Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



Дата02.01.2022
өлшемі28.98 Kb.
#454111
1 ДӘРІС (1)


1 ДӘРІС.

Негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері.

Ғылым – табиғат, қоғам және таным туралы жаңа білім алудағы зерттеу нысаны. Зерттелетін материалдық нысанға байланысты ғылымды жаратылыстану, техникалық және қоғамдық деп бөледі. Дегенмен бір объекті əртүрлі ғылымның зерттеу құралы болуы мүмкін, мысалы, тірі организм биологияның, химияның, физика мен кибернетиканың зерттеу құралы бола алады.

Ғылымды əртүрлі өлшемде қарастыруға болады:

1) қоғамдық ой сананың арнаулы формасы ретінде, оның негізін білім жүйесі құрайды;

2) объективті əлемнің заңдылығын тану процесі ретінде;

3) еңбекті қоғамдық бөлудің белгілі түрі ретінде;

4) қоғамдық дамудың негізі факторы жəне білім мен оны қолдану өндірісінің процесі ретінде.

Барлық білімді ғылым деп қарастыруға болмайды. Қарапайым бақылауға негізделген білімді ғылыми деп санауға болмайды. Бұл білім адам өмірінде маңызды рол атқаруы мүмкін, бірақ ол құбылыс мəнін ашпайды, яғни бұлқұбылыс неге олай өтеді неге басқаша өтпейді, одан ары қалай дамиды дегендей олардың өзара байланысын ашып көрсете алмайды.

Ғылыми білімнің дұрыстығы тек логикамен ғана емес, ең алдымен оның практикадағы міндетті тексерілуімен анықталады. Ғылым нақтылықтың заңды байланысын шешеді жəне оны абстрактылы түсінігі мен кескінінде көрсетеді, ол осы нақтылыққа қатаң сай келеді. Ғылым барлық табиғи құбылыстардың, қоғм мен ойлаудың маңызды жағын тікелей көрсету үшін құрылған.

Ғылымның мақсаты – табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын тану жəне қоғамға пайдалы нəтижелер алу үшін білімді қолдану негізінде əсер ету. Қазірше сəйкесті заңдылықтар ашылмағандықтан адам тек құбылысты суреттеуге, жинауға, фактілерді жүйелей алады, бірақ ол түсіндірмейді жəне алдын ала болжай алмайды.

Ғылым дамуы факторлар жинаудан келе жатыр, оларды оқу мен жүйелеу, жинастыру мен белгілі фактілерді түсіндіріп, жаңасын болжап, логикалық қалыптасқан ғылыми білімдер жүйесінің жекелеген заңдылықтарын ашу. Таным жолы тірі дамудан абстрактілі ойлауға жəне соңғысының практикаға өтуімен анықталады.

Таным процесіне фактілер жиналуы кіреді. Фактілерді жүйелемей, жинамай, логикалық ойластырмай ешқандай да ғылым бола алмайды. Фактілер жүйеленген, жиналған түрінде ғылыми білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Фактілерді қарапайым абстракция көмегімен жинап, жүйелеу ғылымның маңызды құрылымдық элементі болып табылады. маңызды кең таралған түсінік категория деп аталады. Бұл жалпы абстракция. Категорияға құбылыс мазмұны мен формасы туралы философиялық түсінік, теориялық экономияға – тауар құны мен т.б. жатады. Білімнің маңызды формасы – принциптер (постулаттар), аксиомалар.

Принцип дегеніміз қандай да бір ғылым саласының бастапқы жағдайы деп түсінеміз. Олар білімді жүйелеудің бастапқы формасы болып (евклидті геометрия аксиомасы, постулат Бора в квантты механикадағы Бор постулаты).

Ғылыми білім жүйесіндегі маңызды құрамдас тізбек онда біршама маңызды, тұрақты, қоғам мен ойлау, табиғаттағы ішкі байланыстарды объективті қайталанатын ғылыми заңдылықтар болып табылады. Көбінесе заңдар түсініктер, категориялардың белгілі қатынасының формасында көрінеді.

Білімді жинау мен жүйелеудің маңызды жоғары формасы теория болып табылады. теория дегеніміз тəжірибені жинақтау, онда ғылыми принциптер мен əдістерді қалыптастыру, онда маңызды процестер мен құбылыстарды тану, оларға əртүрлі факторлардың əсерін талдау мен адамдардың практикалық əрекетінде қолдану бойынша ұсыныстар ұсыну.

Ғылыми білім негізі. Білім – объективті əлемді заңды байланыстыру туралы жинақталған көзқарастардың тілдік формасының шынайы көрінуі. Білімнің функциялары практикалық əрекеттің тұрақты негізі ретінде берілуі мүмкін барлық ұсыныстардың жинақталып сақталуы мен ойлар мен қоғамның заңдылығы туралы жинақталған түсінік болып табылады.

Адам ойы қозғалысының процесін таным деп атайды. Таным негізіне практика деп аталатын адам санасындағы қоғамдық, өндірістік жəне ғылыми əрекетінің процесіндегі объективті көрінісі болып табылады. Танымға екі деңгей кіреді: сезімталды жəне рационалды. Сезімдік таным эмпирикалық білімді қалыптастырады ал рационалды – теориялық. Рационалды таным формасы абстрактілі ойлау болып табылады.

Ойлау – бұл объектілер мен құбылыстардың өзара байланыстардың заңдылығы мен себепті қатынастардың адам миындағы маңызды қасеттердің жинақталған көрінісі. Ойлаудың негізгі құралы – адамның логикалық талдауы, оның құрылымдық элементі түсіну, талдау, ақылмен ойлау болып табылады. Ғылыми зерттеу процесінде мына сатыларды белгілеу керек: идея туындау, түсінікті қалыптастыру; гипотеза ұсыну, гипотеза мен талдаудың дұрыстығын дəлелдеу, ғылыми факторларды жинақтау.

Ғылыми идея – аралық аргументациясыз құбылысты интуитивті түсіндіру, соның негізінде қорытынды жасауға байланыстар жинағын түсінбеу. Ол қазіргі бар білімге базаланады да ертеде белгісіз заңдылықтарды ашады.

Гипотеза – осы əрекет туындататын себеп туралы болжам. Егер гипотеза бақыланған фактілермен келісетін болса онда ғылымда оны теория немесе заң деп аталады. Талдап, нақтылықпен сəйкестену нəтижесіндегі байқалған фактілер теория бола алады.

Теория (лат.тілінен theoreo - қарастырамын) – сол немесе басқа əрекет жағын түсіндіретін жинақталған білім жүйесі. Ол шынайы əрекеттің туындысы мен ойдың көрінісі болып табылады. ол практика мен танымдық əрекеттің жиналуы нəтижесінде туындайды. Бұл адам санасындағы жинақтаған тəжірибе.

Заң – қажетті заңды дамуға негізделген құбылыстардың маңызды ішкі байланысы. Ол материалды объектілердің қасиеттері немесе құбылыстары арасындағы белгілі тұрақты байланыстарды көрсетеді. Білімсізден білімдіге жетелейтін ойлар қозғалысын басқаратын ғылымды методология ғылымы деп атайды.

М е т о д нысанға жету тәсілі. Жалпы ғылым, барлық ғылымда қолданылады және барлық зерттеу этаптарында қолданылады. - жалпылама (барлық ғылым үшін) - жекеменшік (бір ғылым үшін) - арнайы немесе спецификалық (белгілі ғылым үшін) Жалпы ғылыми әдістерге: қадағалау, салыстыру, есеп, өлшеу, тәжірибе, жалпылау, абстрактеу, формалау (пішіндеу), анализ, синтез, индукция және дедукция, аналогтеу, модельдеу, идеалдау, ранжирлеу, аксиомалық, гипотетикалық, тарихи және системалық әдістер жатады. Соңында методология — бұл қойылған ғылыми-зерттеу мақсатын шешу жоспары мен кескіні.

Методология, яғни əр ғылыми зерттеуді талдағанда қабылданған əр ғылыми зерттеу талдануының негізі болып табылатын белгілі реттіліктің жəне əдіс, тəсіл, құралдардың жинағы болып табылады. Ғылым дамуы мен жүзеге асыру формасы ғылыми зерттеу болып табылады, яғни құбылыстар мен процестерді ғылыми əдістер көмегімен зерттеу, оларға əртүрлі факторлар əсерін талдау, сонымен қатар құбылыстар арасындағы өзара байланысты нақты дəлелденген ғылым мен практика үшін тиімді шешімдер алу мақсатында зерттеу.

Ғылыми зерттеу мақсаты – нақты объектіні анықтау, оның құрылымын, сипатын, ғылымда талданған принциптер мен танымдық əдістердің негізіндегі байланыстар, сонымен қатар адам əрекеті үшін пайдалы нəтижелерді жан жақты, анық зерттеп, оны одан ары өндіріске енгізу.

Ғылыми зерттеу үздіксіз дамып, теория мен практиканың түйінінде базалануы керек. Эмпирикалық жəне теориялық болып табылатын танымдық есептер проблемасын ғылыми шешкенде туындайтын ғылыми зерттеудің маңызы зор. Эмпирикалық есептер құбылыстар мен процестерді қарастырғанда əртүрлі факторларды нақты оқу мен суреттеуге негізделген.

Ғылыми зерттеуде олар əртүрлі танымдық əдістер көмегімен жүзеге асады яғни бақылау мен эксперименттер арқылы. Мақсатты белгіленуі бойынша ғылыми зерттеу теориялық жəне қолданбалы болады. Теориялық зерттеу жаңа принциптер құруға бағытталған. Бұл негігінен фундаменталды зерттеулер. Олардың мақсаты – қоғам білімін кеңейту əрі табиғат заңдылықтарын біршама терең түсінуге көмектесу. Мұндай талдаулар негігінен одан ары жаңа теориялық зерттеулер дамуына қоладанды, ол ұзақмерзімді, бюджетті т.б. болуы мүмкін.

Қолданбалы зерттеулер жаңа əдістер құруға бағытталған, соның негізінде жаңа құралдар, жаңа машиналар мен материалдар, өндіріс құралы мен жұмысты ұйымдастыру тəсілі жатады. Олар өндірістің нақты бір саласы дамуына қоғам қажеттілігін қанағаттандыруы керек. Қолданбалы талдаулар ұзақ жəне қысқамерзімді, бюджетті немесе шаруашылықты болады.


Негізгі әдебиеттер: 1 [6-9, 44-78], 3 [12-14]

Қосымша әдебиеттер: 8 [18-22]

Бақылау сұрақтары:

1. Адам өміріне ғылымның ролі. Жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдар бір-бірімен қалай байланысты?

2. Білім функцияларына не жатады ?

3. Ғылыми зерттеулердің негізгі этаптары.

4. Ғылыми таным әдістерінің деңгейлері.

5. Кез келген шығармашылықтың соңғы нәтижесі не болып табылады?



6. Шығармашылық мотивтері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет