МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
Тақырып: Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.
Мақсаты:
1. Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдарымен танысу.
2. Студенттерді интроскопия түрлерімен таныстыру.
Оқытудың міндеттері: Студент медициналық интроскопияның маңызын және физикалық
ерекшеліктерін оқып үйренуге міндетті.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Медициналық интроскопия туралы жалпы түсініктер.
2. Медициналық интроскопиялық жабдықтар қажеттілігінің түрлері.
3. Медицинадағы қолданылуы.
4. Интроскопиялық әдістердің түрлері.
5. Медициналық интроскопиялық приборлардың түрлері мен қажеттіліктері.
Оқыту әдістемесі: топпен жұмыс.
Ақпаратты-дидактикалық бөлім.
Интроскопия (intro (лат.) — ішкі, және skopeo (лат.) – көру) оптикалық күңгірт
денелер мен орталарда сол сияқты нашар көріну жағдайында объектілерді, құбылыстарды
және үрдістерді көру арқылы бақылау. Интроскопияның негізгі мақсаты бұйымдардағы,
денелердегі және ортадағы негізгі қасиеттердің әртүрлі ауытқушылықтарын
табу мен бір
жүйеге келтіру, жартылай мөлдір және бұлыңғыр орталарда өтетін құбылыстар мен
үрдістерді зерттеу.
Интроскопия әртүрлі өтімді сәулелер мен өрістердің кеңістіктік таралуына
негізделген көру құралдарының көмегімен жүзеге асырылады:
олар ортаның серпімді
толқындары (10 Г
ц тен 1000
МГц-дейінгі), электромагниттік тербелістердің барлық
диапазондары (қатты гамма-сәулелерден төменгі жиіліктегі тербеліске дейін),
магнитостатикалық, электрлік және гравитациялық өрістер,
сол сияқты элементар
бөлшектердің ағыны (нейтрино, нейтрондар және т.б.).
Гамма – рентгендік интроскопия кез-келген химиялық құрамдағы және
температурадағы еркін формадағы сұйықтар мен қатты денелерден өте алатын гамма және
рентгендік сәулелерді пайдаланады. Рентгендік сәулелерінің жоғарғы рұқсат етуші
қабілеттілігі мөлдір емес материалдардағы аса ұсақ қоспаларды бақылауға мүмкіндік
береді.
Инфрақызыл
интроскопия
көптеген
заттардың
химиялық
құрамына,
молекулалардың құрылымы мен заттың агрегаттық күйіне
байланысты олардың
инфрақызыл сәулелерді жұтуы мен шағылдыру қасиетіне негізделген. Инфрақызыл
сәлелердің таралуы жарықтың оптикалық заңдарына бағынады;
оптикалық құралдардың
көмегімен көрінбейтін инфрақызыл бейнелер қалыптастырады, содан кейін оларды
көрінетін бейнеге түрлендіреді. Өрістердің таралуын
тікелей бақылау әдістері, мысалға
магниттік немесе электрлік, магнитооптикалық құбылыстарға негізделген.
Интроскопия
ультрадыбыстардың металдардан, пластмассалардан,
тірі ұлпалардан, көптеген құрылыс
материалдары мен оптикалық мөлдір емес сұйықтардан өте алатын қасиетіне сүйенеді.
Радиоинтроскопияда өтімді сәулелер ретінде ұзындығы мм-дің аз ғана бөлігінен
бірнеше м-ге дейінгі электромагниттік толқындар пайдаланылады. Аса ұсақ объектілердің
бейнелерін алу үшін көбінесе милиметрлік және
сантиметрлік диапазондағы
радиотолқындар қолданылады.
Интроскопиялық әдістердің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:
·
проекциялық – объектінің көлеңкелік бейнесін алу;
·
томографиялық – объектінің томографиялық бейнесін алу;
·
эхозондтау, соның ішінде доплерлік.