Нейродидактика: ересектерді оқытудың танымдық аспектілері Тақырып тың. Дегенмен конференция тақырыбымен үндес – қоғамдық сананың құрамдас бөлігі сана, таным ұғымдарын зерттеудегі жаңа бағыт туралы ақпаратымммен бөліскім келеді



Дата03.01.2022
өлшемі24.91 Kb.
#451413
Мәрсәлі Р.Ө. МАҚАЛА


Нейродидактика: ересектерді оқытудың танымдық аспектілері

Тақырып тың. Дегенмен конференция тақырыбымен үндес – қоғамдық сананың құрамдас бөлігі сана, таным ұғымдарын зерттеудегі жаңа бағыт туралы ақпаратымммен бөліскім келеді. 30 жылға тарта ересектерді оқытумен айналысып келе жатқан тәжірибемде, мен өзімді тыңдаушыларды оқытуда тындаған көп сұрақтарыма жауапты мен нейродидактика тұжырымдарынан тапқандаймын.

Ғылыми-педагогикалық қауымдастық көрсетіп отырған заманауи педагогика мен мектептегі нейродидактикалық «дүмпу» соңғы онжылдықта ашылған адам миының мүмкіндіктеріне байланысты. Нейроғылымдардан алынған ақпарат көлемін есепке ала отырып, біз бүгінгі таңда оқыту теориясының педагогиканың жаңа дизайнына аяқ басқан парадигмалық өзгеріс нүктесінде тұрмыз.

Нейродидактикалық парадигмалық өзгерісті зерттеу алғышарттарына әлеуметтік, ғылыми, білім беру, валеологиялық факторлар жатады. Бұл тізбектегі ең бастысы, жаңа ақпараттық қоғамның: ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландыру, инноватика, шығармашылық, жобалау сияқты өркениеттік басымдықтарындағы өзгерістерді білдіретін - әлеуметтік фактор.

Соңғы елу жыл ішінде адамдар «ақылды» бола түсуде. Т.В. Черниговская өзінің жария дәрістерінде бұл феноменді заманауи социумның «антропологиялық өзгерісі» деп атап жүр. Тиісінше, бұл құбылыстың нәтижесі - әлемдік қауымдастықтың адам миына және оны белсенді зерттеуге деген қызығушылығы артуда.
2-слайд Нейродидактика нені зерттейді? Нейродидактика – дидактиканың білім беру кеңістігін ұйымдастырудың нейропедагогикалық қағидаттарын, оқыту мен оқу үдерісі мен топішілік психодинамиканың нейропедагогикалық құрылымын, барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізуге арналған нейропедагогикалық өзара әрекетті өзгерту әдістері мен құралдарын зерттейтін саласы. Соның ішінде, нейродидактика: теориялық-методологиялық заңдылықтарды зерттеуші - жалпы және нейропедагогикалық диагностика, оқыту бойынша практикалық ұсынымдарды негіздеуші – жеке болып бөлінеді.

Нейродидактика – оқыту мен оқудың барынша тиімді қағидаттары мен әдістерін іздестіру мақсатында миды және оның қызметінің заңдылықтарын зерттеу қорытындыларын қолдануға негізделген ғылыми бағыт.

Дидактикалық және педагогикалық концепттерді нейроғылым зерттеулерін, адам миының заманауи зерттеулерін басшылыққа ала отырып, дамытуды мақсат ететін түрлі практикалық әдістердің жиынтық ұғымы.

Сондай-ақ, нейродидактика - адамның жүйке жүйесін (оның ішінде – мидың жұмысы) зерттеу, дидактика, педагогика, психология сияқты ғылымдар мен ғылыми бағыттардың қиылысында орналасқан пәнаралық сала.
3-слайд Нейродидактикалық зерттеулер өте қызғылықты. Мысалы, ер адамдар мен әйел кісілердің миы әртүрлі дамитыны ертеден белгілі. Ер баланың жетіліп келе жатырған миы кеңістіктегі үздіксіз қимылды қажет етеді. Ер балалар ұшқалақтау, бір орында байыз тауып отыра алмайды, заттарды лақтырып, отырған орнында қозғалақтап, қол-аяғын қимылдатып отырады. Міне, осы қозғалыстардың арқасында олардың миының ойлау әрекеті негізделетін қажетті ми жүйесі дамиды. Егер ер баланың бұл әрекеттеріне шектеу қояр болсақ, оның миының көптеген рецепторлары қажетсіз болғандықтан жоғалады. Бұл өз кезегінде мидың ойлау үдерісіндегі шектеулілікке әкеліп соғады, себебі ми анағұрлым аз рецепторлар мен олардың арасындағы байланыстарға сүйенеді. Білім беру жүйесіне жоғарыда келтірілген мысал негізіндегі аталған білімдерді ендіру аса маңызды.
4-слайд Нейродидактиканы интерпретациялауда О.В. Куликованың анықтамасын ұстануға болады, ол нейродидактиканы ми және жүйке жүйесінің құрылымдарының қызметін зерттеу нәтижелеріне негізделген тиімді оқыту әдістерін зерттейтін ғылым саласы деп түсіндіреді. Тиісінше, ересектер нейродидактикасын педагогикалық білімдердің ересектерді оқытудың тиімді әдістерін анықтау, зерделеу және ұйымдастыруды зерттейтін саласы деуге болады, оның негізінде – адам миы мен жүйке жүйесі құрылымдарының қызметін зерттеу жатыр. Осы анықтаманы негізгі жұмысшы анықтама ретінде қабылдасақ.

5-слайд Нейродидактика ұғымын (нем. neurodidaktik) 1988 жылы алғаш рет Г.Прайс нейроғылымдар, педагогика және психология табыстарын біріктіретін ғылыми саланы ерекшелеу үшін енгізіп, қолданды. Г.Прайстың ұйғарымынша, нейродидактиканың негізін адамды оқытудың танымдық, эмоционалды-тұлғалық, қимыл-қозғалыс үдерістері құрайды.

Дидактика мен нейроғылымдар бір ғылыми жазықтықта қандай ара-қатынаста болады?- деген сұрақ заңды болады. Нейродидактикалық санаттар-дың негізгі қабатын дидактика құрайды. Оның мәнін нақтылар болсақ, «дидактика» терминін (грекше didaktikos – оықтуға қатысты, оқытатын) В. Ратке мен Я.А. Коменский «оқыту өнеріне» теңегені белгілі.
6-слайд Нейродидактикалық зерттеулердің перспективалы бағыттарының бірі – адамның латералды (солқолдылық, оңқолдылық) ерекшеліктер тұжырымдамасы, оған сәйкес нақты ми аймақтарының үлестік басымдығы жады, ойлау, зейін, ерік, сезім және т.б. жүзеге асырудағы жеке-бас ерекшеліктерін анықтайды. И.П. Павлов ми жартышарларының функционалды асимметриясының бірнеше түрін атап өткен, олар: оң жартышарлық, сол жартышарлық және тең жартышарлық (қандай да бір жартышардың басымдығының болмауы).

Сол жартышар қысқамерзімді жадыға, вербалды-таңбалық ақпаратты пайдалану мен логикалық ойлауға жауапты. Бұл қабілеттері басым адамдарды «ойшылдар» деп атайды. Оң жартышар бейнелі ақпаратты, сезімдерді, ұзақмерзімді жадыны пайдалану үшін жауапты. Мұндай адамдарды «суретші» деп атайды.

Педагогтардың адам миының, жалпы барлық білім алушылардағы, соның ішінде ересек білім алушылардың латералды ерекшеліктеріне немқұрайлылығы дидактикалық және денсаулық сақтаушы мәнмәтіндердегі теріс салдарларға алып келеді.

7-слайд Нейродидактиканың келесі бағыты – білім беру үдерісі барысында білім алушылардың дамуының психофизиологиялық және нейропсихологиялық, ерлер мен әйелдердің әрекет ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.

Л.А. Алифанова, В.Ф. Базарный, Л.П. Уфимцевалардың ортақ пікіріне сай жыныстық-тұлғалық білім беру жыныссыз ақпараттық білім беруге балама болуы тиіс. Жыныссыз білім беру белгілі бір жынысқа тән эмоционалды-бейнелі жауаптарды, тиісінше жынысқа тән құндылықтарды, мәндерді, қажеттіліктерді, ынтаны, сезімдерді, мінез-құлықты, яғни жыныстық саралау мен тұлғалық бірегейлікті басып тастайды.
8-слайд Нейродидактиканың тағы бір бағыты – таным барысындағы білім алушылардың темпераментін немесе психодинамикалық ерекшеліктерін есепке алу. Педагогтың темпераменттің – белсенділік (жігерлілік, қағылездік), моторика (қозғалыс реакцияларының қарқыны мен жылдамдығы), сезімталдық (әсершілдік, сезімшілдік, үрейленгіштік, қызбалық) сияқты іргелі қасиеттерін есепке алу, оқыту мен оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, коммуникативті дау-жанжалдарды болдырмай, табыс жағдаятын жасайды.
9-слайд Назарыңызға ұсынылып отырған материал оқыту теориясында жаңа нейрокезеңнің басталғанын білдіреді және оны зерттеу алғышарттарын қалыптастырады. Бұл педагогикада қалыптасқан «кез келген ғылым сияқты дидактика да өзгереді, дамиды, жаңа нұсқалармен байытылады» деген пікірге қайшы келмейді. Нейродидактикалық элементтердің (мән, мақсат, оқыту заңдылықтары, оқыту мен оқу қағидаттары, мазмұны, технологиялары, әдістері, формалары, бақылау және бағалау нәтижелері, рефлексия) негізінде жаңа, ақпараттық когнитивті қоғамға сәйкес келетін философиялық және методологиялық негіздер пайда болып, даму үстінде.
Назарларыңызға рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет