Сонымен, отбасылық кризис дегеніміз не? Одан қалай
шығамыз?
Кризис отбасыда емес, әйелдің миында
басталады.
Ерім
мені
түсінбейді,
сыйламайды, қабылдамайды деп ойлағанда
әйелдің миында бірден отбасылық кризис
басталады.
3 жылдық кризис, тіпті, бір жылдан кейін де бола
алады, немесе 10 жыл өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бұл
екі жұптың психологиясына, «ожидание-реальность»
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
8
жайлы көзқарасына, отбасы жайлы ойына тікелей
байланысты.
Сіздерден ештеңені жасырмай, бір сырымды айтайын.
Осы жайлы кітапта жазамын деп ойламаған едім, бірақ
барынша ашық болсам, сіздер де мотивацияға толып, әлі
де кеш емес, бәрі де мүмкін екенін түсінетін шығарсыздар
деген оймен бар тәжірибеммен бөліскім келді.
Менің отбасылық кризисім тұрмысқа шыққаннан
кейін 1-2 ай өткенде басталды. Біз ата-енеден
бөлек тұрдық, мен студентпін, бос уақытым өте
көп. Бұл дағдарысқа дейін алғашқы ай өте
керемет өтті. Кешкілетіп шығып, қыдырып, көп уақытты
бірге өткізіп жүрдік. Бос уақытым көп болған соң менің
фокусым күйеуіммен бірге болуға бағытталатын. Көп
жерден естіген сөздеріңізді айтайын, адаммен күнде көп
уақыт бірге өткізсең, қызығы кетеді екен, шаршайды
екенсің, және миың жақсылықты көргісі келмей, фокусын
минустарға бағыттайды екен. Күнде сүйікті бәлішіңізді
жей берсеңіз, 1 айға жетпей-ақ бәлішіңіз сүйікті болмай
қалады ғой, тым тәтті, әрі тым майлы сияқты көріне
бастайды, шаршайсыз да, оған қарағыңыз келмей кетеді.
Адамның миы қарым-қатынаста да осындай күйді кешіреді
екен. Күнде күйеуіме фокусымды арнаған сайын, менің
миым одан шаршай бастады. Шаршаған нәрседен тезірек
арылу үшін минустарды ғана көре бастады. Бәлішті тым
тәтті, тым майлы деп көре бастағандай, күйеуім мен үшін
тым еріншек, ұйқыбас, потенциалы жоқ адам сияқты
өзгеріп жатқандай көрінді. Ал біздің миымыз ойлағанның
бәріне сырттан дәлел іздейді. Бұл ойларымды
мақұлдағандай, күйеуім азанда жұмысқа кешігіп шығатын,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
9
кейін мүлдем жұмысынан шығып кетті, ал бос күндері
басталғанда оны түсінуге, сыйлауға тырыспадым және
оның шешімін мүлдем қабылдағым келмеді. Кешігіп
келген адамға даналықпен көңілімді жеткізудің орнына,
минустарын айтып, тізе бердім. Менде күйеуімнің
намысына тисем, ол ойланып, ұялып өмірін өзгерте
бастайды деген ой болды. Бірақ, керісінше, ол түсінгісі
келмейтін әйелінен қаша бастады. Күнде таңға дейін
достарына кетіп, азанда келгенде тағы ренжіп «қанша күн
осылай жүресің?» деп ашық айтатынмын. Бұл біздің
арамызды мүлдем алшақтатып, сансара сияқты кризистен
шығу мүмкін емес еді. Күйеуім мендегі реніш, ашу үшін,
намысына тие бергенім үшін күндіз-түні үйден қашатын,
қырсығып жұмыстан безетін, ал мен «ол үйде болмады,
маған көңіл бөлмеді, өтірік айтты» деп тағы тиісетінмін.
Ерім үйде көп уақыт болуы үшін, жұмысқа ынтасы
болу үшін не істеу керек, маған көңіл бөлгісі келу үшін не
істеу керек деген сұрақтар мені мүлдем мазаламайтын.
Менің бар ойым күйеуімді кінәлау еді. Оның маскасы
шешіліп, бұл өмір әділетсіз сияқты болып, күйеуім
шынымен кінәлі көрінді, себебі, ол үйлі еркек, тек қана
отбасын ойлау керек деп ойладым.
Оны аңдыған сайын менің күмәнімді ақтайтын. «Мені
тексеретініңді білемін, әдейі саған осыны істеймін,
қоймаймын» деген еді. Күнде құрбыма хабарласып,
күйеуімнің жат қылықтарын тізіп айтып беретінмін, ал
құрбым күнде ажырасу жайлы ойларды миыма құя беретін.
Содан кейін «отбасыны қалай сақтасам екен?» деп емес,
«қалай ғана осындай адаммен бірге тұрып жатырмын?»
деген ойлар көбейе бастады. Үйдің атмосферасы
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
10
бұзылғалы күйеуімде депрессия басталды. Үйде жүрсе
қабағы ашылмайтын, мен де көңілсіз жүрем. Енді
татуласайын деп бәрі жақсы сияқты болғанда қолым
қышып, телефонын ақтара бастаймын. Содан көңілім
түсіп, қайтадан сол сансараға екеуміз түсіп кететінбіз.
Тұрмысқа дейін ұрыспайтын, тек жылы сөйлеп, еркелетіп,
маған асығатын күйеуімнен түгі қалмады. Жыласам,
«спекталь қоймашы» деп жасыма мән бермей, ұрысса
қатты дауыспен сөйлейтін адам пайда болды. Үнсіз қалсақ,
жұмсақ сөйлесем, күйеуім соған үйреніп кетеді деп қорқып
басымнан сөз асырмай, жеңуге тырысатынмын. Мен
онымен жарыса бастағанда ол да ерегісіп, мені басындыра
берді. Ол «Әйелдік қасиетің жоқ, әйел сияқты болсайшы,
әйелдік орныңды біл» дейтін, бұл сөздерді сол уақытта
кемсіту деп қабылдағанмын, бірақ қазір сол нағыз менің
қателіктеріме бағытталғанын түсініп тұрмын. Біздің
дағдарыс - менің әйелдік рөлден шығуымнан басталған еді.
Бірнеше ай өткен соң, тіпті жарты жыл өтті ғой деймін,
бұлай ұзақ жалғаса берсе отбасымыздан ештеңе қалмайды
деп ойлана бастадым. Менде таңдау болды, ажырасып кету
немесе көну, барлығын қабылдау және өзімді өзгерту.
Осының бірін таңдау үшін маған сезімді емес, миды қосу
керек болды. Егер ажырассам, ата-анамның алдында ұятқа
қаламын, және ертеңгі күні өкініп қаламын деген ой болды.
Ал өзгерсем, мүмкін бәрі жақсы болып кететін шығар,
мүмкін ол да өзгереді деген үмітім болды. Тіпті, ол
өзгермесе де мен қолымнан келгенін жасадым деп
ажырасуға өкінбес едім.
Мен таңдау жасадым! Барлық жұптарда бет перделері
шешіліп, бір-бірінің минустарын көру, түсінгісі келмеу,
өзіңді идеал санау, басқаның өзгеруін талап ету, өзіңді
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
11
жертва сезіну, сен бәрін жасап тырысатын сияқтысың,
бірақ ешкім оны көрмеуі, бағаламауы сияқты кезеңнің
болатынын түсіндім.
Ең бірінші жасаған амалым- Жаратушыдан пана сұрау,
Аллаға дұға ету. «Иә, Аллаһым, сынақ болса, жеңілдетші.
Күйеуіммен арамызға мейірім орнатшы, сен жүректерді
Басқарушысың! Күйеуімнің жақсы жақтарын көруге, өз
кемшіліктерімді көруге көмектесші. Қай жерден қателік
жібердім, енді арамызда махаббат болу үшін не істеуім
керек, маған бағыт берші, сен бәрін Реттеушісің ғой, Сен
бәрін Білушісің!» деп дәл осылай күнде жатарда дұға етіп
жүрдім. Бұл менің ең алғашқы өзгеруге қадамым, әрі қарай
енді әрекет ете бастадым.
Достарыңызбен бөлісу: |