Невроз (лат neurosіs жүйке тозуы) адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт
Невроз (лат. neurosіs — жүйке тозуы) – адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса – инфаркт, асқазаны ауырса – қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады. Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения, истерия деген түрлері ажыратылады. Невроз –жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларыныңбірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Қорқыныш неврозы:Қорқыныш - кішкентай бала атаулыға тән нәрсе. Бала емусіздіктен, жазалау қаупінен, айқайдан қорқады. Мүны аурудың әдеттегі көрінісі деп емес, дені сау балалардың әдеттегі қорқынышы деп қабылдауымыз керек. Алайда баланы қорқыта беру, оған қоқан - лоқы көрсету бірте - бірте қорқынышты сипат алуы мүмкін. Бала бөгде адамдардан, қараңғыдан қорқа бастайды, бөлмеде жалғыз қала алмайды, басқа адамдар арасында үрейленеді. Қорқыныш күйі басылуы да немесе қайтадан өрлеу де мүмкін. Баланы қорқынышты күйден құтқару үшін үлкен адамдар оның таяныш -тірексіз еместігіне, жақсы қарым - қатынаста өмір сүретініне сенімін арттыруы керек. Жабықтыратын жай- күй неврозы. Мектеп өміріне бейімделудің қиын кезеңінде, яғни бала оған шамадан тыс күш түсетін жағдайға тап болған кезде ол мазасыздың, бұл жағдай біртіндеп қорқыныштық жабдықтыратын жай -күйіне немесе сылбыр қозғалысқа ұласа бастайды. Қорқыныш жағдайында баланы қандай болмасын азапты ойлар билейді. Ол ғаламат күші бар белгілі бір рухтан, өлімнен, ақыр аяғында мұғалімге жауап бере алмай қалудан қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда егер одан жауап беру талап етілсе, ол өзінің жүрегі алқымына тірелгені, бұлшық еттерінің құрысып - тырысуынан тынысы тарылып, суық терге малшынғанын сезінер еді. Бала жауап беруден қорқады. Ол өзінің дене күйзелістерінен қорқады.Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, Қуық ұстамау неврозы
Тұтықпа сөйлеу Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бүзылуға жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы Неврастения.Бұл топқа қажып шаршаудың, тамаққа тоймаудың, организмнің физикалық әлсіздігінің нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіреген балалар жатады Истериялық невроз. Сыртқы көрінісі бәрімізге белгілі: бала еркелейді, истерика жасайды, жерге қүлап, жерді ұрғылайды. Қалыпты жағдайды ерте жаста байқалатын патологиядан ажырату керек.