 2 рет, кейін – 30-40 минуттан, аптасына 3 реттен кем емес
өткізіледі. Топтық сабақтар (3-5 адамнан) сөйлеу бұзылыстары және қалыптасу сатысы бір түрлі
науқастармен 45-50 минут жүргізіледі. Логопед науқастың туыстарына, оның тұлға ерекшеліктерін
түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы науқастың отбасы өміріне міндетті түрде шамасына лайық
араласу керек екенін жеткізеді. Сөйлеу тілін қалпына келтіру бойынша нұсқаулар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: