билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек



бет1/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Жауап хирург



1-БИЛЕТ
1) Бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек.


Бассуйек қаңқасы- ми сауыты мен бет бөлімінен тұрады.
Ми сауыты бөлігі - бір бірімен берік байланысқан маңдай, төбе, самай, шүйде сүйектерден құралған.
Бет бөліміне- үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері , мұрын , бет, таңдай, көз-жас сүйектері, тіл асты сүйектері жатады.
Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан.
Жаңа туған нәрестелерде маңдай сүйегімен төбе сүйегі ортасында еңбегі болады.
Еңбек алдымен жарғақты , сосн шеміршекті , сосн сүйекке айналады.
Бас қаңқасының қабаттары:
- бас терісі
- ми сауыты
- қатты қабат
- торлы қабат
- жұмсақ қабат


Қызметі: көру, иіс сезу органдарымен жоғарғы тыныс жолдарын қоршап жататын қорғаныштық қызмет.
Тіректік қызмет


Бас ми жарақаты – бастың зақымдалуы кезінде дамитын симптомокомплекс.


Бас жарақаттары:
- Ашық (бас терісінің бүтіндігінің бұзылуымен жүретін жарақаттар.)
- Жабық ( бас терісінің бүтіндігі бұзылмаған бас-сүйек жарақаттары.)
Қауіп-қатерлі факторлар: 
•Жол апатынан болатын политравма, •Алкогольдық немесе наркотикалық мас болу.
•Төбелестер
•Биктиктен кұлау
•Табиғи апаттар т.б.

Классификациясы:
Мидың шайқалуы
Мидың соғылуы
Мидың қысылуы

Клиникасы негізгі үш синдромы: жалпымилық, вегетативты және неврологмялық.
Жалпымилық есінің жоғалтуымен(қысқа уақытқа бірнеше секундқа ес жоғалту),басының ауырсынуымен,бас айналуымен,құсумен көрінеді.
Неврологиялық синдром жалпы әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, ұйқы және тәбеттің бұзылысы, ашуланщақтық,кейде эйфория,өз жағдайына баға бере алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет