1.Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз.
Мұғалім - адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Өзін-өзі үстай білу. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды (тәрбиелеудің ауыр амалдары). Сондықтан «ауыр» амалдар әлсіз педагогтарға тән деп тектен тек айтпайды. Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық терең білімдіілігімен тұтасқан идеялық сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің берік іргетасын қалайды. Оқытқан мұғалім емес, қайтсе де оқытқысы келетін мұғалім,— деп тектен-тек айтылмаған. Нағыз педагогта жұмыс уақыты және бос уақыт деген болмайды: ол әрқашанда балалар туралы ойлайды. Мұғалімнің мақсаткерлігі — оның жеке басына тән қасиет. Педагогтарға мынадай критерий қолдануға болады: сен неге талаптанғаныңды айтсаң, онда мен сенің кім екеніңді және қандай екеніңді айтамын. Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жақсы, ал біреуді жек көруге тәрбиелеуге бол-майды.
2.Педогогикалық іскерліктер туралы жазыңыз.
Танымдық іскерлік, ең алдымен, жеке бастың интеллектуалдық мүмкіндігі, мамандық еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т. б. психикалық қасиеттерінің бірлікте дамуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзін-өзі бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс таба білуі, ойлау үдерісінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сәйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет, сапалар үнемі жаттығу, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, оқу білім алу, еңбек үдерісі барысында тұтас қалыптасатын іскерлік.
Құра білу (конструктивтік) іскерлігі – оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас дара ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие үдерісінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретті ұйымдастыра білу. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық қасиет, қабілет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық, логикалық ойлау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан құра білу іскерлігі танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет. Қарым-қатынас іскерлігі – бұл мұғалімнің педагогикалық үдерістің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін, адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бетбұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу оң шешім таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарымқатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |