Нельсон Мандела саясаты
Нельсон Ролилахла Мандела — Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті. Апартеид кезінде адам құқықтары үшін күрескен белсенділердің ең танымалы. Саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн абақтыда отырып шыққан.Сонымен қатар, ол 1993 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы иегері болып табылады.
Коса ру көсемінің ұлы Мандела Уитвотерсренд университетінде заңды оқиды, 1944жылы Африка Ұлтық Конгресінің (АҰК) құрамына енді. Шарпевилдегі (1960) шеруде болған ату жазасынан кейін «күштемеу» саясатынан бас тартып, АҰК-нің «Ұлт найзасы» жауынгерлік қанатының негізін қалауға көмектесті.
1962 жылы қамауға алынып, өмір бойы абақтыда отыру жазасына тартылған. Оңтүстік Африкадағы қара нәсілділердің арасында үлкен қолдауға ие болып, халықаралық мәнге ие қайраткерге айналды.1990 жылы президент Ф.Вде Клерк босатып алғаннан ейін 1991 жылы АҰК президенті О.Тамбоның орнына келді.
1993 жылы Мандела мен де Клерк Апартеидті жоюға, нәсілдік емес демократияға ауысуды орындауға ұмтылғаны үшін Нобель сыйлығына ие болды. 1994 жылы жалпыға бірдей сайлау құқығының принципі бойынша ұйымдастырылған мемлекеттегі бірінші сайлауда Мандела президент болып сайланды. 1999 жылы отставкаға кетерде бұрынғы отарлық Африканың барлық өкілдерінің толық әлемдік мойындауына ие болды
1944 жылы Африка Ұлттық конгресінің мүшесі болды. Ақнәсілді билік Шарпевилль қаласының (1960) бейбіт шеруін қантөгіспен атқылағаннан кейін «Ұлт найзасы» ұйымының негізін қалады. 1962 жылы өмір бойына абақтыға жабылды. Нельсон Мандела қаранәсілділердің өз жерінде отырып, құқықсыз қалғанына қарсы, «апартеид» деп аталатын әділетсіз қоғамдық құрылыспен күрескені үшін 27 жыл абақтыда отырып, нәсілдік теңсіздік үшін қайтпас күреске шықты. Ол өз елінде ақнәсілділер мен қаранәсілділердің бейбіт қатар өмір сүретін «кемпірқосақ бояулары мемлекетінің» негізін қалады. Өткен ғасырда Оңтүстік Африканы жаулап алған ақнәсілділердің «апартеид» атты заңды қоғамы құрылған еді. Мұны қазақша «екіге бөлініп даму» деп атауға болады. Яғни, нәсілдік теңсіздікке негізделген мемлекеттің халқы әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйе бойынша ақнәсілділер бір бөлек, қаранәсілділер бір бөлек оқшау өмір сүрді. Ақнәсілділер мемлекетті басқарды, олардың адам ретінде барлық саяси құқықтары сақталды және дәулетті, бай өмір сүрді, ал қаранәсілділер АҚШ-тың резервациясында кедей ғұмыр кешкен үндістер сияқты шектеулі және екінші сортты дүниеде өмір сүрді. Оларда сайлау құқы, жақсы жұмысқа тұру құқы болған жоқ. Оқу, білім және денсаулық сақтау мүмкіндігі де қамтамасыз етілмеді. Нельсон Мандела өз елінде тұрып, өгей баланың күйін кешкен қаранәсілділердің құқы үшін күресті. Бүкіл өмірін осы әділетсіздікті жоюға арнады. Осы мақсаты үшін 1-2 жыл емес, 27 жыл бойы абақтының ең азапты төрінде қапаста болды. Оны әуелде өлім жазасына кескен, кейін өмір бойы абақтыда отыру үкімін шығарды. Бірақ, түптің түбінде Әділеттілік пен Адалдықтың ақ туы жеңіске жетіп, тек Оңтүстік Африка Республикасының халқы ғана емес, Африка құрлығы, қала берді, бүкіл әлем қолдауына ие болған соң, ақнәсілді мемлекет басшылары оны абақтыдан босатуға мәжбүр болды. 1990 жылы абақтыдан босаған соң Африка Халық конгресі партиясының жетекшісі болды. 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасының президенті болып сайланды. Тарихта Нельсон Мандела сияқты бақытты саясаткер кемде-кем. Ол өзінің ұзақ та, мазмұнды өмірін ұлт мүддесіне арнады және діттеген мақсатына жетті. Көзі тірісінде тәуелсіз қаранәсілді мемлекеттің басшысы болып, сол елдің Ата заңын түбегейлі түрде қайта өзгертті. Нәсілдік теңсіздікті жойды, оны мойындамаған ел қалмады.
Нельсон Мандела 5 желтоқсан 2013 жылы Йоханнесбургте қайтыс болды.Оның дүниеден озғаны туралы Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума былай:”Ол тыныш 20 сағат 50 минут өткенде өмірден өтті.Біздің ұлтымыз ұлы баласынан айырылды” деп хабарлады.
Халықаралық Нельсон Мандела Қоры жыл сайын 18 шілде күні әрбір адамды басқа адамға көмектесуге 67 минут уақытын жұмсауға шақырады. Қор жыл сайын 18 шілде күні «67 минут көмек» акциясын өткізіп тұрады.
Өйткені Нельсон Мандела - өмірінің 67 жылын бейбітшілік, гуманизм, азаттық және адам құқығы істеріне жұмсаған адам.
Достарыңызбен бөлісу: |