Неке және отбасы туралы 1998 ж. 17 желтоқсандағы №321-i қазақстан Республикасының Заңы 2007. 27. 07. берілген



бет1/8
Дата19.06.2016
өлшемі479 Kb.
#147059
  1   2   3   4   5   6   7   8
Неке және отбасы туралы 1998 ж. 17 желтоқсандағы № 321-I

Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

     Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-бөлім. Жалпы ережелер  (1 - 8 баптар)  1-тарау. Неке-отбасы заңдары   (1 - 5 баптар)  2-тарау. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау (6 - 8 баптар)       2-бөлім. Неке   (9 - 44 баптар)  3-тарау. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі  (9 - 13 баптар)  4-тарау. Некені тоқтату (14 - 23 баптар)  5-тарау. Некенің жарамсыздығы  (24 - 27 баптар) 6-тарау. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері     (28 - 30 баптар)  7-тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері (31 -  баптар)1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі  (31 - 37 баптар)2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі (38 - 42 баптар)3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі (43 - 44 баптар) 3-бөлім. Отбасы  (45 - 99 баптар)  8-тарау. Балалардың туу тегін белгілеу (45 - 51 баптар)  9-тарау. Баланың құқықтары (52 - 59 баптар)  10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері   (60 - 66 баптар)  11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу       (67 - 75 баптар)  12-тарау. Бала асырап алу (76 - 99 баптар)       4-бөлім. Қорғаншылық және қамқоршылық  (100 - 123 баптар)  13-тарау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған (100 - 102 баптар) балаларды анықтау және орналастыру  14-тарау. Қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу тәртібі   (103 - 108 баптар)  15-тарау. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және қамқорлыққа    (109 - 118 баптар) алынғандардың құқықтық жағдайы  16-тарау. Патронат (119 - 123 баптар)       5-бөлім. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары       (124 - 162 баптар)  17-тарау. Ата-аналармен балалардың алименттік міндеттемелері  (124 - 132 баптар)  18-тарау. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-               (133 - 136 баптар)     зайыптылардың алименттік міндеттемелері 19-тарау. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік (137 - 142 баптар) міндеттемелері 20-тарау. Алимент төлеу туралы келісім  (143 - 148 баптар) 21-тарау. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру  (149 - 162 баптар) және өндіріп алу тәртібі       6-бөлім. Азаматтық хал актілері  (163 - 199 баптар)  22-тарау. Жалпы ережелер  (163 - 171 баптар)  23-тарау. Тууды тіркеу (172 - 177 баптар)  24-тарау. Әке болуды анықтауды тіркеу  (178 - 179 баптар)  25-тарау. Некені тіркеу (180 - 185 баптар) 26-тарау. Некенің бұзылуын тіркеу (186 - 189 баптар) 27-тарау. Бала асырап алуды тіркеу (190 - 193 баптар)  28-тарау. Атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу  (194 - 194 баптар)  29-тарау. Қайтыс болуды тіркеу  (195 - 199 баптар)      7-бөлім. Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер    (200 - 213 баптар) мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «аудандық (қалалық) атқарушы органның», «аудандық (қалалық) атқарушы органнан», «Аудандық (қалалық) атқарушы органдар», «аудандық (қалалық) атқарушы органдар» деген сөздер тиісінше «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан», «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Неке-отбасы заңдары

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

2) жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;

3) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

4) неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

5) балалық шақ - кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

6) мүліктің шарттық режимі - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;

7) суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;

8) патронат - уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

9) алименттер - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

10) отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

11) материалдық жағдай - жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

12) азаматтық хал актілері - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;

13) жақын туыстары - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалысіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

14) қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

15) қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

16) репродукциялық денсаулық - адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;

17) суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.



2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

18) қорғаншы және қамқоршы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.

2-бап. Неке-отбасы заңдарының негіздері

1. Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

1) еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.

3. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

4. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.

3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар

Неке-отбасы заңдары:

1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

4) азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

4-бап. Неке-отбасы заңдары және отбасы құқығының нормаларын қамтитын өзге де актілер

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

5-бап. Неке-отбасы қатынастарына азаматтық заңдарды қолдану

1. Осы Заңның 3-бабында аталған, неке-отбасы заңдарымен реттелмеген (осы Заңның 4-бабы) отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді.

2. Осы заңның 3-бабында көзделген қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.

2-тарау. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және қорғау

6-бап. Неке-отбасы қатынастарындағы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру

1. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады.

Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

2. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.

7-бап. Неке-отбасы құқықтарын қорғау

Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша - сот, ал осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Заңның тиісті баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

8-бап. Неке-отбасылық қатынастарға талап-арыздың ескіруін қолдану

1. Талап-арыздың ескіруі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты қорғауға арналған мерзім осы Заңмен белгіленген жағдайлар қосылмайды.

2. Талап-арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 177, 179, 180, 182-185-баптарының ережелерін басшылыққа алады.

2-бөлім. Неке

3-тарау. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі

9-бап. Некеге тұру шарттары

1. Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

2. Неке осы Заңның 11-бабында аталған мән-жайлар болған жағдайда қиылмайды.

10-бап. Неке жасы

1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

2. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.

5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

11-бап. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

Некеге тұруға:

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);

3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

12-бап. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру

1. Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.

2. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

13-бап. Некеге тұру тәртібі

1. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.

Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.

2. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.

3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

4-тарау. Некені тоқтату

14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы

1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.

3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.

Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.

15-бап. Некені бұзу

1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін.

2. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

16-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу

1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.

2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлізайыптылардың екіншісін:

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізеді.

17-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау

Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады.

18-бап. Некені сот тәртібімен бұзу

Некені сот тәртібімен бұзу:

1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.

19-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісім болмаған жағдайда некені сот тәртібімен бұзу

1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады.

2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлізайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады.

20-бап. Өзге де негіздер бойынша некені сот тәртібімен бұзу

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында аталған ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады.

2. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.

3. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 2-тармағында аталғанынан кемірек мерзім белгілеуі мүмкін.

21-бап. Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер

1. Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.

2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот:

1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге;

3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге;

4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті.

3. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.

22-бап. Некенің ол бұзылған жағдайда тоқтатылу кезі

1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда - соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

2. Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына жолдауға міндетті.

Ерлі-зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұруға құқығы жоқ.

23-бап. Некені тоқтатудың салдары

Некенің тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, некелік қатынастарынан туындайтын жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.

5-тарау. Некенің жарамсыздығы

24-бап. Некені жарамсыз деп тану

1. Осы Заңның 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ жалған жасалған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.

2. Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

3. Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы.

4. Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.

5. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге міндетті.

6. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.

25-бап. Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар

1. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:

1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса (осы Заңның 10-бабы), кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы;

2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;

3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы Заңның 11-бабының талаптарын бұза отырып қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;

4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет