Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
36
Әйелдік энергетикасы бар әйел барлығынан көмек
сұрай алады, көмек қабылдай алады және көмек бергенге
алғыс айта алады.
Әйелдік энергетикасы мол әйел өзінің өмірін «істеу керек»
деген позициядан емес, «істегім келеді, қалаймын» деген
позициядан басқарады.
Оның ойында күйеуінің өмірі емес,
өзінің өмірі басым
орын алады.
Әйелдік энергетикасы көп әйел еркекпен ұрыста,
жұмыста, үйде жарыспайды. Бәсекелеспейді. Ол еркекке
еркек
деп қарап, ал өзіне әйел деп қарайды. Сондықтан, ең
бірінші, әйел сияқты сипатыңыз артылғанын қаласаңыз,
өзіңіздің ойыңызды бақылап бастаңыз. Бүгін, осы кітапты
оқып бастаған сәттен-ақ, ойыңызда кім көп? Еркек пе, әлде
сіз бе, соны бақылаңыз. Егер ер адамның сөзін, ойын, ісін
көбірек ойласаңыз, онда өзіңіздің
ойыңызды басқаруды
үйреніңіз. Өзіңді басқару жайлы кітапта көп айтпаймын,
себебі жазбаша бұны түсіндіру қиын, оны сабақтарымда
ми
мен сананың байланысын сызып, көрсетіп қана
түсіндіре аламын.
Сізге берер кеңесім, енді ғана ер адам жайлы ойлап
бастасаңыз, өз өзіңізге «СТОП!» деп, бірден кітап оқып,
өзіңіздің
келбетіңізді
ойлап,
қазір
не
істеп
жатқаныңызды
мұқият
ойлай
бастаңыз.
Фокусыңызды бірден өзіңізге аударыңыз. Үнемі
осылай жасап бастасаңыз, миыңызда жаңа нейронды
байланыс қалыптасады, фокусыңызды басқару әдетке
айналып кетеді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
37
Достарыңызбен бөлісу: