Сөйлеу тілі жалпы дамымаған бірінші кіші топ балаларының
сөздік қорын дамыту
Қазіргі таңда, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сөйлеу тілі бұзылысы көптеп кездесуде, оның ішінде сөйлеу тілі ақаулықтарының ішіндегі ең көп тараған және күрделі түріне жататыны сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) болып саналады. Балалар кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж.
Республикамызда сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалар әр түрлі арнайы білім беру, түзету мекемелерінде көмек алуға құқылы. Бүгінде, ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың дамуына, олардың ата-аналарына деген қоғамның көзқарасы түбегейлі өзгеруде, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты Қазақстанның бірқатар халықаралық құжаттарға қол қоюы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау көрсету туралы» Заңы, 2005ж. оларға қатысты біршама мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді.
Баланың сөйлеуі дұрыс әрі неғұрлым бай болса, соғұрлым қоршаған шындықты тану мүмкіндіктері кең болады, бала өз ойын кеңінен айта алады, сонымен бірге үлкендермен, құрдастарымен толыққанды қарым-қатынаста болады, және психологиялық дамуы белсенді түрде жүзеге асады.
Сондықтан баланың сөйлеу тілін өз уақытында қалыптастыру, оның дұрыстығын, сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстарының алдын алу мен түзету өте маңызды.
СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН БІРІНШІ КІШІ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сөйлеу тілі жалпы дамымаған бірінші кіші топ балаларына теориялық сипаттама
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірлеген.
Бағдарламаның мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған (СТЖД) балаларда бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша әрі қарай ана тілін меңгеруге сапалы дайындыққа және қоршаған ортада әлеуметтік бейімделуге, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |