НӘРЕСТЕНІҢ ЖАМБАСПЕН КЕЛУІ
Нәрестенің жамбаспен келуі шамамен 3-4%кездеседі. Кейбір авторлардың байқауынша 2,7-5,4% дейін, көбінесе егіз туғанда кездеседі. Баланың жамбаспен келіп туылуы жылдар бойы акушерлерді толғантып келеді. Себебі бұл жағдайда (баспен келгенге қарағанда), баланың туы¬луы қиын,әрі күрделі болғандықтан ,бала өлімі 3-5 есе көп болуымен қатар,көп жағдайда бала зақымданып туылады. Дегенмен баланың жамбаспен туылуы, бүгінгі күнге дейін мамандар ара¬сында дұрыс немесе дұрыс емес деп, нақты шешімін тапқан жоқ. Себебі кейбір жағдайларда, әрине нәрестенәң салмағы үлкен болмаса, жамбас өлшемі ойдағыдай болып, толғақ жақсы болса, бала қиындықсыз туылады. Сондықтан баланың жамбаспен келгендегі туылу биомиханизімін және оны қабылдау әдісін білудің маңызы үлкен.
Жоғарыда айтылған қиындықтардың басты себебі,бала туылғанда босану жолы арқылы алғаш баланың ең үлкен жері (басы) емес, жамбасы өтеді де, соңғы туылатын бас кедергіге ұшырауы мүмкін. Сондықтан акушерлер теріс келіп туылған баланың тағдыры, өлім мен өмір арасында дейді.
Жамбаспен келуді жіктеу.Жамбаспен келуді негізінде екі топқа бөледі:
1 Жамбаспен келуі;
2 Аяқпен келу.
1 Жамбаспен келу
а)таза жамбаспен келу(толық емес);
б)аралас жамбаспен кеу (толық) деп екіге бөлінеді.
а) таза жамбаспен келу деп кіші жамбас қуысына кіре берісте тек қана жамбасымен
(құйрығымен)келгенді айтады (аяғы жоғарыда);
б) аралас жамбаспен келгенде кіші жамбасқа кіре беріске баланың жамбаспен бірге тізеде бүгілген аяғы да келеді.
2 Аяғымен келу
а) толық (екі аяғы бірдей келсе)және
б)толық емес ( бір аяғыкелсе)
деп екіге бөлінеді.
Жамбаспен ең сирек кездесетін түрі- тіземен келу.
Құйрықпен келу, аяқпен келуге қарағанда екі есе көп кездеседі және барлық жамбаспен келудің 30-33%-н құрайды.
Таза жамбаспен келу
Аралас жамбаспен келу
Толық аяқпен келу
Баланың жамбаспен келу себебі әлі де белгісіз, дегенмен дәрігерлер бұл жағдайды былайша түсіндіреді:
1.Қағанақ суының көптігі, баланың салмағы кіші болып көбірек қимылдауынан;
2.Баланың баспен жайғасуына кедергі болатын жағдайлар, жамбастың тарлығы, бала серігінің төмен бітуі, жатырдың төменгі сигментіндегі ісіктер;
3.Қағанақ суының аз болу, жатырдың толық жетілмеуі, нәтежесінде баланың еркін қозғала алмау;
4.Жатыр бұлшық еттерінің жиырылу қабілетінің (төмендеуі) нашарлауы.
Баланың жамбаспен келуін анықтау.
Негізінде баланың жамбаспен келуін анықтау айтарлықтай күрделі емес. Себебі сырттай тексергенде баланың басы әрі үлкен, әрі қатты, доңғалақтау болып жатырдың жоғарғы жағынан анықталады, ал жамбас жұмсақтау, домалақ емес және бас сияқты қатты қозғалмайды. Көп жағдайда бас төмен жатқанда қозғалып (қолмен қозғағанда)білінеді. Толғақ кезінде жатыр мойны ашылып, қағанақ жарылып су кеткен жағдайда, баспен жамбасты ажырату қиын есес.
Баланың жамбаспен келуін тек бетпен келгеннен ажырата білу керек. Бетпен келгенде мұрын, көз, ауызды анықтау керек. Ал жамбаспен келгенде, баланың құйрығын, құймышағын және жыныс мұшелерін анықтауға болады. Баланың аяқпен келгенін анықтау қиын емес, тек аяқты қолмен ша¬тастырып алмау керек. Аяқта әрине өкше болады, саусақтары қысқа, ал қолдың саусақтары ұзын.
Бала жамбаспен келгенде жүрек соғуы кіндіктен жоғары анық естіледі.
Баланың жамбаспен келіп, туыларда қолайсыз жағдайлардың бірі қағанақ суының ерте кетуі, себебі жамбас бас сияқты жамбас қуысына кіре берісті түгел жауып тұрмайды, сондықтан қағанақ суы артқы және алдыңғы су болып екіге бөлінбестен, толғақ кезінде барлық қысым төменге түсіп қағанақ ерте жарылады және сумен бірге кіндік те түсіп кетуі мүмкін. Босанудың екінші кезеңінде, жамбастан кейін бас үлкен болғандықтан, туылуы қиындайды, ал кейбір жағдайларда қол баспен бірге жоғарыда қалып қойса, ол босануды қиындата түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |