«Никольск селолық округінің әкім аппараты» мм 2012 жылдың ақпанындағы есептік кездесудегі баяндама



Дата24.02.2016
өлшемі41.25 Kb.
#14148
«Никольск селолық округінің әкім аппараты» ММ

2012 жылдың ақпанындағы есептік кездесудегі

баяндама
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгіленген, адамдардың қалыпты өмір сүруін қалыптастыру, қызмет көрсету, өмір ахуалын алдын алуда мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, село тұрғындарының ұсыныстары мен сын ескертпелерін іске асыру бойынша, жылсайынғы қортынды жұмыстары туралы округі әкімінің және оның аппаратының атқарылған қызметінің есебі болып табылады.

2011 жылы 52 өкім, 64 нотариалдық қызмет іске асырылды.

Жеке меншік туралы 493 анықтама, 19 жазбаша азаматтардың жүгінуі қаралды. Негізгі жүгінулерге кеңес немесе түсіндіру қажет еткенде консультациялық сипатта болды. Бұл жер телімдерін рәсімдеу мәселелер заңды мерзімде қаралды.

2011жылы селолық әкім аппаратын қаржыландыру 3 Бағдарламалық қаржыландыру бойынша: аппаратты ұстап тұру, елді мекен пунктерінің жолдарының жұмыс істеуін, елді мекен пунктерінің санитариясын қамтамасыз ету. Жалпы қаржыландыру 10 146 000 тенгені құрады, соның ішінде: 7428 тенге әкім аппаратын ұстауға, елді мекен пунктерінің санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге 30 00 тенге, тағайындау бойынша толық жұмсалды; жолдарды ұстап тұруға 2 688 000 тенге бөлінді. Жолдар 2011 жылға қашықтығы 25 км «Никольск-Бородино» автожолына 2 688 000 тенге сомада «Плюс» ЖШС-мен келісім шарт бекітілген, тағайындау бойынша толық жұмсалды.

2011 жылы Никольск селолық округі бойынша 61 адам келіп, 104 адам шығарылды (соның ішінде 32 адам қайтыс болды).

2011 жылы мүлік салығына- 52 354 тенге, жер салығына- 132 817 тенге, ауылшаруашылық атауына жер салығына-170 785 тенге, транспортқа- 442 127 тенге салық жиналды, барлығы- 355 956 тенге, бұл 100% құрады.


Зырян аудандық қызмет көрсету орталығына есепке тұру тәртібін тұрғындар арасында түсіндіру бойынша, округ тұрғындарының жұмыс бастылық мәселесін шеше отырып, қоғамдық жұмыстар үшін орын ұысылады. 2011 жыл 29 адам қоғамдық жұмыстар атқарды. Барлығы 16 802 сағат жұмыс атқарылды. Селолық округте мамыр айынан тамыз айын дейін 2 көкөніс өсіру бригадасы, 21 адам жұмыс атқарды. Қазіргі кезде есепте 4 адам тұр.

Селолық округ аймағында 1567 адам тұрады.

Зейнеткерлер саны-320

Экономикалық белсенді тұрғындар-855 адам

Соның ішінде жұмыс басты- 426 (өз бетімен жұмыс басты-379)

Округ тұрғындардың басым көпшілігі жеке меншік қосалқы шауашылық өсірумен және бақшамен айналысады. 01.01 2011 жылға жалпы аула саны- 513.


2011 жылы 18 жасқа дейін балалары бар отбасыларға жәрдем ақыға 40 іс, мекен-жайлық көмекке- 12 іс рәсімделді.
2011 жылдың наурызынан бастап Никольск-Алтайка-Кремнюха селоларына автобустық жолаушылық қатынасы жоқ. Қазіргі кезде адамдарды тасымалдыу жеке меншік автомобилдермен атқарылады.
Барлық елді мекен пунктері телефонмен қамтамасыз етілген.
2011 жылы Никольск және Бородино селоларының орталық көшелері жарықтандырылған. Кремнюха және Алтайка селолары жарықтандырудан қалып отыр.

Селолық округте 2 орта және 1 орташа мектеп жұмыс істейді. Бородино және Никольск орта мектептерінде шағын-орталық бар. 2011 жылдың қыркүйек айында Кремнюха орталау мектебінде шағын-орталық ашылды. Мектеп жасындағы балалар 100% оқумен қамтылған.

Біздің округте 1 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт жұмыс жасап тұр,

Криминалдық жағдай туралы учаскелік инспектор, полиция капитаны Калмакпаев С.М жеткізіп тұрады. Үймен, автомобильмен, қызмет кабинетімен қамтамасыз етілген.

2011 жылдың 1 желтоқсанына орта және кіші бизнестің белсенді субъектілері (шаруашылық қожалық және жеке кәсіпкерлер есептгенде) 33 бірлік.
Округтің кәсіпорнының негізгі қызметінің бағыты- ауылшаруашылық өнім өсіру. Селолық округ аймағында ірі ауылшаруашылық орналасқан және жұмыс атқаруда: «Никольск-1» ЖШМ, «Бородино»ЖШС, «Ұлар» ЖШС, және 15 шаруашылық қожалық. Ауылшаруашылықтың негізгі өнімі бидай, қара бидай, күнағыс болып табылады. 2011 жылы орташа өнім: астық-14 ц/га, күнбағыс-7,8 ц/га құрады. 2012 жылға күзгі ......га қара бидай егілген.

Мал шаруашылығымен «Бородино» ш/қ, «Гульмира» ш/қ, «Тимур»п/т (01.01.2011 жылы шаруашылық қожалықта ІМІ басы-588 бас, КМІ -619, жылқы-146, шошқа-41) айналысады.2010 жылы «Сеитов» ш/қ базасында қасап алаңы енгізілді және пайдалануға берілді. Бородино селосында жасанды ұрықтандыру пункті бар.

Округ кәсіпкерлері қоғамдық жұмыста, әлеуметтік мәселелерді шешуде, қайырымдылық акцияларына демеушілік көмек көрсетуге белсенділік танытады. Никольск және Бородино орта мектептерінде көп жылдан бері, 60-тан тан аса мектеп оқушылары және село тұрғындары шұғылданатын, 3 команда волейболшылар жаттығатын спорттық секция жұмыс істейді.

Спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. «Никольск-1» ЖШС (Сағадиев Н.М), «ҰларЖШС (Уралов Н.С), «Бородино) ЖШС (Букежанов К.К басшылары жыл сайын демеулік көмек көрсетіп отырады. Осындай Қарым-қатынастың нәтижесі- волейболшылар аудандық жарыстарды тек қана алдыңғы орындарды алуда.

Жастардың демалуына жағдай жасалған. Селолық округте коммуналдық кәсіпорын «Досуг» (Джаббарова Р.К), Бородино селосында (Машибаева В.К) демалыс кештерін, дискотека өткізеді, үстел ойындарын өткізуге мүмкіндік бар. Кремнюха селосында мектеп ішінде кітапхана орналасқан және барлық іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын кітап қорлары толтырылып отырылады.

«Никольск-1»ЖШС, «Бородино»ЖШС, «Уралов» ШҚ күштерімен селоның ішкі жолдары қардан тазартылады. Бородино с., Никольск с. сумен қамтамасыз етілген. Бородино селосында сумен қамтамасыз ету «Бородино» ЖШС балансына берілген. Қазіргі кезде тереңдік насосының сынуына байланысты Кремнюха селосында су жоқ. Сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін қаржылық материалдар 08.11. 2011жылы Зыряндық ҚІІБ жолданды. 2010 жылы бөлімнің бұйрығымен сумен қамтамасыз етуді қаржыландыру әкіа аппаратының балансына берілген, ақшалай қаржының жоқтығынан паспортты дайындау және мүкамалдау әкім аппаратының балансына қойылған жоқ. 2012 жылға қаражат бөлінді.

Сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеумен «Никольск-1»ЖШС, ал Кремнюха селосында селоның тұрғындарынан жай серіктестік құрылды.

Бақылауда бұрынғы шешілмеген мәселелер Никольск, Кремнюха селосында сумен қамтамасыз ету жүйесін округ әкімінң балансына қою, әкім аппаратының ММ ғимаратының техникалық құжатын, Никольск селосында мұсылман зиратын және ҚТҚ жобаларын рәсімдеу, Зырян-Никольск-Кремнюха бағыты бойынша автобус қозғалысын жаңғырту тұр.



Никольск селолық округінің әкімі М.С. Нургазин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет