«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»



бет1/4
Дата19.06.2016
өлшемі396 Kb.
#148025
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (толық атауы, заңды мекенжайы құрылтайшылық құжаттарында көрсетiлген) негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын орта бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың бiлiм басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм бөлiмдерi көрсетедi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Экстернат нысанындағы оқытуды ұйымдастыру «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнiн құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмiнiң (басқармасының) анықтауымен мемлекеттiк қызметтi алушы экстернат нысанында бiлiм алуға өтiнiш бiлдiрген бiлiм беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
      Ғимараттың iшiндегi қызмет көрсетiлетiн орынжайлар көлемi, орналасуы және кескiнi жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн креслолар мен орындықтар қойылған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiштi еркiн үлгiде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей бiлiм беру ұйымы басшысының атына бередi.


      Өтiнiшке қоса:
      1) бiлiм алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптаманың анықтама-қорытындысын;
      2) бiлiм алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде бiлiм алғандығын растайтын құжатты;
      3) бiлiм алушылардың соңғы оқыған сыныбында берiлген үлгерiм табелiнiң көшiрмесiн (нотариалды расталған) ұсынады.
      12. Экстерндi қорытынды аттестаттауға жiберу туралы шешiм бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесiнде қабылданады.
      Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жiберу туралы бұйрықты бiлiм беру ұйымы шығарады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушылардың құжаттары бiлiм беру ұйымының кеңсесiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға алынған күнi туралы белгi қойылған тiзiмдеме берiледi.
      15. Көрсетiлген қызмет нәтижесiн жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының жеке қатысуымен болады.
      16. Мынадай:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы бiлiм беру ұйымдарында оқуға мүмкiндiгi жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желiсiнде шетелде бiлiм алушыларға;
      4) негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымының қызметi:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау барысында заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) құжаттарды қорғау және олардың құпиялығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1- қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеменiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапалық және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын бiлiм саласындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымының басшысынан алуға болады.


      21. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне жүгiне алады.
      22. Шағымдар жазбаша нысанда поштамен не бiлiм беру ұйымының немесе мемлекетiк органның немесе басқа да ұйымдардың кеңселерi арқылы қолма-қол қабылданады.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      24 Азаматтардың өтiнiштерi, оның iшiнде шағымдары еркiн нысанда, жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенiң сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылуы мүмкiн.
      25. Қабылданған шағымдар кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру


ұйымдарында экстернат нысанында   
оқытуға рұқсат беру»        
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша              

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1.Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет