Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Зерттеу мақсаты: студенттердің психологиялық денсаулығының дамуын 
зерттеу. 
 Зерттеу нысаны: студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы. 
 Зерттеу пәні: студенттердің психологиялық денсаулығының даму 
ерекшеліктері. 
 Зерттеу болжамы: егер, студенттердің психологиялық денсаулығының 
дамуы келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады: 
- білім беру үрдісінің психологиялық сүйемелдеуі психологиялық 
денсаулықтың 
ерекшеліктерін 
ескере 
отырып, 
оның 
құрылымдық 
компоненттерін дамытуға бағытталған болса;
- студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының сыртқы және ішкі 
факторлары ескерілсе; 
- білім беру ортасында психологиялық денсаулықтың дамуы бойынша 
модель жетілдіріліп, жүзеге асырылса. 
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер белгіленген:
1. «Психологиялық денсаулық» ұғымын және оның құрылымын жүйелі, 
кешендік кӛзқарас негізінде анықтап, оған мағыналық сипаттама беру. 
2. Әр түрлі әлеуметтік-мәдени ортадағы студенттердің психологиялық 
денсаулығын даму ерекшеліктерін зерттеу. 
3. Студенттердің психологиялық денсаулығының даму компоненттерін 
белгілеу. 
4. Студенттердің психологиялық денсаулығын дамыту үрдісінің моделін 
жетілдіру.
5. Студенттердің 
психологиялық денсаулығының дамуындағы жас 
ерекшеліктерді нақтылау. 
6. Студенттердің 
психологиялық денсаулығы дамуының кешендік 
бағдарламасын жетілдіріп, оны психологиялық-педагогикалық үрдіске енгізу. 
Зерттеудің әдіснамалық негізі:
- тұлғаның психологиялық қорғанысы туралы тұжырымдама (З.Фрейд) 
[23]; 
- тұлға мәселесін зерттеудегі тұтастық кӛзқарас (Л.С.Выготский) [24]; 
- сана мен іс-әрекеттің бірлігі, дамуы туралы іргелі ғылыми зерттеулер
(С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев) [25,26];
- психикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі кӛзқарас (Б.Ф. Ломов) 
[27]; 
- тұлғаны зерттеудегі кешендік кӛзқарас (Ж.Ы.Намазбаева) [28]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет