Негізгі субъекті болып ТҰК-лар байқалды



Дата16.06.2016
өлшемі73.28 Kb.
#138911
Трансұлттық корпорациялардың мәні, маңызы
ХХ-ХХІ ғ. сыртқы экономикалық нарықта негізгі субъекті болып ТҰК-лар байқалды.

Бұл процеске ТҰК-ларлар:



  • инвесторлар

  • жаңа технологияны таратушылар

  • инновациялық жобаларды жүзеге асырушылар

  • халықаралық еңбек миграциясын реттеушілер ретінде қатысуда.

Трансұлттық компаниялар:

  • шаруашылық қызметінде халықаралық бағытты қолданатын

  • халықаралық өндірістік-өткізу

  • сауда және қаржы кешенін дамытатын

  • бір орталықтан шешім қабылдайтын

  • өзге елдерде филиалдары, өкілдіктері мен елшілес компаниялары бар ірі бірлестік.

Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылардың пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып есептеледі. 90 жылдардың ортасында дүние жүзінде 40 мыңнан астам корпорациялар қызмет атқарған.

Транұлттық корпорациялардың негізі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген.


Ғаламдану жағдайында Қазақстандағы трансұлттық корпорациялардың қалыптасуы
Өтпелi кезең жағдайларында ел үшiн әлемдiк жаһандану шығынға ұшырау қаупi өте жоғары болады. Өйткенi,

  • елдегi ұлттық экономикалық құрылымның әлсiздiгi

  • өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен дәрежелiгiн

  • басқарушы кадрлар біліктілігінің жетiспеушiлiгiн есепке алғанда

ел экономикасына

  • әлемдiк нарықтағы өте iрi

  • бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары

  • жеткілікті маманданған

  • технологиясы жетiлген корпорациялар терiс ықпал тигiзуi де мүмкiн.

Сондықтан, әлемдiк шаруашылық байланыстарына тиiмдi қатысу мәселесiн шеше отырып, Қазақстан ТҰК-дың экономикалық қызмет жүйесiнiң барлық қиындығын, терiс әсерлерiн ескеру қажет.

Қазақстанда өндiрiс орындары өте көп шоғырланған. Қазiргi кезде ел экономикасында 16 мыңға жуық кәсiпорындар жұмыс iстейдi. Бұлардың 1,6 пайызы (шамамен 250 негiзiнен корпорациялық түрдегi iрi кәсiпорындар) барлық қазақстандық өнiмдердiң 77%-нен астамын өндiредi.


Корпорация түрi


Мысалдар

Саны


Ұлттық және мемлекеттiк компаниялар

“Казахойл” ұлттық мұнай компаниясы, “ҚазТрансОйл” “Қазақстан-Жiбек жолы” ұлттық компаниясы

15

Жеке жобалар бойынша жекелендiрiлген акционерлiк компаниялар

АООТ ”Корпорация Казахмыс”, АОА ”Казцинк”, ОАО алюминийі Қазақстан, ОАО “Өскемен титан-магний комбинаты”, АО “Маңғыстаумұнайгаз”, АО “Казхром”

40

Нарықтық әдiс негiзiнде құрылған жеке корпорациялар

ОАО “Казкоммерцбанк”, АО “ҚазақстанКаспийшельф”, АО “БанкТұранАлем”, АО “Темiрбанк”, АО “Банк Каспийский”

10

ТҰК-дың Қазақстандағы бөлiмшелерi

СП “Тенгизшевройл”, АО “Казахстан Каспийшельф” және АО “ОКIОС”, АО “Харрикейн Кумколь Мунай”,

45

Қазақстан экономикасының корпорациялық секторы бүгiн де жаһандық бәсекелестiкке қабiлеттi халықаралық аренадағы корпорациялардың iс жүзiнде жоқтығымен сипатталады. Көптеген қазақстандық корпорациялар, негiзiнен төмен жарғылық капитал және нарық капитализациясының төмендiлiгiмен сипатталады. Геобәсекелiктiң минималды талаптарына (капитализация деңгейi 1 миллиард АҚШ долларынан астам) қазақстандық корпорациялардың бiрін-бiрi сай келмейдi.

1994-1998 жылдары iрi өнеркәсiптiк корпорацияларды шетелдiк басқаруға беру қарқынды түрде жүргiзiлдi. Жалпы алғанда, осы кезеңде шетелдiк басқаруға 45 iрi кәсiпорын берiлдi.

Осындай теңдесiз акциялар нәтижесiнде, сарапшылық бағалау бойынша, республикадағы өндiрiстiк потенциалдың 80%-нан астамы (негiзiнен, қара және түстi металлургия, көмiр және химиялық өнеркәсiптер, энергетика саласы) қазiр шетелдiк инвесторлар қолында, ал бұл өз кезегiнде елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне елеулi және анық қатер тудырады.

Сонымен қатар, Қазақстанның iшкi нарығында қазiргi кезде орын алған мынадай керi сипаттар бар:


  • өтпелi кезеңдегi кәсiпорындардың “бұлдыр” нормативтi-құқықтық жағдайы;

  • әлсiз бәсекелестiк;

  • төлемқабілетінің терең дағдарысы;

  • айналым қаржыларының кәсіпорындарда жоқтығы;

  • еңбекақыға төлейтін, әлеуметтік инфрақұрылымды ұстайтын қаржылардың жоқтығы;

  • және осылардың нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы;

  • жұмыссыздар санының көбеюі;

  • мамандандырылған кадрлардың өзге мемлекеттерге қоныс аударуы нәтиже болды.

Сондықтан, осы мәселе төңiрегiндегi мемлекеттiк қолдау шараларын және экономикалық стратегиялық бағдарламаларды iске асыру қажет.

Кәсіпорындарды шетелдік меншікке сату көбінесе асығыс түрде жүргізілді, ал кейде заңдарды бұзу, келісім-шарт жасау кезінде қажетті шарттарды ескермеу түрінде жүргізілді, сондай-ақ олардың орындалуына ешқандай қажетті бақылаудың болмайтындығы жатады.

Осыған байланысты әлемдік тәжірибе ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғауға байланысты стратегиялық салаларда шетелдік инвестицияларды тартуды шектеу қажеттілігін дәлелдейді.
Бүгінгі таңда әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы компаниялары өздерінің капиталдарын Қазақстан экономикасына салуға оң ниетін білдіріп отыр. Соған елімізде негізгі инвесторлар “Шеврон”, “АЕS”, “СитиГруп”, “Прайс Уотерхаус”, “Аксесс Индастриз”, “Кока-кола”, “Филипп Моррис”, “Фуд Мастер” және тағы да басқа белгілі компаниялар бар.

Мұнай мен газды борлау және өңдеу саласында АҚШ-тың “Шевроноверсиз петролиум”, “Халибуртон”, Ұлыбританияның “Британия Петролеум”, “Бритиш Газ Интернэшнл”, “Аймек”, Францияның “Альф Апитэн”, “Сити”, Италияның “Интерсервис”, “Аджип”, Индонезияның “Централ Азия Петролеум ЛТД” және басқа да компаниялар елеулі жұмыстар жүргізуде. 2005 жылдан бері тек 2 жылда қана мұнай-газ кешеніне 2,7 миллиард доллар тікелей инвестиция жұмсалды.

2007 жылдың 1-ші жартысында жұмыс жүргізуші біріккен және шетелдік кәсіпорындардың қызметтер мен тауарлар экспортының көлемі – 1435,5 миллион АҚШ долларын құрады, ал импорт көлемі – 468,5 миллион АҚШ доллары болды. Біріккен және шетелдік кәсіпорындардың барлық экспортының 43,2%-ы немесе 620,6 млн.долл. металлургия және металл өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, 39,4%-ы немесе 565,9 млн.долл. мұнай және газ саласына, 7,5%-ы немесе 107,9 млн.долл. көлік және байланыс саласына, ал 9,9% немесе 141,1 млн.долл. басқа салаларға тиесілі болады.

Одан бөлек Қазақстанда әрекет етуші бірнеше шетелдегі ірі компанияларға әлемдік қуат және химиялық компанияларының жетекшілерінің бірі болып саналатын “Шеврон Оверсиз петролеум Инк” корпорациясы мен Қазақстанның байланысы жақсы дамып келеді. 2001 жылы Теңіз мұнай кені көзін игеру мақсатында “Шеврон” корпорациясы Қазақстанда алғашқылардың бірі болып “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорын ұйымдастырды.

2001 жылдан 2005 жылдардағы корпорацияның түрлі салықтар және басқа төлемдер түріндегі республика бюджетіне түсірген тікелей экономикалық салымы 350 млн.долл. асып түскен. 2007 жылы тікелей және жанама түсімдер арқылы республика қазынасына 512 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы түсірген. Жалпы “Шеврон” Қазақстанға осы уақытқа дейін 4 миллиард доллардан астам көлемде қаржы салды. Кәсіпорында еңбек ететін адамдардың 72%-ы жергілікті ұлт өкілдері.

“Шеврон” компаниясы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында, қайырымдылық, әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарында да елеулі істер атқаруда.

Қазақстан экономикасының тұрақтануына және дамуына елеулі үлес қосып отырғанСамсунг” корпорациясына тоқталып өткеніміз жөн болар. Ол негізгі 4 бағыттаэлектроника, машина жасау, химия, қаржы салаларының қызметтері бойынша жұмыс істейді. Қазақстанның ең ірі кен-металлургиялық кәсіпорны саналатын “Қазақмыс” корпорациясы 2003 жылдың шілде айында “Самсунг Дойчланд Гмбх” компаниясының басқаруына берілген болатын. Және басқару жұмыс жөнінде оң пікірлер айтуға болады. Осы уақыттар аралығында корпорацияның активтері салыстырмалы бағада 3 еседен астам өсіп, 2007 жылдың 1 қантарында 85 миллиард теңге мөлшерінде болды. Бұл корпорацияда 60 мыңға жуық адам еңбек етуде.

Сонымен бірге, шетелдік инвесторлардың жағымсыз әрекеттерін де ерекше қарау керек. Оған:


  • салық төлеуден жалтару

  • ТҰК шеңберінде трансферттік бағалар қолдануы

  • жасалған келісім-шарттардың толық көлемде орындалмауы

  • кейбір заң нормаларын бұзушылығы

  • үкіметтен пайдаларын жасыру әрекеттерін айтуға болады.

Алайда барлық шетелдік корпорациялар осындай әрекеттерге араласады деп те айтуға болмайды.

ТҰК-дың теріс әрекеттерге баруы біздің мемлекетіміздің заң жобаларын толық, нақты әрі тиімді түрде тұрақтандыра алмауынан да болар.

ТҰК-лардың дамушы мемлекеттерге терiс ықпалының мынадай негiзгi сəттерiн атап көрсетуге болады:

- ТҰК жергiлiктi компанияларға қуатты бəсекелестiк туғызады жəне олардың дамуына мүмкiндiк бермей, iшкi нарықтан ығыстырады;

- трансұлттық капиталдың күрт орын ауыстыруы ұлттық валютаның тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн;

- ТҰК-лардың елдің экономикасына ықпалының кеңеюі, жергілікті саяси тұтқаларға қол жеткізу мүмкіндігіне әкеледі.



Сонымен, жоғарыда айтылғандарды негiзге ала отырып, келесiдей қорытынды жасауға болады. Отандық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгiн көтеру және оның халықаралық нарықтағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында отандық iрi өндiрiстердi қайта қалыптастырып, оларды халықаралық нарыққа шығарудың кешендi бағдарламасын өндеу қажет. Бұл Қазақстанның әлемдiк экономикадағы интеграция мәселелерiн шешуге, өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi тиiмдi пайдалануға жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет