Зкт: Қазіргі уақытта we желісі қарқынды даму үдерісінде екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Сіздің барлық онлайн деректеріңіз бен транзакцияларыңыз үлкен компаниялардың құзіретінен құтылып



Дата02.03.2022
өлшемі13.17 Kb.
#455904
Сюжет Самат


Самат Раимбеков
Сюжет
ЗКТ: Қазіргі уақытта WEB3.0 желісі қарқынды даму үдерісінде екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Сіздің барлық онлайн деректеріңіз бен транзакцияларыңыз үлкен компаниялардың құзіретінен құтылып, барлығына өзіңіз жауапкершілікпен қарай алатын болдыңыз. Ендігі сіздің ақпараттарыңыз тек өз қолыңызда. Жарнаманы жағымсына ұсынатын дүкендердің сіздің қызығушылықтарыңызды қайдан білетіндігінен жалыққан болсаңыз, дәл қазір WEB3.0 желісіне қосылғаныңыз жөн.
СНХ: IT-маманы Жұмағұл Жұмағұлов.
Аударма: WEB3.0 ғаламтордың жаңа концепциясы және оның басты бағыты децентрализация болып табылады. Қазіргі уақытта WEB3.0 қандай болуы мүмкін деген сауалдар көпті мазалауда, десе де, ол жайлы ақпараттың бізге мәлім тұстары да бар екенін атап өткеніміз жөн. WEB3.0-де орталық бақылау аппараты болмайды, яғни барлық ақпарат ғаламторды пайдаланушының өз қолында деген сөз. Былайша айтқанда, Google, Facebook тәрізді үлкен компаниялар сіз жайлы ақпаратты оңайлықпен ала алмайтын болады.
ЗКТ: Бұдан бөлек WEB3.0 желісінің тағы бір ерекшелігі өз қызметтері үшін жасанды жадпен жұмыс жасап үйренуінде болмақ. Бұл жайлы толығырақ IT-маманы Жұмағұл Жұмағұлов айтып өтсе:
СНХ: IT-маманы Жұмағұл Жұмағұлов.
Аударма: WEB3.0 жасанды жадпен жұмыс атқара алатындығына келсек, бұл желінің өзінен бұрынғы WEB1.0 желісіндегідей тек қана оқу құралы болмағанын және қазіргі уақытта өзіміз қолданып жүрген WEB2.0-ден өзгешелігі де осы адам мен компьютердің байланысының жеңілдеуі болмақ. Бұл дегеніміз WEB3.0 жасанды жад арқылы бұрынғыдан жылдам әрі, ақылдырақ болады.
ЗКТ: WEB3.0 желісі қазіргі уақытта тек тестілеуден өтіп жатқандықтан, әзірге асығыстық танытпаған да дұрыс болар. Дегенмен, келер болашақтың қандай болатындығын бәріміз де бай-жайлап қалғандаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет