Ақсай қаласының №5 жоббм «Ғ» сыныбында 15 оқушы оқиды. Оның қыз, ұл бала



Дата20.10.2022
өлшемі16.77 Kb.
#463026
Сыныпқа мінездеме


Сыныпқа мінездеме
Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ 9 «Ғ» сыныбында 15 оқушы оқиды. Оның 8 қыз, 7 ұл бала.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік дастарқан түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сынып жетекшісі: Д. С. КусаиноваБекболатов Мирас Жарқынұлы 2004 жылы 10 сәуірде туған.
Шемонаиха қаласындағы «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
9-сынып оқушысы. Ол сабырлы, мейірімді, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғадық жұмыстарға белсенді қатысады. Мирас толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Мирас сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші жақсы . Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Мирас мектептегі шараларда өз өнерімен жо
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА МІНЕЗДЕМЕ
«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8«В» сынып. Сыныпта 23 оқушы бар. Оның ішінде 13 ұл бала, 10 қыз бала. Сынып жетекшісіМистемирова Маржан Касенгалиевна. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне үш ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 3, орташа оқитын балалар саны –8, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар осал. Тек екі қыз ғана ән мен биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады., Баскетболға 6 ұл, дзюдоға 3 ұл, футболға 7 ұл қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Ұлдардан: Ақжол, Мадияр. Қыздардағы айырылмас жұп: Маржан мен Іңкәр. Сыныпта мазасыз оқушыда бар: Элдос. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Мысалы, қарттар мерекесіне байланысты сынып жетекшілерімен бірге қарт Сәку апаның үйіне сыйлық алып құттықтап бардық. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет