НИЖНЕБУРЛУК СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ
ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ
ЕСЕБІ
Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы негізінде ағымдағы жылы бесінші рет барлық деңгейлі әкімдердің тұрғындарымен кездесуі өткізіледі. Осы жылы өткен 2008-2009 жылдардағыдай аудан әкімінің селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесу алдында ұқсас кездесулер селолық округтердің әкімдерімен барлық селолық округтерінің елді мекендердің тұрғындарымен өткізіледі.
Бүгінгі күні қазақ халқының бір мағыналы жалпы әл-ауқатын көтеру белгіленіп, экономикасы дамып және бекітіліп, тұрғындардың әлеуметтік қолдау сұрақтары кезең бойынша шешіліп отыр, қоғамда бірлік пен ынтымақтастық.
Бұл біздің Нижнебурлук селолық округі үшін де толық шамамен өктем.
Біздің селолық округінің үш селосында 1513 әр ұлтты адамдары тұрады.
Селолық округтің жалпы алаңы - 52003 гектар құрайды, соның ішінде.
- елді мекен жерлері – 3840 гектар
- тағайындалған ауыл шаруашылық жерлері – 34585 гектар
- соның ішінде 24932 гектар
- жайылымдар – 9653 гектар
- ормандар – 8094 гектар
- көлдер – 4274 гектар
- басқалары /жолдар, жер қорлары/ - 1210 гектар
А у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы
Округта ірі ауыл шаруашылық кәсіпорыны «Бабык-Бурлук» ЖШС жұмыс істейді, оның егін егетін алаңы – 21854 гектарды құрайды және жалпы егін егетін алаңымен 3 гектар мөлшерінде 4 шаруа қожалығы. Жаздық егіні 2009 жылы 23450 гектар құрайды, сонымен қатар «Бабык-Бурлук» ЖШС бойынша – 21854 гектар сонымен бірге дәннің жалпы жиыны «Бабык-Бурлук» ЖШС бойынша – 27963 тонна құрады, 1 гектардан орташа егін негізінде 16,1 центнер.
Бұл көрсеткіштердің барлығы барлық агротехниканың іс шаралары мен қазіргі кездің жоғары өндіруші техникасын қолдану мен ауыл шаруашылықтың қаруын сақтау игілігімен жетістікке жетті.
2009 жыл кезінде шаруашылықта – 2000 гектар 3 ізді күпсек өндірілді, күзгі кезеңде – 9000 гектарға жуық көтерілді
2009 жылы ғана «Бабык-Бурлук» ЖШС шаруашылығымен «Бюлер» тракторы, 1 егінді комплекс, 1 бүркуші «Харди», дымқыл астықты кептіретін «Д-Люкс» кептіргіші сатып алынды.
Ауыл шаруашылық және басқа техникалардың жөнделуі МТМ-да жүзеге асырылады, ауыл шаруашылық техникасы үшін жылы тұрақ бар.
Қыс кезінде барлық дақылдар: дән, дақыл жем-шөптері жабық қоймаларда сақталады.
2009 жылы «Бабык-Бурлук» ЖШС-да жемістерді өсіру бойынша жазғы жылытқыш салынып, қызмет етті.
Экономиканың нақты секторында орташа айлық төлем ақысы, «Бабык-Бурлук» ЖШС жеке меншігінде 2009 жылы қызметкерлердің жалпы санымен 123 адам негізінде – 40 000 теңге құрады.
«Колесниченко» шаруа қожалығы дәнді дақылдарды өндірумен бірге картоп пен жемістерді өсірумен жұмыс істейді.
Нижнебурлук орта мектебі мен Якши-Янгизтау орталау мектебінің жанындағыкартоп отырғызатын алаң әжептәуір кеңейтілді. Нижнебурлук орта мектебі мен «Балдырған» бала бақшасының жанынан жеміс өсіретін жылытқыш іске қосылды.
Округте мал шаруашылығы дамып келеді, округ тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылық малдарының саны «Бабык Бурлук» ЖШС мал шаруашлығымен ұсынылған қоғамдық табынға маңызды үлесін қосады, онда қазақтың ақ басты тұқымды ірі қара малдары өсіріледі. Бұл малдың тұқымын өсіру бойынша шаруашылыққа асыл тұқымды мәртебесі берілді. Ірі қара малдарды жасанды тұқымдандыру пункті жұмыс істейді.
«Бабык Бурлук» ЖШС қой шаруашылығын өсірумен айналысады. Қой шаруашылығы Еділбай тұқымды қойларымен белгіленеді.
Мал шаруашылығын дамытумен сондай-ақ «Августин» шаруа қожалығы айналысады – бұл шаруашылықта 30 бас жылқы ұсталады.
Облыс әкімінің мал бастарының санын көбейту бойынша тапсырмасын іске асыру үшін алдымен келесі шараларды орындау қажет: әрбір елді мекенде тұрғындардың жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтарын дамыту үшін жағдай жасау, жем-шөп базасын нығайту және ұлғайту есебінен малдардың санын көбейту, селекциялық-тұқымды жұмыстарды жақсарту, шаруашылықтың барлық санатындағы құстарға және малдарға ветеринарлық қызмет көрсету, тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз ету, жеңілдік несиелерін алу, жасанды тұқымдандыру пунктерін ашу, мал шаруашылығының өнімдерін іске асыруда фермерлік және үй шаруашылықтарын тарту.
К ә с і п к е р л і к
Селолық округте 14 кіші кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді, соның ішінде 1 заңды тұлға «Бабык-Бурлук» ЖШС, 4 – шаруа қожалығы, саудамен жұмыс істейтін 9 – жеке кәсіпкерлер.
Округта 9 жеке дүкендері қызмет етеді, олар округтың тұрғындарын барлық керекті тауарлар мен азық-түлік ассортименттерін толық қамтамасыз етеді, шаруашылықты, құрылыс, жиһаз және тұрмыс техникасын қоса.
«Бабык-Бурулук» ЖШС құрылыс учаскісінде жыл бойы столярлы цехпен бірге пилорама жұмыс істейді.
Осының бәрі жеткіліксіз екені түсінікті. Ауылда кіші кәсіпкерліктің дамуының тәсілденуін тұрғындардың тұрмыстық қызмет көрсету сферасын кеңейту керек.
Округта киім тігу цехтері, аяқ киім жөндеу, шаштараз, диірмендер және т.б. жоқ.
«Бабык-Бурлук» ЖШС-не тиесілі кафе-барынан басқа бірде-бір кафе жоқ. Осының барлығын құру тұрғындардың тұрмыстық қызмет көрсету сферасын кеңейту ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құру, салықтық базаны ұлғайту және бюджетке қосымша қаражаттардың түсуін шешеді.
Ә л е у м е т т і к с ф е р а
Округта жалпы білімді 2 мектеп жұмыс істейді : 141 бала оқитын Нижнебурлук орта мепктебі мен 41 оқушылар санымен Якши-Янгизстаудың негізгі мектебі.
Екі мектепте де компьютерлік сыныптар жабдықталған, оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды, жылы дәретханалар жабдықталған.
2009 жылы Нижнебурлук орта мектебінде физика кабинеті үшін жабдықтар әкелініп, орнатылып белгіленді.
Өткен жылда соңғы жылдың бірінде мектептің жөнделуіне бюджет қаражаттары бөлінді, селолық округі мектептер жайының және ғимараттың ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді..
2009 жылдың жазында жергілікті бюджет қорынан бөлінген қаражат есебінен 5 млн.700 теңгеге Нижнебурлук орта мектебінде жылу жүйесінің қайта жаңартылып, жаңа қазандықтар орнатылды.
Нижнебурлук орта мектебінің жанында мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Айыртау ауданының әкімі Нижнебурлук мектеп-интернатына УАЗ базасындағы ықшамавтобус табыстады.
Нижнебурлук селосында қажетті жичаздармен және бұйымдармен жабдықталған бала-бақша жұмыс істейді.
Селолық округ аумағында 2 денсаулық сақтау мекемелері орналасқан: Нижний-Бурлук селосындағы дәрігерлік емханасы мен Якши-Янгизстау селосындағы медициналық пункті.
2 селолық кітапханалары жұмыс істейді: Якши-Янгизтау селосы мен Нижний-Бурлук селосында және 2 селолық клубы, олар «бабык Бурлук» ЖШС-нің балансында тұр. Нижний-Бурлук селосының клубында кафе-бар, соның ішінде бар мен бірге жазғы би алаңы қызмет етеді.
Қазіргі уақытта Якши-Янгизстау селосының клубында жылу жүйесінің жөнделуі өткізілді. Клубтың ішкі жайын жөндеу жұмыстары қажеттік етеді.
Селолық клубының аумағында 2 жұртшылық моншалары жұмыс істейді: Якши-Янгизстау селосында монша 2004 жылдан бастап жұмыс істейсе, ал Нижний-Бурлук селосында монша 2008 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.
2009 жылы 5-6 шақырым қашықтықпен Нижний-Бурлук-Алтын-Булак автожолына құм төгу жұмыстыры жүргізіліп, Нижний-Бурлук- Арықбалық автожолында 10 шақырым қашықтықпен шұңқырлардың жөнделуі жасалынды.
«Бабык-Бурлук» ЖШС күшімен Якши-Янгизстау селосы тұрғындарының сұрауы бойынша жазғы уақытта сумен жуылып кеткен және қырылған көлдің жағасына кірме жолдары жасалынды.
Якши-Янгизстау-Арык-Балык автожолдары жөнделді.
Барлық жолдар жұмыстары «Бабык-Бурлук» ЖШС есебінен өндірілді.
2009 жылы селолық округтің халықтардың пунктерінде санитарлық тәртіпті орнату мен жасылдандыру, көркейту бойынша үлкен жұмыс орындалды. Осы жұмыстарды атқаруға жергілікті бюджет қорынан 240 мың теңге ақша бөлініп толығымен игерілді.
Село жанындағы тоғайлар құлатылды және қоршалды, көшеттер отырғызу жұмыстары басталды.
Селолық округтің елді мекендерінде көріктендіру, жасылдандыру және санитарлық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстар 2010 жылы да жалағасады.
Тұрғындардың ішетін сумен қамтамасыздандырылуы 14 терең құбыр есебімен жүзеге асырылады, 10 құдыққа жуық және жеке құбыр мен 1 өзіндік құйылатын терең құбырлар. Судың сапасы бақылауда болып, санитарлық нормаға сәйкес келеді. Бұл құбырлардың шаруашылыққа қатысты екендігі туралы мәселесін шешу қажет. Тек қана 6 су құбыры «Бабык Бурлук» ЖШС-нің балансында болып табылады.
Нижний-Бурлукта мектеп пен бала-бақшаның ағын су жөніндегі мәселе шешілмей отыр.
Орталықтарында пошта мен хабарласу пунктері бар.
Округ селоларында телефон орнатылды.
2010 жылдың 1 қаңтарына 187 телефон орнатылды: соның ішінде Якши-Янгизстау селосында – 3, Алтын-Бұлақ селосында – 3.
Қазіргі кезде Якши-Янгизстауда «Билайн» ұялы байланыс мұнарасы жөнделді.
Округте ауылдың мәдени-әлеуметтік жағдайына үлкен назар аударылуда. Жаңа Жыл, Наурыз Мейрамы, Жеңіс Күні мерекелері міндетті түрде атылып өтеді.
Жыл сайын әр түрлі мерекелер өткізіліп отырылады, мысалы. қарттар күніне және де зейнеткерлерге-мерейгерлерге.
Ауыл тұрғындары өнерпаздық мерекелер өткізуге белсене қатысады.
Сонымен бірге спорттық ойындарды ұйымдастырады.
Х а л ы қ т ы ж ұ м ы с п е н қ а м т у
Селолық округте халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағдарламасы қолайлы іске асырылды. Селолық округте жұмыссыздар деңгейі – 0,5% шегінен шықпайды.
Өткен 2009 жылда селолық округ бойынша 39 адам жұмысқа орналастырылды, 23 – жұмыс орындары, сонымен қатар ауыл шаруашылығында 6 жұмыс орындары құрылды.
2009 жылы округте 4 аз қамтылған отбасыларына 105,5 мың теңге соммасында әлеуметтік жәрдем көрсетілді.
2009 жылы 18 жасқа дейін толмаған балалары бар 20 отбасына 435,0 мың теңге соммада мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалды.
Әлеуметтік жәрдем төлемі – 71,3 мың теңге құрды.
С а л ы қ т а р
2009 жылда округ бойынша жеке тұлғалардан жергілікті бюджетке салық жинау бойынша жоспардың орындалуы – 100% құрады.
Бірінші кезеңде ауылдың әлеуметтік дамуының жақсаруы, ауылдық аумақтардың барлық тапсырмалар дамуының орындалуы, әлеуметтік мәдениет тұрмыс объектілерінің қалыпты қызмет ету аясы қамтамасыздандырылды, ауылдың көркейту дәрежесі салық игілігі базасының кеңейтілуінен тәуелді болады, ал олар:
1)Шағын және орта бизнестің дамуы.
2)Қозғалмайтын мүлік объектілерінің толық паспорттандырудың жүзеге асырылуы.
3)Мақсатты пайдалануынан тәуелді жер қорының рәсімделуі мен есеп жүргізуі.
4)Ауыл шаруашылық техникасы мен автокөліктің тіпкелуі мен есеп жүргізуімен т.б. және басқа шаралар.
2009 жылда атқарылған істермен бірге шешімін таппай отырған мәселелер де бар; бюджеттегі қаржының жетіспеушілігінен және балалар контингентінің аздығынан Якши-Янгизтау орталау мектебінде ықшам-орталық ашылмай отыр.
Якши-Янгизтау селосының тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген.
Нижний-Бурлук ДА маман дәрігер жоқ.
2009 жылдың жоспарындағы Якши-Янгизтау-Приозерное автожолына жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Селолардағы мектептер мен бала бақшаларда су ағызаты құбырлар жоқ, Якши-Янгизтау селосында пошта мен байланыс бөлімшесіне жайлар жоқ, осы селодағы клуб пен кітапхана ғимараттары жөндеуді қажет етеді.
Совет халқының неміс басқыншыларынан елімізді азат еткеніне 65 -жыл толмақшы, осыған орай Нижний-Бурлук селосындағы Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерге арналған обелискі де жөндеуді қажет етеді.
Селоларда санитарлық тәртіпті орнату мен жасылдандыру, көркейту бойынша жүргізілетін жұмыстарды баршамыз біріге отырып атқаруымыз керек.
Осындай мәселелерді шешу үшін жыл сайын барлық тұрғындар өздерінің ұсыныс, ескертулерін айтып жеткізу үшін есептік кездесулер өткізіліп отырады.
Сөз соңында сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |