Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
67
Ер мен әйел арасындағы баланс
Жалпы бұл әлемнің заңдылығы бір керемет
баланста құрылған. Қоршаған ортаңнан көп
нәрсе алу үшін көп нәрсе беру керек. Ер мен әйел
адамның қарым-қатынасында да
дәл сондай
баланс болуы керек. Ол баланс алу мен беруде,
сұрау мен өтініш орындауда, ресурстық күйде,
эмоционалдық күйде.
Әйелдің өмірінде сұрау және алғыс айту амалдары
маңызды
рөл
ойнайды.
Яғни
отбасыда
әйел
жаратылысының негізгі миссиясы көмек сұрау,
өтініш
айту және көмектескен адамға алғыс айту, риза болу. Әйел
– әлсіз жаратылыс. «Өзім жасаймын», «Өзім істей
аламын», «Өзімнің қолымнан келеді» деген сөздер әйелдің
әйелдігін өлтіреді. Нағыз тұрарлық, бағалы әйел болып
қалғыңыз келсе, сұрап, өтініш
айтып және алғыс айтып
үйренуіңіз керек.
Әйелдің ер адамдармен
қарым-қатынасындағы
балансты бұзатын 3 негізгі қателігі бар:
1.
Әйел өзінің ер азаматын аяйды. Мысалы,
күйеуіңіздің айлығы 100 мың теңге болса, ал
сіздің
телефоныңыз бұзылып, жаңа телефон алу қажет болса
оны аяп, телефон сұрамайсыз. «Күйеуімнің айлығы
әлі түспейді, түссе де 100 ақ мың неге жетеді, одан да
телефонсыз жүре тұрайын немесе өзім кредитке
алармын»
деген
оймен
өзіңіздің
алдыңызда
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
68
күйеуіңізді түкке тұрғысыз етіп түсіріп тастайсыз.
Сіздің ер азаматыңыз
сізге соны бере алмайтынын,
қолынан келмейтінін түсінесіз. Егер әйел өзінің
еркегін аяйтын болса, тек қана қымбат сыйлық
сұраудан
ғана емес, өз қажеттіліктеріңізді де сұрай
алмайтын боласыз. Жұмысынан шаршап келіп
демалып жатса, диванды орнынан қозғап берші деп
сұрауға, үйде азық-түлік
бітсе тамақ алайық деуге,
ауыр пакетті көтерші деп сұрауға да аяйтын боласыз.
Бұның барлығы өте үлкен қателік. Аяйтын болсаңыз
еркек үшін оның міндетін де өзіңіз жасай салатын
боласыз.
Бұндай
әрекеттермен
күйеуіңіздің
тестостеронын төмендетесіз.
2.
«Өзім істей аламын» деген ой. Мысалы, сіз жұмысқа
асығып бара жатырсыз, ал күйеуіңіз кеш тұрды әрі әлі
уақыты бар. «Жаным, төсекті жинай салшы» деп
өтініш айта алмайсыз. Себебі сізде сол баяғы «Өзім
істей аламын» деген ой бар. «Өзім де жасай аламын
ғой, оны алаңдатып қайтемін. Оған айтсам да
жақсылап жинамайды,
артынан дұрыстап жинау
керек. Сізде тәкаппарлық болып тұр. «Мен жақсырақ
жасаймын, әрі өзімнің қолымнан келеді ғой, оған
өтініш айтып қайтемін» деп тәкаппарлық танытып
тұрсыз.
Достарыңызбен бөлісу: