№1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері



бет1/7
Дата27.04.2022
өлшемі1.9 Mb.
#456782
  1   2   3   4   5   6   7
5. Тыныс алу жүйесі-1


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА



ҚАЛЫПТЫ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ
АНАТОМИЯ-2






№ 1 тақырыбы: Көмей, кеңірдек, бронхтардың анатомиясы. Қанмен қамтамасыздануы, нервтенуі. Жастық ерекшеліктері.

КӨМЕЙ, larynx- IV, V және VI мойын омыртқалары деңгейінде дәл тіласты сүйегі астында, мойынның алдыңғы жағында орналасып. Көмей, артында жатқан жұтқыншақпен, көмей кіреберісі, aditus larynges, деп аталатын тесік арқылы тікелей қатынасады. Көмейдің жандарынан ірі мойын қантамырлары өтеді, ал көмей алдыңғы жағынан тіласты сүйегінен төмен жатқан бұлшықеттермен, мойын шандарымен және қалқанша бездің жабылған. Көмей төменде кеңірдекке жалғасады.


К ӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІ: 1. Жүзіктәрізді шеміршек, cartilagо cricoidea, гиалинді, жүзік пішінді, артқы жағынан жалпақ табақшадан, және алды доғадан тұрады. 2. Қалқанша шеміршек, cartilagо thyroidea көмей шеміршектерінің ең ірісі, гиалинді, алдына қарай бұрыш жасай түтасатын екі табақшадан тұрады. Бала мен әйелдерде бұл табақшалар дөңгелектене қосылады, сондықтан оларда ересек еркектердегі сияқты бұрышты шодыр болмайды. Жоғарғы жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік болады. Әр табақшаның қалындаған артқы жиегі, жоғарғы мүйізге және төменгі мүйізге созылады. Қалқанша шеміршектің әр табақшасының сыртқы бетінде қиғаш сызық байқалады. 4. Ожаутәрізді шеміршектердің, cartilagines arytenoideaeолардың негіздері, laminae cricoidea-ның жоғарғы жиегінде орналасқан, ал ұштары, жоғары қараған пирамидаларға ұқсайды. Негізінде екі өсінді жатады: 1. алдыңғы өсінді (серпімді шеміршектен) дыбыс сіңірлері бекитін орын болғандықтан дауыстық өсінді деп аталады; 2. латералды бұлшықеттік өсінді оған бұлшықеттер бекиді. 3. Көмей қақпашығы, cartilagо epiglottica - aditus laryngіs алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан жапырақ пішінді серпінді шеміршек тінді табақша. Ол төмен қарай тарылып, көмей қақпашығының сабақшасын, petiolus, түзеді.
К ӨМЕЙ БАЙЛАМДАРЫ. Көмей тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршек арасында керілген membranа thyrohyoidea (1) көмегімен тіласты сүйегіне ілінің тұрған сияқты, соңғы membranа thyrohyoidea тақ және жұп байламдардан тұрады – орталық (2) және латералді қалқанша-тіласты (3) байламдар, олардың ішінде кішкентай дәнтәрізді шеміршек cartilagines triticea орналасады. Тіласты сүйегімен көмей қакпашығы да байланысқан, ол онымен байламымен- тіласты-көмей қақпашығының байламы (4) және қалқанша шеміршекпен – қалқанша-көмей қақпашығының байламы (5) арқылы қосылады. Жүзіктәрізді шеміршек доғасы мен қалқанша шеміршек жиегі арасында ортаңғы сызык бойымен серпімді талшықтардан тұраптын байлам- жүзік-қалқанша байламы (6) созылып жатады. Бұл байламның латералды талшықтары жүзіктәрізді шеміршектің жоғарғы жиегінен басталып, медиалды бұрылып conus elastucus (7) түзеді. Оның жоғарғы бос жиегі дауыс байламы (8) болып табылады. Дауыс байламы, lig. vocale (9), алдыңғы жағынан қалқанша шеміршек бұрышына, артында ожаутәрізді шеміршектің processus vocalis-іне бекиді. Дауыс байламынан жоғары және оған параллелді, жұп қіреберіс байламы, lig. vestibulare (10), жатады. КӨМЕЙ БУЫНДАР: 1. Қалқанша шеміршектің төменгі мүйіздері мен жүзік тәрізді шеміршек арасында буын – жүзік-қалқанша буыны, art. сricothyroidea, түзіледі. Бұл буында қалқанша шеміршек алға және артқа қарай мқозғалып. 2. Әрбір ожаутәрізді шеміршек негізі мен жүзіктәрізді шеміршек арасында жұп жүзік-ожаутәрізді буын, art. сricoarytenoidea, жатады. Бұл буында ожаутәрізді шеміршек айналады.
К ӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет