Не үшін тіл әдебиетін таңдадым?



Дата24.01.2024
өлшемі20.91 Kb.
#489804
Ақбота эссе

Ақбота эссе

Көпшіліктің пікірінше, әр адамның таңдаған мамандығы - болашағының бір бөлігі. Төрт жылы бойы алған білімің, еңбегің, кеткен күшің мен уақытың алдағы өміріңе толықтай әсер етеді.



  • Әр адам мамандық таңдарда өте ұзақ ойлануы керек. Бір бөлмеге кіріп, өзімен тілдесіп, жүрегімен ақылдасқан дұрыс. Айналадан келетін пікірлерге қарамастан, өзінің шешімін дұрыс санау керек. Өйткені мамандық - біздің алдағы болашағымыздың бөлігі. Мақсатымыз бен арманымыз тікелей мамандыққа байланысты деп ойлаймын.

  • Өкінішке орай, қазір көп жастар өзінің емес, ата-анасының қалаған мамандығын таңдап, грант көп деп өзі қаламайтын мамандыққа оқуға түсіп жатады. Кейін сабаққа қызығушылығы да, ынтасы да болмай өкінеді. Оған дәлел, менің жақын туысым. Ол білдей Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде білім алды. Өзі қаламайтын, жұмыс жоқ бірақ грант көп мамандықта оқып, ал қазір өзінің мамандығы бойынша емес, мүлде басқа салада қызмет етіп жатыр.

  • Менің ойымша, ата-ананың немесе айналадағы адамдардың пікірін емес, өз жүрегіңнің пікірін тыңдау керек. Сонда ғана болашақта жақсы маман иесі бола аламыз.

  • Ал мен мамандық таңдарда өте ұзақ ойландым. Өзіме "Мен не қалаймын", "Қай мамандық жаныма жақын", "Таңдаған мамандығыммен айналамдағы адамдарға пайдам тие ме?" деген сияқты бірнеше сұрақтарды қойдым. Ата-анаммен де ақылдастым, олардың да ойларын білгім келді. Сөйтіп көп ойланып, жүрегім қалайтын мамандықты таңдадым. Таңдауым қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне түсті. Көбісі маған "Неге тіл әдебиетін таңдадың", "Тіл әдебиетінде жұмыс жоқ" , " Оданда ағылшын, орыс тілін таңдамайсың ба?" деп айтты.

  • Не үшін тіл әдебиетін таңдадым?

  • Біріншіден, мен әлемдегі ең бай тіл - қазақ тілін шексіз жақсы көремін. Өз тілімді құрметтеймін және сыйлаймын.

  • Екіншіден, бұл мамандық арқылы өзіме де, өзгеге де пайдамды тигізе аламын. Балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, қазақ тілін құрметтеп, жақсы көруге тәрбиелей аламын.

  • Үшіншіден, қазір қазақ тілі мұғалімдеріне сұраныс көп. Қалаған орыннан айлығы көп жұмыс таба аламын.

  • Төртіншіден, қазір қазақ тілі күннен-күнге дамып жатыр. Оған дәлел, әлеуметтік желідегі қазақ тіліндегі контенттер. Шетел азаматтарының қазақ тіліне деген ойлары барлық адамдардың тілімізге деген қызығушылығын оятуда.

  • Қорытындылай келе, өмірде екі нәрседен қателесуге болмайды. Бірі - жар, бірі - мамандық. Ал мен таңдаған мамандық - сұранысқа ие. Мамандығым арқылы өзіме ғана емес, айналамдағы жандарға да пайдамды тигізе аламын. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Сондықтан ,мамандықты дұрыс таңдай білейік және қазақ тілін құрметтейік.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет