|
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің
0111000-«Негізгі орта білім беру»
0111093-«Информатика мұғалімі» мамандығының 41 «И» топ білім алушысы Абдурахимова Жулдыз Сеидрахимовнаның «Байқау практикасы» бойынша
|
Есебі
Мен Абдурахимова Жулдыз Сеидрахимовна №177 ЖББ мектепте 20.11.2023 – 09.12.2023жж. аралығында «Байқау практикасынан» өттім. Практика барысында 7, 8, сыныптарға «Информатика» пәнінен сабақ бердім. Және 7 «Ә» сыныбына сынып жетекші ретінде практикадан өттім. Практиканың алғашқы күні мектеппен және информатика пәні мұғалімдерімен таныстық. Топтарға бөлініп, жетекшілерімізбен бірге сабақ беретін сыныптарды бөліп алдық. Бірден тақырыптарды алып дайындықты бастадық. Екінші күні 7 «Ә» сыныбына сабақ бердім. 7-сынып «Электронды кестелер элементтерін пішімдеу» тақырыбын өтті. Excel программасымен және оның мүмкіндіктерімен танысты. Бағдарламада кесте құрып, құйып бояу, шекара салу, қаріптерді ауыстыру, мәтінді түрлендіру, т.б. жұмыстар жасады. Түрлі практикалық тапсырмалар орындап, білімдерін тереңдетіп, шыңдады. Аптаның сейсенбі күні 7 «Ә» сыныбына сынып жетекші ретінде сынып сағатын өттім. Тәрбие сағатының тақырыбы «Оян ар мен адалдық» болды. Оқушыларға ар мен адалдық сезімдерін ұғындыру, оларды адалдыққа, шыншылдыққатәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Сонымен қатар, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Екінші аптада басқа практиканттардың сабақтарына қатысып, талдау жасадым. Сынып жетекші ретінде практика жетекшім Тәліп Бижан Тәліпқызымен бірге күнде сыныпты күтіп алу, түгендеу жұмыстарын жүргізіп көмектестім. Сабақтан қалған оқушылардың анықтамалары мен түсініктемелерін жинақтап, өткіздім. 7 «Ә» сыныбына келесі тәрбие сағатының тақырыбы «Ғаламтор мен галамшар» болды. Тәрбие сағатында ғаламторга байланысты оқушыларда толық ойын қалыптастырып, пайдасы мен зиянын түсіндірдім. Оқушыларға тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу ,өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білу керектігін үйреттім. Апта бойы өз тобымның студенттерімен бірге 9,10 сыныптарының сабақтарына қатысып, тәжірибе алмастым. Жаңа қызықты сайттар мен түрлі әдіс – тәсілдерді үйрендім. Және оларды кейінгі өз сабақтарымда қолдандым.
Практиканың үшінші аптасында практикамыздың қорытындысы ретінде 7 «А, «Ә, Б, Е» сыныптар арасында жоғары деңгейдегі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырдық. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең «Құпия алаң» сайысы. Топтар тақтада берілген сандарды таңдап жауап береді. Келесі кезең сайысы «Дешифратор». Топтар берілген сұраққа тез «иа» немесе «жоқ» деп жауап береді. Үшінші кезенде «Адасқан әріптер» ойыны. Бұл кезенде информатикаға қатысыты сөздер берілген, cол адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Келесі кезеңдер «Полиглот» және «Топ басшылар сайысы» деп аталады. Нәтижесінде 7 «Е» сыныбы бас жүлде, 1-орынды 7«Ә» сыныбы, 2-орынды 7«А» сыныбы, 3-орынды 7 «Б» иеленді.
Практика барысында мамандығыма деген қызығушылығым артты. Мектеп мұғалімдері жылы көзқараспен қарап, кемшіліктерімді түсіндіріп, қатемді түзетуге көмек берді. Жанабаева М.А. әрдайым кеңесін беріп, ақылын айтып жүрді. Бұл практикада мен «Информатика» пәні мұғалімі ретінде ғана емес сынып жетекші ретіндеде шыңдалдым. Сыныптағы балаларға жауапкершілік алып, сынып жетекші ретінде жұмыс атқаруды үйрендім. Осы практикада алған білім мен тәжірибемді болашақта білікті ұстаз болуда қолданатын боламын.
Практика жетекшісі: Алимкулова Б.Н
Студент-практикант: Абдурахимова Ж.С.
Достарыңызбен бөлісу: |