Шығарылым №1175 Сәрсенбі, 15 желтоқсан, 2010



Дата13.06.2016
өлшемі283.4 Kb.
#131348





Шығарылым №1175 - Сәрсенбі, 15 желтоқсан, 2010





  • Номер мақаласы

    • Ресейліктер Назарбаевқа мол сенім артса, Кәрімов, Отунбаева, Бердымұхамедов пен Рахмон сенімсіздік танытады



  • Қазақстанда

    • АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон – Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мерзім ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді

    • Астанада «Қазақстанның КОБ: қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық конференция өтуде



  • Мұнай-газ секторы

    • Қазақстан Кедендік одақтан тысқары мұнай өнімдерінің экспортына жарты жылға тыйым салуды ұсынып отыр

    • Мұнай және газ министрлігі – Қазақстанда шығарылатын көмірсутек шикізаты 70 жылға жетеді

    • Алматыда Орталық Азия елдерінің мұнай газ өндірісінде қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі жобаға қорытынды жасалады

    • Қаржы министрлігі – ҚР бюджетіне мұнай түсімінің қосымша тарнсферт көлемі 124,3 млрд құраған



  • Қаржы және инвестициялар

    • «Қазақстанның халық банкі» АҚ дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінген 70 миллиард қаржыны мемлекетке қайтарды

    • Punjab National Bank «Данабанк» АҚ-ның бақылау пакетін иеленді

    • Халық банкі басшысы тағы да БТА мемлекеттік үлесін сатуда шынайы болуына шақырды

    • ҚР ЭДСМ – Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 0,9% қысқартылды

    • Қазақстанның халық банкі басқармасының төрайымы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру механизмін жеңілдетуді ұсынды

    • Business Resource медиа-холдингі Қазақстандағы 2010 жылғы ең үздік банкир мен бизнесменді анықтады



  • Тау-кен металлургия саласы

    • Қазақстан 2011 жылы геологиялық барлауға шамамен 1 млрд.теңге инвестиция тартуды көздеп отыр

    • ҚР Үкіметі 2014 жылға дейінгі минералды-шикізат кешенін дамыту бағдарламасын мақұлдады

    • ТКМК ассоциациясы тауарлық-шикізат биржасы арқылы сатылатын тауарлардың міндетті тізімін енгізуге қарсы



  • Сауда және тұтыну тауарлары

    • Жанар Айтжанова – Қазақстанның сыртқы сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қазан айларында 43,1% өсті



  • Жылжымайтын мүлік

    • ҚР Статистика жөніндегі агенттігі – Астанада биылғы тұрғын үйлерді жылы сату-сатып алудың жандануы байқалады



  • Адамдар мен тренинг

    • Мұнай газ кешенінің мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы тайындалды

    • ҚМГ БӨ басқармасының мүшесі болып «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры таңайындалды

    • Ақтау теңіз портына жаңа директор тағайындалды



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Ресей Монғолияның қарызын жапты және жаңа несеи беруге уәде берді

    • Қырғызстанның ЭРМ мен бизнес-қоғамдастықтары Ауғанстандағы америкалық контингентке азық-түлік жеткізуді талқылады

    • KOGAS және "Узбекнефтегаз" Өзбекстанда газ толтыру станцияларының құрылысы бойынша БК құрады



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Kazakhstan Newsline жазылушылар,

Сіздерді Қазақстанның негізгі мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге үлкен сәттілік, зор денсаулық және отбасылық бақыт тілейміз. Отан игілігі үшін жаңа кәсіби шыңдарға жетіңіздер!
Демалыс күндеріне байланысты Kazakhstan Newsline дайджест жаңалықтарының келесі саны 20 желтоқсанда шығады.
Ізгі ниетпен,

Kazakhstan Newsline




Номер мақаласы



Ресейліктер Назарбаевқа мол сенім артса, Кәрімов, Отунбаева, Бердымұхамедов пен Рахмон сенімсіздік танытады


Ресейліктердің пікірінше, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі тұрақты және жемісті мемлекет (34%, бір жыл бұрын -29%). Екінші орынды бір жыл бұрын (41%-дан 31%) алда келе жатқан Белоруссия алады. Рейтингтің барлық кезеңінде рекордты түрде өз позициясын орнықтырып алған Украина үшінші орында (5%-дан 19%). Одан ары қарай Армения (9%), Әзірбайжан (6%), Молдавия мен Түрменістан (респонденттің 5%), Өзбекстан мен Грузия (3%), Қырғызстан мен Тәжікстан, ресейліктердің пікірі бойынша тұрақсыз мемлекеттер деген статупен 2 және 1 пайыз алды. Бұл туралы қоғамдық пікірлерді зерттеу Орталығының сайтында көрсетілген.

ТМД елдерінің ішіндегі ең сенімді серіктес – Қазақстан (37%) деп есептейді ресейліктер.

Белоруссия өткен жылы алда болса, биыл аз айтылды (43%дан 23%), Украина рекордпен (4% тен 21%) көтерілген.

Ресейдің ең сенімді серіктестері деген халықтың көзқарасы бойынша Қазақстанның президенті Н.Назарбаев бірінші орында тұр. Екінші орынды Украина президенті В.Янукович, үшінші орынды В.Ющенко алған. Белоруссия президентінің позициясы төмендеген.

ТМД елдерінің ішінде қай мемлекеттің саяси, әлеуметтік, азаматтық және басқа құқықтарының деңгейі туралы қойылған сұрақтарға орыс тілді азаматтар Белоруссия (27%), Қазақстан (21%) таңдау жасады. Басқа ТМД елдері бойынша бұл деңгей 5 пайыздан аспайды. ТМД елдеріне гиманитарлық қызығушылықтары бойынша Украина мен Белоруссия мәдениеті мен тарихы (15%), Қазақстан (14%) таңдау жасаған. 46 облыстың 138 елді мекендерінің 1600 адамына сауалнама жүргізілген. Жалпыресейлік сауалнама Жалпыресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығында 2010 жылдың 23-24 қазан аралығында жүргізілген, деп хабарлайды CA-News.

Қазақстанда



АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон – Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мерзім ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді


АҚШ-тың мемлекттік хатшысы Хиллари Клинтон Қазақстанның тәуелсіздігі Күні қарсаңында құттықтау жолдады, деп хабарлайды РҚ СІМ баспа қызметтері.

Онда: «Құрама Штаттарға осыдан 19 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздігін жариялауын мойындаған және тәуелсіз мемлекеттер Достастығы қатарына енуін қолдаған алғаш мемлекет болу құрметіне ие болды. Менің жақында Астанада өткен Еуропа елдерінің ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі бойынша Ұйымның 11 жылдан кейінгі Саммитіне қатысу кезінде қазақстанның жетістіктері нәтижелеріне көз жеткіздім. ЕеҚЫҰ төрағалығы мен саммит өткізуі Қазақстан дамуының аймақтық және әлемдік көшбасшысы ретінде маңызды кезеңіне айналды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі аз уақыт ішінде көп жетістіктерге қол жеткізді. Біздің халықтарымыз көптеген бағыттарда: экономикалық байланыстарды нығайтуда, болашақтың сенімді энергетикалық жобаларын жасауда, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ядролық қауіпті азайтуда ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Құрама Штаттар ресми тұлғалармен қатар, азаматтық қоғам өкілдері және жеке сектор көшбасшыларымен, адам құқықтарына қатысты және барлық азаматтарға тұрақты, қауіпсіз, демокартиялық және гүлденген өмір орнатуда бірге жұмыс істеу мүмкіндігіне қуанады. Біздің елдеріміз арасында стратегиялық серіктестік, ортақ мақсатымыз – Қазақстан мен оның халқының жарқын болашағы үшін жасалатын істерде нығайып, тереңдей түспек.

Қазақстан халқына Тәуелсіздік Күнін амандық жәнге бақытпен мерекелеуін тілеймін», деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Астанада «Қазақстанның КОБ: қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық конференция өтуде


Асқар Бимендин, ҚазАқпарат

14 желтоқсанда Астанада «Думан» қонақ үйінде «Қазақстандағы кіші және орта бизнес: қазіргі жағдай мен болашағы» атты екі күнге созылатын халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Кұсанов сөззінде: «Халықаралық конференция кәсіпкерлікті қолдаудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасудың диалогтық орны болуы қажет», - деді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция жұмысының бірінші күнінде шараға қатысушыларға Қазақстандағы КОБ мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдері таныстырылған. Содан кейін шетелдік сыншылар АҚШ-тағы кәсіпкерлікті технологиялық және инновациялық қолдау мен даму бойынша тәжірибелерімен бөліседі, Ресей КОБ қолдау институттары жайлы сөз қозғалып, Оңтүстік Кореядағы орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау стратегияларының негізгі бағыттары туралы айтылады. Сондай-ақ , Польша мен Франция кәсіпкерлігін қолдау үлгілері көрсетіледі.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ үйымдастыруымен, ҚР экономикалық даму мен сауда министрлігінің қолдау көрсетуімен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» АҚ көмегімен жүзеге асырылған конференция жұмысына мемлекеттік орган, бизнес-ассоциациялар, республика жоғарғы оқу орындары және шетелдік эксперттер қатысты.

Мұнай-газ секторы



Қазақстан Кедендік одақтан тысқары мұнай өнімдерінің экспортына жарты жылға тыйым салуды ұсынып отыр


Қазақстан Ресей мен Белоруссияға мұнай өнімдеріэкспортына уақытша тыйым салуды өтінді. Бұл тәжірибені республика 2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың басына дейін ЖЖМ сыртқа шығару тыйым салып, экспорттау қайта басталып, мамыр айының аяғынан қарашаға дейін үзіліс жасау арқылы қолданған. Қазақстан үкіметі осылай мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға тырысып келеді. 2010 жылдың 3 қарашасынан бастап Қазақстан өкіметі экспортты тағы да жарты жылға тоқтатуды ұйғарды. Дегенмен, республика шілде айынан бері қарай Кедендік одаққа мүше ел болып табылатындықтан, өз экспортын жеке-дара шектей алмайды: тыйым салу барлық қатысу-елдердің қолдауымен одақ бойынша таратылуы қажет.

Қазақстан Ресей мен Белоруссияға керосин мен газойл (дизельдік жанармай), сондай-ақ жеңіл дистиллянттар (бұл автомобиль бензині), арнайы бензин мен тұрмыстық пештерге арналған отыннан басқаға жарты жылдық тыйым салуды ұсынып отыр.

Мұндай шектеу ең алдымен Белоруссияның мүддесіне әсер етеді. «Белоруссия кәсіпорындары өндіретін жылына 22 млн.тонна мұнайдың шамамен 60% (13 млн.тонна) экспортқа шығарылады»,- деп атай өтті «Брокеркредитсервис» ШК талдаушысы Андрей Полищук.

Тыйым салу Ресейге де қолайсыз. «Кортес» мұнай нарығының конъюнктурасын зерттеу орталығының талдаушысы Михаил Турукалов, егер елде өндірілетін автомобиль бензині мен авиация керосині ішкі нарықта пайдаланылса, тікелей өндірілетін бензин (яғни, қосымша өңдеуді қажет ететін бензин) экспортқа шығарылады деп мәлімдеді.

Ресейлік МӨЗ өндіретін дизельдік жанармай жағдайы тіпті күрделі – ішкі нарық жағармай көлемінің жартысын ғана қолданады. «Әрине, ешкім жарты жылға экспортты тоқтатпайды. Олай болса, келісім-шарттар үзіліп, айыптар төленетін болады. Ресей мұнайшылары табыс таба алмайтын болады», - дейді Полищук. Мысалы, «Роснефть» мемлекеттік компаниясы екінші және үшінші тоқсанда жеңіл мқнай өнімдері экспортынан 3,86 млрд.доллар табыс тапқан.Қазақстан кедендік одақ ережелеріне сәйкес тыйым салуды өзгертуіне тура келеді. Таяуда ғана КО-на мүше-мемлекеттер басшылары Біртұтас экономикалық кеңістік турасында өзара түсіністікке келген болатын.

«Мұндай жағдайда ара-қатынасты анықтауды ескішіл деп атауға болады, бір жақтың мүддесі басқаларға қайшы келетін жағдайлар Еуроодақта да кездескен болатын. Әдетте мәселелер құрылым аясында шешілетін, - деп көрсетті саяси технологиялар Орталығының бас директоры Алексей Макарин. Саясаттанушының пікірі бойынша, Қазақстан жағдайды ушықтармай, Кедендік одақтағы серіктестерімен қарым-қатынасын сақтауға тырысатын болар: «Қазақстанның КО мүшесі болып, Ресей және Белоруссиямен серіктестікті жалғастыру ынтасы басым», деп хабарлайды Business АКИpress.



Мұнай және газ министрлігі – Қазақстанда шығарылатын көмірсутек шикізаты 70 жылға жетеді


14 желтоқсанда мұнай және газ министрі Әсет Мағауов, мамандардың болжауы бойынша, Қазақстанда қазіргі кездегі қарқынмен көмірсутек шикізатын шығару шамамен, 70 жылға жетеді деп мәлімдеді.

«Мамандардың болжамы бойынша, көмірсутек шикізатының қазіргі кезде шығарылып жатқан деңгейінде алынатын қорлары 60-70 жыл мерзімге жетеді, дегенмен, мұнай газ өндіріліп жатқан ірі кен орындарында өндіру көлемін ескере отырып, қорларды көбейтуге жұмыстарын жүргізу қажет», - деді Мағауов.

Оның айтуы бойынша көмірсутек қорларын көбейтудің нақты келешегі бар, сондықтан да геологиялық барлау жұмыстарына көбірек көңіл бөлу қажет.

Мағауов Қазақстан аумағында 15 шөгінді бассейндері бөлінген, өндірістік жұмыстар олардың тек бесеуінде ғана жүргізілуде. Осы бассейндер көлемінде көмірсутек шикізаты алынатын 100 кен орны дамытылуда, оның 65% мұнай қорларынан алынса, 70%астамы газ қорларынан деп көрсетті.

Ол «бағдарлама аясында (2014 жылға дейінгі минералды-шикізат кешенін дамыту бойынша салалық бағдарлама) Захарсор, Саурбай, Алмас, Салхар бөліктерінде көмірсутек шикізатын барлау-бағалау жұмыстарының жүргізілуі қарастырылған», - деп есептейді Мағауов, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Алматыда Орталық Азия елдерінің мұнай газ өндірісінде қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі жобаға қорытынды жасалады


Екатерина Ионова, ҚазАқпарат

Алматыда «Орталық Азия елдерінің мұнай газ өндірісінде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жақсарту» ИНОГЕЙТ бағдарламасы аясында ЕО халықаралық техникалық көмек жобаларының қорытынды конференциясы жұмысын бастады.

2009-2010 жж.жобаларының қорытындылары жасалып, ЕО және ОА елдерінің табиғатты қорғау заңнамаларына салыстырмалы талдаулары, Киото хаттамасы мен БҰҰ климаттың өзгеруі туралы конвенциясы аясында аймақ елдерінің қатысуы, ЕО елдерінің табиғатты қорғаудың үздік тәжірибелері талқыланды.

ИНОГЕЙТ бағдарламасына қатысатын бенефициар-мемлекеттер – Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан болып табылады, оның жүзеге асырылуы 2009 жылдың қаңтарынан басталған болатын. Мақсаты- ОА елдерінің мұнай газ тарнспорттық торабы жұмыстарының тиімділігін арттыру мен оларды қолдану кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың іс-шараларын нығайтуға көмек көрсету.

Жобаның жетекшісі Андрей Мицайдың айтуы бойынша, қоршаған ортаны қорғау саласын қатысушы-мемлекеттердің халықаралық заңнамалар нормаларына сәйкес талдау жасалып, табиғатты қорғаумен қамтамасыз етудің нормативтік актілерінің жобалары жасалған.

ҚР үшін мұнай мен газ кен орындарында өңдеудің біртұтас ережелері, көмірсутек шикізатын алу жөніндегі кен орындарының жобасы, теңіз бен жағалау аймақтарында ластану мен мұнайдың төгілунің алдын алу шараларының жобасы, халықаралық стандарт ISO 14064 негізінде қалдықтарды есептеу мен буланған газды жұту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.

Көптеген ұсыныстар мемлекеттердің нормативтік актілерін негізінде жасалды. «Мысалы, Қазақстан мұнайдың төгілу жағдайында әрекет ету бойынша ұлттық жоспар құруда біршама артта қалып отырған. Енді ол келесі жылдың қаңтарында Үкіметтің қарауына ұсынылады», - деп атап өтті А.Мицай.

Конференция 15 желтоқсанға дейін созылады.



Қаржы министрлігі – ҚР бюджетіне мұнай түсімінің қосымша тарнсферт көлемі 124,3 млрд құраған


ҚР бюджетіне мұнай түсімі кепілді трансфертінің қосымша көлемі 124,3 млрд.теңгені құрайды. Ол туралы ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев, осы жылдың 11 айындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы үкіметтің 14 желтоқсанда өткізілген селекторлық мәжілісі барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі

«2010 жылы қабылданған ҚР Ұлттық қоры қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа Концепциясына сәйкес, еліміздің бюджетіне экономиканың қарқынды диверсификациясы мен ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған 124,3 млрд. теңге көлемінде қосымша кепілді тансферт тартылды», - деді Б.Жәмішев.

Ол 2010 жылы бюджеттің табысты бөлігін бекіту бойынша көп жұмыстар атқарылғанын ата өтті. «Салық кодексіне кейбір ставкаларды сақтау үшін өзгерістер енгізілді, ынталандыру шаралары қарастырылған, табақ өнімдеріне акциздік саясат анықталды. Мұнайға кедендік баж салыға енгізіліп, Кедендік одақтың импорт салығын бөлу механизмі жүзеге асырылды, жалпы салықтар мен кедендік төлемдер тәртібі күшейтілген», - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қаржы және инвестициялар



«Қазақстанның халық банкі» АҚ дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінген 70 миллиард қаржыны мемлекетке қайтарды


Серік Сабеков, ҚазАқпарат

14 желтоқсанда Астанада өткен «Атамекен» Одағы» ҰЭП президиумының кеңейтілген мәжілісінде «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, бүгінгі таңда Қазақстан халық банкінің дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінген 70 миллиард теңгеден астам қаражатты мемлекетке қайтарды.

«Біз банктің жарғылық капиталына қолдау ретінде бөлінген мемлекеттік қаржыны да қайтаруға дайынбыз», - деп тоқталды төрайым.

Ү.Шаяхметова, екінші деңгейлі банктер мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-мен тікелей өзара қатынас жасау тәжірибесі қолдау мақсатындағы субъектілерге қаржыны жедел және бақылай отырып бөлу мүмкіндігін көрсетті.



Punjab National Bank «Данабанк» АҚ-ның бақылау пакетін иеленді


Punjab National Bank (BNB) «Данабанк» АҚ-ның жарналық қағазына бақылау пакетін иеленді. «Данабанк» АҚ атауы «PNB Қазақстан» деп өзгеруі мүмкін.

Алматыда өткен брифингте «Инвестициялық Компания «БАТТ» ЖШС директорлары кеңесінің төрағасы Тимур Қуанышевтың айтуы бойынша, бірнеше жыл ішінде банк ҚР үздік банктері қатарына кіруді, келешекте – негізгі базасы қазақстандық банк бола отырып, ТМД елдерінде кеңеюді жоспарлап отыр.

Ол келісім жасау сомасы аталмағанымен, «Данабанк» капиталын көбейту қажет екендігін айтты.

Жаңа банктің іскерлік атауы - «PNB Kazakhstan». Барлық құжаттар ҚБА-не берілетін болады, келісім жасау ақпан айының соңына дейін аяқталады деп болжануда.

Indian Express хабарлауынша, «Данабанк» жарналық қағазының бақылау пакетін PNB $23, 7 млн. сатып алған және мұндай «меншікті иелену» PNB ТМД нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Punjab National Bank (PNB) 1895 жылы құрылып, активтері ($48,7 млрд) жағынан Үндістанда үшінші орынд тұр. Акциясының 58% Үндістан үкіметіне тиесілі. 2009 жылдың 9 айында банк 602 млн. доллар кіріс кіргізген.

«Данабанк» АҚ 1992 жылы құрылып, 2009 жылдары активтерінің көлемі 2,95 млрд.теңгеге жеткен. 2008 жылы «Инвестициялық компания «БАТТ» ЖШС банктің акциясын иеленген, деп хабарлайды Курсив.

Халық банкі басшысы тағы да БТА мемлекеттік үлесін сатуда шынайы болуына шақырды


«Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова тағы да қазақстан өкіметін БТА Банк мемлекетттік үлесін сатуда шынайы жүзеге асырылуына шақырды.

«Осы уақытқа дейін банкті құтқару үшін көп қаражат жұмсалғаны туралы айтылып келді, ол салық төлеушілердің қаржысы, әрине, біз осы мемлекттің салық төлеушілері ретінде бюджетке, Самұрық-Қазынаға немесе үкіметке қанша қаржы қайтарылады және инвесторлар кім екенін түсінуіміз қажет», - деп мәлімдеді Үміт Шаяхметова «Атамекен Одағы» ҰЭП кеңейтілген мәжілісінің соңында.

БТА Банк тамыз айының соңында қарыздарын қайта қарастыру процедурасын жемісті аяқтады. Қайта қарастыру нәтижесінде БТА Банктің қаржылық қарызы 12,2 миллиард доллардан 4,2 миллиард долларға қысқартылған, қайтару мерзімі 20 жылға созылды.

Қайта қарастырудан кейін банктің кредиторлары акционерге айналды, олардың үлесіне 18,5% жарналық қағаз тиді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры банктің акционерлік капиталының 81,4% иемденген басты акция ұстаушысы болып қала береді.

БТА банкті сатып алуға үміткерлердің бірі Ресейдің Жинақбанкі болды, олармен келіссөздер жүргізу БТА банктің қайта қарастыруға дейін басталған болатын.

БТА банктің акцияларын Жинақбанкке сату жөнінде Қазақстанның Ұлттық Банкі басшысы Григорий Марченко, басқа біреуге сатқанша ресейлік банкке сату тиімді, себебі БТА активтерін қайтаруда, көбісінің Ресей аумағында орналасуы, мәселені шешугеқолайлы деп есептейді.

«Біздің тілегіміз, мемлекеттік сатудың таза жолмен жүзеге асырылуы, әрине, мемлекет салған ақшаны қандай жағдайда және қандай шарттармен қазынаға қайтарылатыны өз алдына белгілі болар», - деп қосты Шаяхметова.

Оның пікірінше, шетелдің мемлекеттік банктерінің қазақстанға енуінде экономикалық жағынан гөрі, көбінесе саяси астар жатқандығы тағы да қайталанды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.



ҚР ЭДСМ – Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 0,9% қысқартылды


Қанат Кульшманов, ҚазАқпарат

ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова Үкіметтің селекторлық мәжілісінде, Қазақстанда негізгі капиталды инвестициялау көлемі 0,9% қысқарған, деп хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-қараша айларында инвестиция көлемі 4077,8 млрд.теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9% кем болып отыр.

«Экономикадағы инвестициялық белсенділік кәсіпорындардың өз қаражатын салу арқылы өсті,инвестиция көлемінің үлесі 33,8%-дан 45% дейін болса, мемлекеттік бюджет қаражаты -18%-дан 21% дейін өскен», - деді министр.

11 айдың ішінде инвестиция көлемі ауыл шарушылығында – 14%, өндірісте – 15,4%, құрылыста – 52,8% артқан.

Қазақстанның халық банкі басқармасының төрайымы «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру механизмін жеңілдетуді ұсынды


Серік Сабеков, ҚазАқпарат

«Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасын қаржыландыру механизмін жеңілдетуді ұсынды.

«Отандық кәсіпорындар мен халықты ұзақ мерзімді және арзан қаржыландыру түрінде қолдау көрсетудің ескірген механизмдерін пайдалана отырып жүзеге асыру мүмкіндіктерін қайта қарауды ұсынамын», - деді төайым «Атамекен Одағы» ҰЭП президиумының кеңейтілген мәжілісінде.

Ү.Шаяхметованың айтуы бойынша, ең алдымен мұндай бағдарлама қолдау субъектілерінің қаржыны жедел меңгеруіне мүмкіндік беруі қажет. Алайда, түрлі деңгейде бірнеше – аймақтық, мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылатын қолдау механизмі тым күрделі.

«Мысалы, бағдарлама бойынша қаржыландыру тәртібі, бірнеше инстанциялардың мақұлдауын талап етеді, ол кәсіпорын үшін мерзімді ұзартып, күрделендіре түседі», - деп атап көрсетті басқарма төрайымы.

Соның салдарынан банк ұсынған «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 115 өтініштің тек 12-не ғана мақұлданған. Жобалар бойынша бөлінген 75 миллиард теңге субсидий аясында 12 миллион теңге ғана бөлінген.

«Банк былтырғы жылдың бір тоқсанында бір миллиардтан астам қаржыны игеріп, мақсатты түрде әр қарыз алушыға жеткізген. Сондықтан да ұзақ мерзімді және арзан қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру да екінші деңгейлі банктердің жұмыс тәжірибесі бар, яғни тікелей «Самұрық-Қазына» ҰАҚ немесе құзырлы органдары арқылы орындалуын ұсынамын», - деп қорытты «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Business Resource медиа-холдингі Қазақстандағы 2010 жылғы ең үздік банкир мен бизнесменді анықтады


Данияр Сихымбаев, ҚазАқпарат

Business Resource медиа-холдинг 2010 жылдың үздік банкирлері мен бизнесмендері рейтингісін анықтады. «Жыл банкирі» сауалдама нәтижесінде «БТА Банк» басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденов танылған. «Жыл бизнесмені» номинациясында бірінші орынды «Рахат» АҚ басқарма төрағасы Анатолий Попелюшко мен «Беккер және К» компаниясының бас директоры Иван Кравченко иеленген.

Рейтинг көшбасшылары екі сатылық сауалнама қорытындылары бойынша анықталды. Бірінші сатыда Қазақстанның іскер 17 БАҚ-ның 22 журналисіне сауалнама жүргізілді. А.Сайденовке дауыс беруде журналистер оның банктің қайта құрылуының жемісті болуы, дағдарыс кезінде банкті «құлдыратпауы», миноритарлық акционерлердің құнды қағаздарының жойылып кетпеуі сияқты іс-әрекеттері үшін таңдады. Екінші орында – «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, .шінші орында – «Альянс Банк» АҚ –ның басқарма төрағасы Мақсат Қабашев иеленді. Төртінші және бесінші орындарды «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басқарма мүшесі Мағжан Әуезов пен «Kaspi bank» АҚ-ның басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе алған.

А.Попелюшконың жетістіктері ішінде компанияның қаржылық көрсеткіштерінің жоғарылауы, Қытай мен Германия елдерінің нарығына шығу ынтасы, нарыққа деген сындарлы көзқарасы, дағдарысқа қарамай бренд беделін ұстау мен жоғарылату аталды. Екінші орынды Resmi Group президенті Қайрат Мәжібаев, үшінші орынды Astana Group холдинга президенті Нұрлан Смағұлов алған. Төртінщі және бесінші орындарды қазақстан-германия БК «Беккер және К» бас директоры Иван Кравченко мен Қазақстан кәсіпкерлері Форумының төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС-нің президенті Райымбек Баталов иеленген.

Жобаның екінші сатысында сауалнама ақпараттық-талдау сайты www.profinance.kz.қолданушылары арасында жүргізілді. Олар бес банкир мен бес бизнесмендер арасынан біреуіне дауыс берулері керек болды. Екі сатылық дауыс беру нәтижесінде рейтингтің «Банкир 2010 жыл» номинациясы жеңімпазы болып Әнуар Сәйденов болса, Анатолий Попелюшко мен Иван Кравченко «Бизнесмен 2010 жыл» номинациясының бірінші орынын бөлісті.

Тау-кен металлургия саласы



Қазақстан 2011 жылы геологиялық барлауға шамамен 1 млрд.теңге инвестиция тартуды көздеп отыр


Индустрия мен жаңа технологиялар министрлігі 2011 жылы шамамен 1 миллиард теңге инвестицияны пайдалы қазбаларға гелогиялық барлау жұмыстары үшін тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды ведомство вице-министрі Альберт Рау.

«Іздеу-бағалау жұмыстары үшін тартылатын жеке инвестицияларға келетін болсақ, 2011 жылы қатты пайдалы қазбалар үшін 660 миллион теңге, көмірсутек шикізаты үшін – шамамен 300 миллион теңге тарту жоспарланды», - деді Рау үкіметтің селекторлық отырысында.

Ол ағымдағы жылы «15 жылда алғаш рет осында (геологиялық барлауға) мемлекеттік бюджеттен барлау жұмыстары үшін: 1,186 миллиард теңге, ал пайдалы кен қазбалары мен көмірсутек шикізатын барлау үшін – 911 миллион теңге бөлінді деп көрсетті.

Оның мәліметтері бойынша бұл қаражаттар алтын, полиметалл мен мыс орындарын барлауға жұмсалған.

Министрліктің мәліметтеріне жүгінсек, қазіргі кезде Қазақстан түрлі пайдалы қазбалар түрлері анықтауда бес мыңнан астам кен орындары ашылған, олардың ішінде 256 кен орыны көмірсутек шикізаты, 560 кен ошағы пайдалы металл қазбалары, 50 көмір, 54 уран, 1285 – жерасты сулары, 2624 кен ошағы көп тараған пайдалы қазбалар. Барлық барланған минералды шикізат қорлары тоғыз триллион доллардан астам қаражатты құрайды. Жүзеге асырылмаған ресурстық база, болжамды ресурстар 4,5 триллион долларға жетеді.

Үстіміздегі жылы, Индустрия министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 17 миллион тонна (еліміз 2009 жылы өндіруімен салыстырғанда 42%) темір рудасының қоры, қорғасын – 70 мың тонна (2009 жылғы өндірумен 77%), уран – 8 мың тонна (60%), мқнай – 119 миллион тонна (160%), газ – 23 миллиард кубометр (2009 жығы өндіріске 450%) өсімі алынған, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.



ҚР Үкіметі 2014 жылға дейінгі минералды-шикізат кешенін дамыту бағдарламасын мақұлдады


Қазақстан Үкіметі сейсенбіде 2014 жылға дейінгі минералды-шикізат кешенін дамыту бойынша салалық бағдарламаны мақұлдады.

Вице-министр Альберт Раудың үкіметтің селекторлық отырысында түсіндіруі бойынша құжаттың мақсаты өндірістің барлық салаларын белсенді дамыту үшін қажетті минералды ресурстарды өндіру мен кешенді және тиімді түрде қолдану болып табылады. «Бағдарламаның мақсаттық индикаторы ретінде таусылған пайдалы қазбалардың орнын 50% дейін толтыру және 2014 жылы көмірсутек шикізатын 30% дейін жеткізу болып табылады» , - деп мәлімдеді.

Оның бағалауы бойынша, жыл сайын Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 20 миллиард доллардан , соның ішінде барлауға – екі миллиардтан астам инвестиция бөлінеді, деп хабарлайды Қазастан жаңалықтары АА.

ТКМК ассоциациясы тауарлық-шикізат биржасы арқылы сатылатын тауарлардың міндетті тізімін енгізуге қарсы


Қазақстанның тау-кен өндіру және тау-металлургия кәсіпорындары ассоциациясы депутаттарды үкіметтің тауарлық-шикізат биржасы арқылы сатылатын өнімдердің міндетті тізімін енгізу мәселесінде қолдау көрсетпеуге шақырды. Бұл жайында ассоциацияның орныдаушы директоры Николай Радостовец BNews.kz парталы студиясында өткізілген онлайн-конференция барысында айтты.

«Мен депутаттарға айтарым, үкіметтің сенімсіз қадамдарын қолдамай-ақ, керісінше биржаны халықаралық талаптарға сай қалыптастыру, менің ойымша тиімдірек болар еді. Биржа ашық болғаны жөн, қазіргі кезде олар жабық түрде жұмыс істеп, нақты бір адамдарға бағынышты», - деді Н.Радостовец.

Мемлекет биржаларға міндетті тізім енгізу арқылы емес, белгілі бір жеңілдіктермен көмек берсе екен. Міндетті тізім енгізудің өзі инвесторлардың қызығушылығын жоятын болады, деп жалғастырды. Bnews.kz хабарлайды.

Сауда және тұтыну тауарлары



Жанар Айтжанова – Қазақстанның сыртқы сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қазан айларында 43,1% өсті


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Қазақстанның осы жылғы 10 айы ішінде сыртқы сауда айналымы 43,1% артып, 81 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол туралы ҚР экономикалық даму мен сауда министрі жанар айтжанова Үкіметтің селекторлың мәілісінде айтты.

Оның ішінде экспорт 52,6% өсіп, 51,4 млрд. долларды құраған, ал импорт 29,1% өсіп, 29,6 млрд, АҚШ долларына жеткен.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жоғарылауына әлемдік шикізат нарығындағы қолайлы баға конъюнктурасы мен экспортқа шығарылатын секторлар өндірісінің өсуі әсер еткен.

«Биылғы жылдың 10 айында Қазақстан мен кедендік одақтың басқа мүше-елдері арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд.долларды құрады, оның 90% Ресейдің үлесінде. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, Ресеймен тауар айналымы 1,3 есесге, ал Белоррусиямен – 1,4 есеге өскен», - деп қорытты Ж.Айтжанова.

Жылжымайтын мүлік



ҚР Статистика жөніндегі агенттігі – Астанада биылғы тұрғын үйлерді жылы сату-сатып алудың жандануы байқалады


Мұрат Жакеев, ҚазАқпарат

Биылғы жылы Астанда үйлерді сату-сатып алу жоғарылауы байқалады.

Республика бойынша осындай келісім жасаудың көп болуы тіркелген. Ол туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов хабар етті.

«Мысалы, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда биылғы жылдың 11 айында үйлерді сатып алу мен сату 58% артқан. Керісінше Алматыда аздап төмендегені байқалады – 1,6 пайызға», - деп атап өтті статистика агенттігінің басшысы.

А.Смайыловтың пікірінше, Астанадағы үй сату-сатып алу келісімдер тіркелуінің артуы, ең алдымен, республикадағы жалпы жағымды жағдаймен байланыс болуында. «Тұрғын үй нарығындағы белсенділік көріністері халықтың әл-ауқатының жақсара түсуі мен экономиканың жағымды жағдайын сипаттайды. Мұнда сату-сатып алу келісім саны, мысалы, қараша айында 13 мың 143 болса, ал қаңтар-қарашада 127 мың 385 жеткен», - деп мәлімдеді агенттік басшысы.

Адамдар мен треннинг



Мұнай газ кешенінің мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы тайындалды


ҚР мұнай және газ министрлігінің (МГМ) мұнай газ кешенінде жаңа мемлекеттік бақылау комитетінің бастығы болап Талғат Момышев тағайындалды. Бұйрыққа 6 желтоқсанда министр Сауат Мыңбев қол қойды.

МГМ жаңа комитеті көмірсутек шикізатына қатысты кен орнын пайдалану саласында мемлекеттік саясат пен бақылау қызметтерін жүзеге асыру мәселелерін шешетін болады.

Т.Момышев бұрын индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу мен метрология комитеті төрағасының орынбасарын қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазТАГ.

ҚМГ БӨ басқармасының мүшесі болып «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры таңайындалды


«ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) басқарма мүшесі болып «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Жұмабек Жамауов тағайындалды, деп көрсетілді ҚМҚ БӨ директорлары кеңесі мәжілісінің қорытынды хабарламасында.

ҚМГ БӨ ақпараттары бойынша, Ж.Жамауов 1980 жылы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша аяқтаған. Өз еңбек жолын бұрғылаушы көмекшісі болудан бастап, соңғы жылдары мұнай өндіру мен мұнай қызмет көрсету компаниясын басқарып келген. Оның арасында «ҚазМүнайГаз-Бұрғылау» ЖШС бас директоры болған. «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры қызметін 2010 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келе жатқан, деп хабарлайды ҚазТАГ.



Ақтау теңіз портына жаңа директор тағайындалды


2010 жылдың 7 желтоқсанында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметіне конкурстық комиссия мәжілісі қорытындылары бойынша, бұрын ҚР транспорт және коммуникация министрлігінің транспорт және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарып келген Берік Уандықов тағайндалды.

Уандықов Берік Құсманұлы Шығыс-Қазақстан облысы Мақаншы ауылында 1954 жылы 27 қазанда дүниеге келген. Іскерлік әкімшілік менеджері, тәжірибелі әкімшілік-шаруашылық қызметкер. Техника ғылымдарының кандидаты, Басқару теориясы мен гидротехникалық құрылыстарда қауіпсізпен қамтамасыз ету саласындағы мақалалар мен 200 ғылыми басылымдардың авторы, деп хабарлайды ҚР транспорт және коммуникация министрлігінің баспа қызметтері.



Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Ресей Монғолияның қарызын жапты және жаңа несеи беруге уәде берді


Ресей Монғолияның 172 миллион долларға тең келетін қарызының 97,8 пайызын жабады.

Ол туралы келісім екі елдің премьер-министрлері Владимир Путин мен Сухбаатарына Баболданың келіссөз жүргізу нәтижесінде жасалды.

ER.ru атап көрсеткендей, Ресей мен Монғолия келешектегі ынтымақтастық , мағызды серіктестік туралы басқа да келісімдерге қол жеткізген. Олардың көбісі ресейлік инвестициялау көлемін арттыру мен көрші мемлекетке түрлі жеңілдіктер беру туралы. Келісім жасаудың негізгі нүктесі монғол қарызын жабу туралы болды. Десек те, Монғолия 3,8 миллиард доллар қарызын қайтаруға міндетті.

Коммерсантъ хабарлағандай, келісімдер шеңберінде премьер-министрлер «Дорнод-Уран» уран өндіруші БК құру туралы ресей-монғол келісім-шарт жасалған. Кәсіпорын Монғолияның солтүстік-шығысындағы Дорнод (22 мың тонна қоры бар) кен орнында жұмыс істеуі қажет. Уран өндіру кеңес кезеңінде басталған болатын. Құжаттардға «Росатом» басшысы Сергей Кириенко мен Монголияның атом энергиясы жөніндегі агенттіктің директоры Содномын Энхбат қол қойды.

БК бақылау пакетінің (акцияның 51%) Монғолия иемденсе, Ресей 49 %иелік ететін болады. Жарғылық капиталға қаражатқа қоса, ресей-монғол кәсіпорнының үлесі мен кен орнының лицензиясы салынады.

«Вести» теле арнасының ақпараты бойынша, Монғолия премьер-министрі Сухбаатарын Батболд ресми шақырумен Ресейге келіп, бүгін Санкт-Петербургке бармақ. Іскерлік бағдарламасы аясында ол губернатор Валентина Матвиенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург пен Монғолияның алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастарын талқыламақ, деп хабарлайды Правда.Ру.



Қырғызстанның ЭРМ мен бизнес-қоғамдастықтары Ауғанстандағы америкалық контингентке азық-түлік жеткізуді талқылады


Экономикалық реттеу министрлігінде америка жағы үшін сатып алынатын өндірістік және азық-түлік тауарларын жеткізу мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ведомство баспа қызметі.

Министрдің орынбасары С.Ахматов америка жағы Ауғанстандағы АҚШ әскери контингентіне қажетті материалдар мен азық-түлік тауарларын сатып алуды Қырғызстанда жүргізу үшін тығыз ынтымақтастық жасауға қызығушылық танытып отыр дейді.

Министрлік сатып алуға қажетті тауарлар өндіретін кәсіпорындар мен ассоциацияларға Қырғызстанда шығарылатын тауарлар тізім бойынша қарастырып, ҚР ауыл шарушылығы министрлігіне ақпарат беруді ұсынған.

Халықаралық сапа сертификаты болғанымен де тауардың қорабы американдықтардың көңілінен шықпай отыр. Олардың талабына сәйкес болу үшін қорапты Қытайға немесе Түркиядға тапсырыс беру қажет. Не болмаса, арнайы жаңа қондырғылар сатып алу қажет, дейді «Бішкексүт» АҚ директоры П.Морозов.

С.Ахматов қаптау мәселесін америка жағымен келіссөзде көтеруді ұсынды.

«Америка жағы біздің сапа сертификатымыз қабылдамайды, олар өздерінің зертханалық талдауларын жүргізеді. Сондықтан, ең алдымен, өндірушілер алдындағы бірінші мәселе, сапа бойынша талаптарды қамтамасыз ете аламыз ба деген сауал туындайды».

Мәжіліс қорытындысында бизнес құрылымдарға 14 желтоқсанға дейін америка жағына қойылатын сұрақтарды нақтылау шешімі қабылданды, деп хабарлайды Business АКИpress.

KOGAS және "Узбекнефтегаз" Өзбекстанда газ толтыру станцияларының құрылысы бойынша БК құрады


Мемлекеттік Корей газ корпорациясы (KOGAS) және "Узбекнефтегаз" НХК осы аптада автомобиль газ толтыру компрессорлық станциялары жүйесі құрылысы мен іске қосылуы бойынша БК құру туралы келісімге қол қою мүмкін, деп хабарлайды REGNUM АА.

Осы жоба бойынша келісімдер биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, 2011 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылу басталады деп күтілуде. Жобада құрылыс жылдық өнімділігі 4 млн кубометр сұйытылған табиғи газ 30 АГТКС елдегі әр аймақтарда жүргізілмек.

KOGAS мамандарының бағалауы бойынша, жобаның Өзбекстанда жүзеге асырылуы СТГ пайдаланатын транспорттық құралдарды таяу жылдар ішінде қазіргі 120 бірліктен 550-ге дейін артатын болады.

Қазіргі кезде Өзбекстанда АГТКС мен АЖҚС жүйелерін дамыту бойынша жобалар, автокөліктерді сұйытылған және қысымдалған газбен жүрудің сатылық шаралары жүзеге асырылуда. 2012 жылы Өзбекстанда шамамен 190 АГТКС және 1,250 АГТС, пайда болады, деп хабарлайды REGNUM АА.



Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital



Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Мұнай мен газ құны
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

87.88

-.40

-.45

00:27

Dated Brent Spot

90.77

-.15

-.17

00:35

WTI Cushing Spot

88.28

-.33

-.37

12/14

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

245.93

-.86

-.35

00:17

Nymex RBOB Gasoline Future

228.73

-.91

-.40

00:17

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.25

-.00

-.07

00:26

Henry Hub Spot

4.35

-.17

-3.76

12/14

New York City Gate Spot

14.52

2.21

17.95

12/14

Commodities
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

418.550

-2.350

-0.56

00:44

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1394.400

-9.900

-0.70

00:44

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.385

-0.403

-1.35

00:44

Металл құны
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.35

-0.15

Platinum

1699.00

-6.00

Palladium

757.00

-2.00

Rhodium

2,280.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 15 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.31

1 CHF

KZT 152.54

1 CNY

KZT 22.13

1 TRY

KZT 98.06

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 197.93

1 AUD

KZT 146.75

1 KGS

KZT 3.14

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 233.71

1 CAD

KZT 146.26

1 RUB

KZT 4.79

100 KRW

KZT 12.92







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет