Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 36 бұйрығына
2-қосымша
«Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
көрсетілетін қызмет беруші;
«электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) баламалы негізде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өзгерістер, толықтырулар енгізілген және түзетілген құжатты қағаз жеткізгіште берген уәкілетті адамның қолы қойылған жаңа куәлік беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
2) порталда:
көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеуді қабылдау туралы хабарлама не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағыменкөрсетілген қажетті құжаттарды немесе электрондық сұрау салуды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы немесе орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен өтінішті қарау және ұсынылған құжаттарды тексеру;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;
4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе орталық қызметкеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманына (бөлім басшының бірлігі қарастырылмаған аумақтық әділет органдарында) орындау үшін береді;
3) азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкестігін тексереді;
4) ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті басып шығарады.
Салтанатты түрде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды жолдайды, жауап алынған соң «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, дайын азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді.
5) тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді, одан кейін азаматтық хал актілері туралы куәлікке көрсетілетін қызмет берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;
6) дайын азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу рәсімін жүргізген кезде ұсыну үшін маманға беріледі.
Ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға және Стандарттың 9-тармағына сәйкес болмаған жағдайда бөлім маманы заңнамаға сілтеме жасай отырып мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жасайды және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға жолдайды.
Көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну үшін жолдайды.
Көрсетілетін қызмет алушыға бас тарту көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне құжаттарды тапсырған күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде беріледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылықты) тұру туралы бірлескен өтінішті берген күннен бастап бір ай мерзімі өткеннен кейін тіркеуші органмен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мамандарының рәсімдері кезектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес кестеде келтірілген.
Некені (ерлі-зайыптылықты) қию мемлекеттік тіркеу уақыты некеге (ерлі-зайыптылықты) тұруға білдірген тұлғалардың келісімі бойынша тіркеуші органымен белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушылар үшін жағдайлар қарастырылған ғимаратта көрсетіледі.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу музыкалық шығарып салусыз және салтанатты рәсімсіз, азаматтарды қабылдау үшін кабинеттер қарастырылған уәкілетті органның ғимаратында жүргізіледі.
Тұрғын-жайда мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушылар үшін жағдайлар қарастырылған.
Қол жетімді жерлерде толтырылған бланк үлгілерімен ақпараттық стендтер орналастырылған.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды салтанатты түрде мемлекеттік тіркеу кезінде неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу уәкілетті органның арнайы жабдықталған не неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды тіркеуді салтанатты жүргізу үшін қажетті атрибуттары (Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік ту), сондай-ақ музыкалық сүйемелдеуі (Ф. Мендельсонның «Той маршы») бар арнайы неке қиюға арналған мемлекеттік неке қию сарайларында жүргізіледі.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу рәсімін салтанатты түрде өткізу кезінде коммерциялық ұйымның қатысуына жол етілмейді.
Некеге (ерлі-зайыпты болу) отырушы тұлғалардың ниеті бойынша неке қию рәсімін уәкілетті органның қатысуынсыз коммерциялық ұйымдар жүргізе алады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
Ескерту. Регламент 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» Мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің)
сабақтастығын сипаттау
1
|
Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы) №
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2
|
Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі
|
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі
|
Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы
|
Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда)
|
Көрсетілетін қызмет берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі
|
3
|
Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сабақтастығы
|
Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау
|
Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім бастығы бірлігі қарастырылмағанда) қарауға жолдайды
|
Құжаттарды қабылдау және тексеру, құжаттарға талдау жасау, «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу, азаматтық хал актілері туралы куәлікті рәсімдеу
|
Азаматтық хал актілері туралы куәлікке қол қою, көрсетілетін қызмет берушінің мөрін басу
|
Дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде беру
|
4
|
Аяқталу нысаны азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік)
|
Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру
|
Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну
|
Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау
|
Ұсыну үшін кеңсеге беру
|
Көрсетілетін қызметті алушымен құжатты алу
|
5
|
Әр рәсімнің ұзақтығы
|
30 минут
|
15 минут
|
Некені тіркеу үшін 30 күнтізбелік күн, акт жазбасына өзгерістер енгізу үшін 15 күн, сұрау салу жолдағанда – 30 күн
|
30 минут
|
15 минут
|
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» Мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің
АНЫҚТАМАСЫ
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
(көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы)
Ескерту. Регламент 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 19.06.2014 № 215 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
*Қызмет уәкілетті орган арқылы көрсетілгенде
*Қызмет Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілгенде
** Қызметті электронды түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсеткенде
*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі;
Достарыңызбен бөлісу: |