ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/10
Дата15.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#136789
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.76

/03-2014


ПОӘК

«Физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 1 басылым

11.09.2014 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері

«6М011200 – Химия» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014
МАЗМҰНЫ



1.

Пән бойынша глоссарий.

4

2.

Дәрістердің қысқаша конспектісі.

10

3.

Практикалық жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.

63

4.

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстарына (ОЖОӨЖ) әдістемелік нұсқау.

81

5.

Магистранттардың өздік жұмыстарына (МӨЖ) әдістемелік нұсқау.

96

6.

Бақылау-өлшеу құралдары.

112





ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Активтендіру энергия – реакцияласуші заттардың бір моліндегі молекулалардың барлығын активті молекулаға айналдыру үшін жұмсалатын энергияның мөлшері.

Аллотропиялық құбылыс – бір элементтің бірнеше жай заттар түзуі.

Анод – оң зарядты электрод.

Атом – химиялық элементтің барлық химиялық қасиеттерін сақтай алатын ең кіші бөлшек.

Атом радиусы – теория бойынша есептелінген электрон бұлттарының максималды сыртқы шеңберін алады.

Атомдық электрондық орбиталь – электрон бұлтының мөлшерін, пішінін және кеңісітіктегі орналасу бағытын көрсететін электронның күйі.

Ашық жүйе – зат пен де энергиямен де алмасады.

Бас квант саны (n) – электрондардың жалпы энергия қорын және электрондар орналасқан деңгейлердің ядродан қашықтығын көрсетеді.

Байланыс ұзындығы – байланысқан атомдардың ядроларының арасындағы қашықтық.

Байланыс энергиясы – бұл байланысты үзуге жұмсалатын энергия.

Буффер ерітінді – қышқылды және сілтіні белгілі бір шамаға дейін қосқанда немесе сұйылту және қойылту кезінде сутегі ионының концентрациясы тұрақты болатын не өте шамалы өзгеретін ерітінділер.

Валенттілік дегеніміз элемент атомының химиялық байланыс түзу қабілеті.

Валенттік бұрыш – байланысқан атомдардың ядроларының жалғастыратын түзулердің арасындағы бұрыш.

Газдардың салысытырмалы тығыздығы – бірдей жағдайда бір газдың масасының екінші газдың осындай көлемінің масасына қатынасын айтады.

Гидролиз – еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп ерітіндінің рН өзгерте ыдырауы.

Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының ара қатынасы.

Гидролиз константасы – гидролиз процесінің қаншылықты терең жүретінін көрсететін шама.

Гидроксил көрсеткіші (рОН) – теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі.

Гидрометаллургия әдісін қолданған кезде кен қажет еріткіштермен өнделіп, бөліп алатын металл ерітіндіге айналдырылады.

Гомогенді жүйе – бір фазадан тұратын система.

Гомогенді реакцияның жылдамдығы – кесімді уақыт ішінде системаның кесімді көлемінде реакцияға қатысатын, не түзілетін заттың концентрациясының өзгеруі.

Гетерогенді жүйе – әр түрлі фазалардан тұратын система.

Гетерогенді реакцияның жылдамдығы – кесімді уақыт ішінде фазаның кесімді бетінде реакцияға қатысатын немесе түзілетін заттың мөлшері.

Дисперсті жүйе – бір затта екінші заттың ұсақ бөлшектері біркелкі таралғанда түзілетін система.

Дисперсиялық орта – ұсақ бөлшектер таралған орта.

Дисперстік фаза – ұсақ бөлшектер түрінде таралған зат.

Диссоциациялану дәрежесі – иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.

Еріген заттың массалық үлесі – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы.

Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті.

Ерігіштік көбейтіндісі – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісі.

Ерітінді – екі не одан да көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелер.

Жабық жүйе – егер система сыртқы ортамен энергиясын алмастырса.

Жай зат – молекулалары бір элементтің атомдарынан тұратын заттар.

Жасанды радиоактивтік – бір элементтің ядросын қарапайым бөлшектермен немесе жеңіл ядролармен атқылау арқылы басқа элементке айналу процесі.

Жекеленген жүйе – егер система сыртқы ортамен әрекеттеспесе, жылу да, затта алмастырмаса.

Жүйе – сыртқы ортадан бөлініп алынған, реакцияға қатысты заттар орналасқан дүниенің бөлігі.

Жылу эффект – тұрақты қысымда, немесе тұрақты көлемде жүріп жатқан химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшері.

Изобарлар – ядро зарядтары әр түрлі, бірақ массалық сандары бірдей атомдардың тобы.

Изотоптар – ядро зарядтары бірдей, ал массалық сандары әр түрлі болатын атомдардың түрлері.

Индикаторлар - әр түрлі әлсіз органикалық қышқылдар, бұлар ортаның қышқылдығына (рН-ына) қарап түсін өзгерте алатын заттар.

Индукцияланған диполь – егер бір полюссіз молекула мен бір полюсті молекула кездессе, полюсті молекуланың оң полюсі полюссіз молекуланың электрон бұлтын тартады, сөйтіп полюссіз молекула полюстенеді, диполь пайда болады.

Иондық байланыс – химиялық қасиеттері әр түрлі екі элементтің арасында электростатикалық тартылу арқылы болатын байланыс.

Иондардың поляризациясы – электрондардың орналасуының әуелгі қалпынан аууы.

Иондану энергия – атомнан электронды алу үшін жұмсалатын энергия.

Ионнын немесе молекуланың активтілігі – химиялық реакцияға кіретін концентрацияға сәйкес концентрация.

Катализатор – химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ өздері процестің нәтижесінде өзгермей қалатын заттар.

Каталитикалық процесс немесе катализ – катализатордың әсерінен жылдамдығы өзгеретін процестер.

Катод – теріс зарядты электрод.

Ковалентті немесе атомдық байланыс – екі атомнан бірдей қашықтықта орналасқан қос электрондар арқылы түзілген химиялық байланыс.

Коваленттік байланыс – бір немесе бірнеше электрон қосақтары арқылы түзілетін химиялық байланыс.

Ковалентті немесе атомдық (полюссіз) молекулалар – ковалентті байланыс арқылы түзілген молекулалар.

Комплекс қосылысының ішкі сферасы – комплекс түзушімен лигандалар.

Комплекс қосылыстың сыртқы сферасы – ішкі сфераға симай қалған иондар.

Комплекс түзуші – көбінесе оң зарядты металл иондары.

Концентрация – көлемнің бір бірлігінде болатын заттың мөлшері.

Концентрация – ерітіндінің белгілі бір көлеміндегі еріген заттың мөлшері.

Координациялық сан – комплекс түзушінің маңайына орналасқан лигандалардың жалпы саны.

Криоскопия – ерітінділердің қату температурасын өлшеу процесі.

Кристалдану – температураны төмендеткен кезде ерітіндіден қатты заттардың бөлінуі.

Коррозия – дымқыл атмосферада, немесе сулы ерітінділерде металдардың және олардың қоспаларының бұзылуы.

Күрделі зат – молекулалары әр түрлі элементтің атомдарынан тұратын заттар.

Қабатшалар – электрондар орналасқан деңгейшелер.

Қайтымды реакция – берілген жағдайда тіке және кері бағытта жүре алатын процестер.

Қайтымсыз реакциялар – бұлар тек қана бір бағытта жүретін реакциялар.

Қаныққан ерітінді – егер еріген заттың артық мөлшері динамикалық, тепе-теңдікте тұрса.

Қос байланыс – екі жұп электроннан тұратын химиялық байланыс.

Қосылыстың эквиваленті – оның сутектің 1 эквивалентімен, немесе басқа заттың 1 эквивалентімен әрекеттесетін мөлшері.

Құбылыстар – заттарда болып жататын өзгерістер.

Қышқыл – сулы ерітінділерде гидроксоний (Н3О+) ионын түзетін электролит.

Қышқыл - өзінен протон бөлетін зат.

Қышқыл - өзіне электрондар қосағын қосып алатын зат.

Лездік диполь – егер екі полюссіз молекула кездессе, олардың электрон бұлттары мен ядро өрісі бір біріне әсер еткендегі пайда болатын диполь.

Лигандалар – комплекс түзушінің маңайындағы теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулар.

Магнит квант саны (ml) – пішіндері бірдей орбитальдардың кеңісітікте орналасу бағытын көрсетеді.

Металлургия – металл өндіретін өндіріс.

Молекула – заттың химиялық қасиетін көрсететін ең кіші бөлшек.

Молекуланың полярленуі – егер екі, үш полюсті молекулалар Ван-дер-Ваальс күштері арқылы тартылса, бұл молекулалардың полюстілігі арта түседі, диполь моменті өседі, деформация болады.

Моль – бұл 0,012 кг көміртегі 12С изотопында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері.

Мольдік концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді.

Моляльдік концентрация – еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасын көрсетеді.

Молярлық масса – заттың 1 моль мөлшерінің массасы.

Негіз – сулы ерітіндіде диссоциацияланғанда ОН- ионын түзеді.

Негіз - өзіне протон қосып алатын зат.

Негіз – электрон қосағын бере алатын зат.

Орбиталь квант саны (l) – энергетикалық деңгейдегі орбитальдардың мүмкін болатын пішіндерін және сол пішіндерге сәйкес келетін деңгейшелердің сандары мен түрлерін анықтайды.

Осмос – еріткіш шала өткізгіш арқылы өздігінен ерітіндіге ауысатын құбылыс.

Период – ядро зарядының біртіндеп өсуі және қасиеттерінің белгілі тәртіп бойынша өзгеру ретімен орналасқан элементтер жиынтығы.

Пирометаллургия – кенді жоғары температурада қыздырып өндеуге негізделген.

Полюсті ковалентті байланыс – молекуладағы екі атомның біреуіне жақын орналасқан қос электрондар арқылы түзілген химиялық байланыс.

Реакцияның реті – бұл кинетикалық теңдеудегі заттардың концентрацияларының дәрежелерінің қосындысы.

Салыстырмалы атомдық масса – табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы.

Салыстырмалы атомдық масса – сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен немесе массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.

Салыстырамалы молекулалық масса - табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы.

Салыстырмалы молекулалық масса – сол зат молекуласы массасының 1 массаның атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.

Спин квант саны (ms) – электронның өз осінен қай бағытта қозғалатының көрсетеді.

Стандартты жағдай – заттың 1 молінің 101,325 кПа-ға тең қысымдағы және 298 К (25 0С)- ға тең температурадағы жағдайы.

Стандартты жылу эффектісі – реакцияның стандартты жағдайдағы жылу эффектісі.

Сутегіндік көрсеткіш (рН) – теріс таңбамен алынған сутегі ионы концентрациясының ондық логарифмі.

Табиғи радиоактивтік ыдырау – элементтердің ядролары өздігінен ыдырап басқа бір элементтерге айналатын құбылыстар.

Термохимия – жылу бөле немесе сіңіре жүретін процестерді зерттейтін химия ғылымының бір бөлігі.

Термохимиялық теңдеулер – заттардың формуласымен қатар жылу эффектісін қосып жазатын теңдеулер.

Топ – жоғары оң валенттілігі бірдей элементтердің жиынтығы.

Тотығу – электрон беру процесі.

Тотығу дәрежесі – электр терістігі кіші атомнан электр терістігі үлкен атомға ауысатын электрондар саны.

Тотықсыздану – электрон қосып алу процесі.

Тотықсыздандырғыш – электрон беретін бөлшек.

Тотықтырғыш – электрон қосып алатын бөлшек.

Тотығу-тотықсыздану реакциялар – элементтердің атомдарының тотығу дәрежесі өзгере отырып жүретін реакциялар.

Түзілу энтальпия – стандартты жағдайда алынған жай заттардан 1 моль зат түзілген кездегі энтальпия.

Тұздар – электролиттік диссоциация кезінде металл катионын және қышқыл қалдығы анионын түзетін электролиттер.

Фаза – химиялық құрамы және қасиеттері бірдей, системаның қалған бөліктерінен бөліну беті арқылы шектелген бөлігі.

Физикалық құбылыстар – заттардың агрегаттық күйі мен пішінінің өзгеруі.

Химия дегеніміз заттардың бір-біріне айналып, өзгеруін зерттейтін ғылым.

Химия – заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістермен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Химиялық кинетика – химиялық процестердің барысын уақытпен бағалап зерттейтін бөлім.

Химиялық коррозия – металдардың ауадағы оттегімен немесе басқа газдармен әрекеттесіп тотығуы.

Химиялық құбылыстар немесе реакциялар – заттардың химиялық құрамы өзгеру арқылы жүретін құбылыстар, яғни, бір заттардың екінші бір заттарға айналуы.

Химиялық термодинамика – химиялық процестердің энергетикасын зерттейтін бөлім.

Химиялық формулалар күрделі заттардың құрамын көрсетеді.

Химиялық эквивалент – сутегі атомдарының 1 молімен қосылатын, немесе осы мөлшерін қосылыстан ығыстыратын мөлшерін айтады.

Химиялық элемент дегеніміз ядоларының заряды бірдей болатын атомдардың жинағы.

Химиялық элемент – ядро зарядтарының саны бірдей атомдардың белгілі бір тобын айтады.

Ішкі энергия – заттардың энергия қоры.

Эбулиоскопия – ерітінділердің қайнау температурасын өлшеу процесі.

Эвтектикалық температура – құйманың қатқан ең төмен температурасы.

Эквиваленттік көлем – қалыпты жағдайда газдың 1 эквивалентінің алатын көлемі.

Эквиваленттің молярлық концентрация – еріген зат массасы эквивалентінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді.

Эквиваленттік молярлық масса – заттың 1 эквивалентінің г/мольмен алынған массасы.

Эквиваленттік фактор (f экв) – қышқылдық-негіздік реакцияларда сутегінің 1 ионымен, ал тотығу-тотықсыздану реакцияларында 1 электронмен әрекеттесетін заттың бөлігін көрсететін сан.

Электртерістілік – электрон тартқышқтық пен иондану энергиясының қосындысының жартысына тең.

Электролиз – егер тұрақты электр тоғын электролит ерітіндісінде, немесе балқымада тұрған екі электрод арқылы өткізсе, электродтарда тотығу-тотықсыздану реакциясы жүретін процесс.

Электрон тартқыштық (Е) – атом электрон қосып алғанда бөлінетін энергия.

Элементтің химиялық таңбасы – элементтің атын, оның бір атомын, атомының массасын көрсетеді.

Энтропия – системаның белгілі бір күйінің функциясы; системадағы ретсіздік мөлшерін көрсетеді.

Ядролық реакциялар – бір элементтің басқа бір элементке айналу процестер.

  1. Адиабатты процесс - сырттан жылу берілмей өтетін процесс. 

  2. Адсорбция - газдардың немесе сұйықтардың қатты не сұйық дененің беттік қабатына өздігінен сіңірілетін физикалық – химиялық құбылыс. 

  3. Активтік - идеал ерітіндінің термодинамикалық қасиеті реал ерітіндінің қасиетіндей болғандағы оның концентрациясы. 

  4. Ашық жүйе - айналадағы ортамен энергия және зат алмасу арқылы әрекеттесетін жүйе.

  5. Бірінші текті фазалық өзгерістер - жүйенің Гиббс энергиясы (G) үздіксіз өзгеріп, ал оның температура мен қысымға байланысты бірінші туындылары секірмелі өзгеруі арқылы өтетін фазалық өзгерістер. 

  6. Гетерогенді жүйе екі немесе бірнеше фазадан тұратын жүйе. 

  7. Гетерогенді катализ - реакцияласушы заттар, реакция өнімдері және катализатор әр түрлі фазаларда болатын процесс. 

  8. Гетерогенді реакция - екі немесе одан көп фазалардың фазааралық шекарасында өтетін реакция.

  9. Гомогенді жүйе бір фазажан тұратын жүйе. 

  10. Гомогенді катализ - реакцияласушы заттар, реакция өнімдері және катализатор барлығы да бір фазада болатын процесс. 

  11. Гомогенді реакция – бір ғана фазада өтетін химиялық реакция. 

  12. Екінші текті фазалық өзгерістер - жүйенің Гиббс энергиясы (G) және оның температура мен қысым бойынша алынған бірінші туындылары үздіксіз өзгеріп, ал екінші туындыларының секірмелі өзгеруі арқылы өтетін фазалық өзгерістер. 

  13. Ерітінді - екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын біртекті гомогенді жүйе.

  14. Жабық жүйе - тек энергия алмасу арқылы әрекеттесетін жүйе.

  15. Жүйе термодинамикадағы зерттелетін объект. 

  16. Жылу сыйымдылығы – белгілі бір дененің немесе жүйенің температурасын 1 градусқа өзгертуге кететін жылу мөлшері.

  17. Заттың бу қысымы - тұрақты температурада сұйық заттың берілген көлемдегі буының концентрациясы.

  18. Заттың жану жылуы - осы заттың оттегімен әрекеттесіп жоғары оксидтер бергендегі реакцияның жылуы. 

  19. Заттың түзілу жылуы - жай заттардан 1 моль зат түзілгендегі жылу.

  20. Интенсивтік параметрлер немесе потенциалдар жүйенің процесс кезінде теңесетін қасиеттері. 

  21. Катализатор уы - катализатордың активтігін төмендетіп немесе тіпті жоққа шығаратын реакциялық қоспаның құрамында болатын заттар. 

  22. Квазистатикалық процесс - жүйені тепе-теңдік күйден шексіз аз ауытқытатын процесс.

  23. Компонент  тепе – теңдіктегі жүйенің барлық фазаларын түзу үшін қажетті және жеткілікті жеке химиялық заттардың ең аз саны.

  24. Қайтымды процесс - тура және кері бағытта өтетін процесс.

  25. Массалық үлес (%) 100 г ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасы.

  26. Молялдық концентрация – 1000 г еріткіштергі ерітілген заттың моль саны.

  27. Молярлық концентрация (М) 1 л ерітіндіде ерітілген заттың моль саны.

  28. Осмос қысымы - концентрациясы әр түрлі екі ерітіндіні немесе ерітінді мен еріткішті бөліп тұрған шала өткізгіш арқылы ерітіндінің өтуіне қарсы жұмсалатын гидростатикалық қысым.

  29. Параллель реакциялар - бір немесе бірнеше бастапқы заттар бір мезрімде бірнеше реакцияға қатысып, бірнеше түрлі өнім беретін реакциялар. 

  30. Реакцияның жеке реттілігі - әрбір жеке заттың концентрациясының дәреже көрсеткіші. 

  31. Реакцияның механизмі - химиялық реакция сатыларының жиынтығы.

  32. Реакцияның молекулалығы - әрекеттесуші заттардың реакцияның элементар (қарапайым) актісіне қатысатын молекулаларының саны. 

  33. Сипаттамалық функциялар - олардың туындылары арқылы қарапайым және анық түрде жүйенің бар термодинамикалық қасиеттерін алуға болатын шамалар. 

  34. Стандартты түзілу энтальпиясы - жай заттардан 1 моль затты стандартты жағдайларда алғандағы энтальпия.

  35. Термиялық анализ - балқу диаграммаларын алу және оны зерттеу әдісі.

  36. Термодинамика - температура мен жылудың және жылу мен жұмыстың өзара байланысын зерттейтін ғылым («термо» грек тілінде - жылу, «динамика» - қозғалыс).

  37. Тізбектелген реакциялар - реакция өнімнің түзілуі бір немесе бірнеше аралық заттардың пайда болуы арқылы өтетін реакциялар. 

  38. Түйіндес реакциялар - бір реакция екінші реакцияның жүруіне себеп болатын қатар жүретін екі реакция. 

  39. Фаза - бөліну бетімен шектелген гетерогенді жүйенің бөлігі. 

  40. Фазалар тепе теңдігі немесе гетерогенді тепе – теңдік - гетерогенді жүйелердегі фазалар арасында орнайтын тепе – теңдік.

  41. Физикалық химия – химиялық процестер мен химиялық құбылыстардың өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  42. Химиялық реакция - бір немесе бірнеше заттың (бастапқы заттар) химиялық өзгеріске ұшырап бір немесе бірнеше жаңа заттарға (реакция өнімдері) айналуы.

  43. Экстенсивтік параметрлер немесе координаталар  жүйенің процесс кезінде қосылатын қасиеттері. 

  44. Энтропия – жүйенің біртекті күй функциясы.

ЭЛЕКТРОХИМИЯ

Активтік коэффициенті - заттың бір молінің реал ерітіндіден идеал ерітіндіге көшуі үшін жұмсалатын энергияның (жұмыстың) өлшемі.

Амальгамалы электрод – металл амальгамасы мен сол металдың ионы бар ерітіндіден тұратын электрод. 

Аралас өткізгіштік - электр тогын электрондары және иондары арқылы өткізетін өткізгіштер. 

Бинарлы электролиттер - екі ионға ыдырайтын электролиттер. 

Бірінші текті өткізгіштер - электр тогын электрондары арқылы өткізетін өткізгіштер. 

Екінші текті өткішгіштер - электр тогын иондары арқылы өткізетін өткізгіштер. 

Ерітіндінің иондық күші (І) - ерітіндідегі барлық ионның (катионның және анионның) концентрациясы мен заряд квадратының көбейтінділерінің жарты қосындысы

Жиілік эффектісі – ток жиілігі өсуі әсерінен электр өткізгіштіктің артуы. 

Ион алмасу электродтары – иониттен және ионит батырылған ерітіндіден тұратын электродтар. 

Ион қозғалғыштығы Фарадей саны мен ионның абсолют жылдамдығының көбейтіндісі.

Ион тасымалдау саны - ерітіндіден өткен токтың берілген ионға (катионға не анионға) тиісті үлесі. 

Каломель электроды – каломель мен сынап қоспасынан жасалған пастамен қапталған, калий хлориді ерітіндісіне батырылған сынап электроды. 

Квартернарлы электролиттер – төрт ионға ыдырайтын электролиттер. 

Коагуляция – дисперсті жүйе түйіршіктерінің іріленуі. 

Коллоидтық химия – гетерогенді, жоғары дисперсті жүйелердің қасиеттері және оларда жүретін процестер туралы ғылым. 

Кондуктометрлік әдістер – электр өткізгіштікті өлшеу арқылы жүргізілетін зерттеу әдістері.

Кристалдық тор энергиясы - иондардың кристалдан бөлініп газ күйіне көшуіне қажетті энергия. 

Күшті электролиттер – диссоциациялану дәрежеснің шамасы бірге жуық электролиттер. 

Меншікті электр өткізгіштік - ара қашықтығы 1м, аудандары 1м2 екі электрод арасындағы (көлемі 1м3) ерітіндінің өткізетін электр тогы.

Миграция немесе миграциялық ағыниондардың сыртқы токтың әсерінен белгілі бір бағытта ретті қозғалуы.

Релаксация уақыты - иондық атмосфераның эллипс түрден қайтадан шар тәріздес түрге келіп үлгеруіне қажетті уақыт. 

Седиментация – түйіршік массасының артуы салдарынан олардың тұнуы. 

Сольваттану жылуы (немесе сольваттану энергиясы) - ионның газ күйден ерітінді күйге көшу процесінің энергиясы. 

Сутегі электроды – платина ұнтағымен қапталған, сутегі газымен қаныққан, сөйтіп сутегі ионы бар ерітіндіге батырылған платина пластинкасы. 

Сутектік көрсеткіш - сутегі иондары концентрациясының теріс логарифмі. 

Тернарлы электролиттер - үш ионға ыдырайтын электролиттер.

Хингидрон электроды – органикалық зат – хингидронның (хинон мен гидрохинонның молекулалық қосылысы) қаныққан ерітіндісіне батырылған платина электроды. 

Хлор-күміс электроды – күміс хлоридінің кристалымен қапталған және калий хлориді ерітіндісіне батырылған күміс электроды. 

Эквивалентті (немесе мольдік) электр өткізгіштік - 1 моль ∙ экв электролиттің диссоциациялануынан түзілетін иондардың электр өткізгіштігі.

Электр өткізгіштікэлектр өрісінде заттың электр тогын өткізу қабілеті.

Электр тогы – бағытты қозғалыстағы электрондар ағыны.

Электрод поляризациясы – сыртқы токтың әсерінен электродтың электрлік күйінің (электродтың потенциалы, қос электр қабатының заряд тығыздығы) өзгеруі. 

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі – ионға ыдыраған молекулалардың үлесі. 

Электрохимиялық жүйе – электрохимиялық реакциялар өтетін жүйе. 

Электрохимиялық реакция – электрод пен электролит ерітіндісі арасында жүретін химиялық реакция.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет