Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп



бет1/3
Дата15.06.2023
өлшемі54 Kb.
#475135
  1   2   3
ref -neke-zhane-otbasy-zandary-7


Неке және отбасы заңдары
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуың Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерің қорғауды қамтамасыз етеді.
Осы Занда пайдаланытын негізгі ұғымдар

  1. неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

  2. жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;

  3. отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

  4. неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

  5. балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

  6. мүліктік шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгі ленген меншігінің режимі;

  7. суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;

  8. патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

  9. алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

  10. отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

  11. материалдық жағдайжалақының, зейнетақының, басқа да табыстарың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

  12. азаматтық хал актірлері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына жәке тоқталылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;

  13. жақын туыстары – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-ансы бқлек ағылы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

  14. қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

  15. қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әркетке қабілетсіз (әрекет қабиілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

  16. репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;

  17. суррогат ана – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет