Құрметті ауыл тұрғындары ! 2014 жылы 11 қарашасында Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»



Дата23.02.2016
өлшемі55.25 Kb.
#5319
Ақсаң ауылдық округінің әк імі Т.Ы.Смағұловтың 2014 жылғы ауыл тұрғындарымен есептік кездесудегі баяндамасының

ТЕЗИСІ

Құрметті ауыл тұрғындары !

2014 жылы 11 қарашасында Елбасымыз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жария етті.

Жолдауда тәуелсіз еліміздегі атқарылатын жұмыстардың нақты бағыты, қандай маңызды іске жұмылу қажеттілігі белгіленген.

Осы Жолдауда Елбасы әлемдік тұрақсыздық кезеңін лайықты деңгейде еңсеруге мүмкіндік беретін нақты жеті шара ұсынды. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, энергетикалық инфрақұрылым дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және су мен жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту және басқа да салалар бойынша.

Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік іс- шаралар мен бағдарламаларды тұрғындарға жеткізіп түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізіп отырды.

Бекітілген жоспар бойынша округ көлемінде жұмыстар ұйымдастырылп және оларды іске асырдық.

Ауыл экономикасын өркендету, жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру, елді мекендерді көріктендіру мен тазалық жұмыстары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығы мен бірігуін одан әрі дамыту ауылдық округ әкімі аппаратының басты міндеті.

Ауылдық округте 3 елді мекен жатады. Олар Ақсаң ауылы, Жалғызқайың ауылы және Қаражар ауылдары. Округ бойынша жалпы халық саны- 940 адам.Аула саны -203. Оның ішінде 108 зейнеткер, 140 оқушы, 600 еңбекке жарамды тұрғындар бар. Жалпы жерінің аумағы 117 184 гектар.

Округте 2 мектеп, 3 мәдениет ошағы, 3 кітапхана , 3 денсаулық сақтау нысаны, және 1 дүкен , 2 шағын орталықтары , мал сойатын алаң және 3 ауыз су құбыры скважина , Казпошта қызметкері қалыпты жағдайда халыққа қызмет көрсетуде.



Округ бойынша барлығы 46 шаруа қожалығы тіркелген.

Биылғы жылы 3 кәсіпкер тіркеліп мал өсірумен айналысуда. Изатбекова Баян, Бещенбаев Бекзат және Идрисов Нариман.

Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп дерекқорға енгізіліп жұмыстар жалғасуда.

Есепті жылы мал тұқымын асылдандыру мақсатында субсиди алу жолымен « Шайхова » және «Ермеков» шаруа қожалықтары барлығы 18 бас асыл тұқымды ақбас бұқа сатып алса, « Батырхан» және « Құтмекен» шаруа қожалықтары 20 бастан қошқар сатып алып отыр.

Салық базасы. Округ дамуының көрсеткіштерінің бірі - салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы. Жыл басынан бері салық жиналымы орындалды.

Кедейшілікті азайту мақсатында балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 9 отбасының 29 балаға жәрдемақасы төленген.

Мемлекеттік атаулы көмек алушылар округ бойынша жоқ.

« Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуы. Бағдарлама бойынша жыл басынан бері қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында 1- адам Байгелов Буркутбай жіберіліп газоэлектросварщик мамандығын алып жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде кеәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1-адам Мухамедьяров Аязбай қатысты.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының 11 бағыты бойынша 2014 жылы несие алған адамдар саны ; 3 адам мал өсірумен айналыспақшы, осы бағыт бойынша 3 кісі тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Жұмыспен қамту картасы 2020 бағдарламасы бойынша жастар тәжірбиесіне 5 адам қамтылып отыр.

Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 24 адам және әлеуметтік жұмыстарға 10 адам тартылып отырылды. Есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан тұрақты жұмысқа орналастырылып отыру әрдайым бақылауда.

Бүгінгі таңда мектепте халықаралық стандартқа орай білім беру басты міндет болып отыр. Барлығы мектептерде -140 оқушы білім алуда және 53 мұғалім дәріс беруде. Мектептерде пән апталығы , әдістемелік апталығы , әдістемелік бірлестіктер жұмысы, аудандық іс-шараларға қатысу бағытындағы жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екі мектепте шағын орталығы жұмыс істеуде. Биылғы жылы Қаражар ауылына балалар алаңын салуға « Өңірлерді дамыту бағдарламасынан» 4893,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес 3200,0 мың теңге ТОО «А.Е.П»- строй ұтып алып Қаражар ауылына балалар алаңы салынды.

Үнемделген қаражаттан 1693,0 мың теңгесіне Ақсаң ауылына балалар алаңына құрылғыларын орнатуға берілген мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ТОО «электроминдустрия» 1200,0 мың теңге ұтып алып балалар алаңын құралдарын дайындап орнатылды.

Ауылдық мәдениет үйі ауылдық клубтар белгіленген жоспарлар бойынша мемлекеттік және атаулы даталдар мерекелері, мерекелік іс шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп отырылады.

Биылғы жылы Қаражар ауылдық клубында халықты мәдениет және өнерге жақындату үшін қызықты тәрбиелік мәні зор маңызды іс шаралар ұйымдастырылып отырады. Режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай « Аңшы бала» деген қысқа метражды кино түсіріп халық ризашылығына бөленді. Сонымен бірге « Мың мен алысқан адам» атты пьесамен аудандық « Ертіс Баян жұлдыздар 2014 » фестивальіне қатысып Павлодар облыстық халық шығармашылық орталығындағы « Шаңырақта» тьеатрлар байқауына қатысып ұжым болып ат салысуда.

Медициналық пукте 5 медбике қызмет көрсетеді.

Ауылдық елді мекендерінің тазалығына -1168,0 мың теңге рұқсат етілмеген көң-қоқыстарын шығару жұмыстарына жұмсалды.

Елді мекендердің көше жарықтандыру жұмыстарын қамтамасыз ету 783,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Ауылдық округ автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 318,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты желтоқсан айында қосымша қар тазалауға 200,0 мың теңге бөлініп жұмыстар бүгінгі күнге дейін жүргілуде.

2014 жылы округ әкімі атына 34 өтініш түсті, оның 3 заңды тұлға, 31 жеке тұлға. Оның ішінде 15 қанағаттандырылып, 19 заңға сәйкес түсіндірілді.

«Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі (уақытылы және сапалы).

2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны– 549

Кездесулерде халықтан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер іске асырылып іс-шаралар жасалып орындалды.

Әкім аппаратының қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын бұзу фактілері бойынша азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

2015 жылда Ақсаң ауылдық округі бойынша төмендегідей проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылып отыр:


  1. Қаражар ауылының су мәселесі

2. Ақсаң ауылының скважинасы ескі жарамсыз. Сол себепті су құбырына жөндеу жұмысы қажет етеді.

3.Жалғызқайың Қаражар ауылының жолына жөндеу жұмыстарын іске асыру

4.Балалар тасымалдайтын автобус ескі болуына байланысты жаңа автобус қажет етуде.

5.Жалғызқайың ауылдық клубына жөндеу жұмысына қаражат қажет, былтыр аз қаражат бөлініп жөндеу жұмысы аяқсыз қалды.

6.Жалғызқайың ауылдық кітапханасына күрделі жөндеу жұмысын жасауға қаражат қажет.

Ақсаң- Баянауыл жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау қажет.



Ауылымыздың өркендеу жолындағы осы маңызды мақсаттарды іске асыруға өз үлесімізді қосайық, ардақты ауылдастар.
Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет