Бөлім:
|
АР-ҰЯТ
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
Кузенбердиева А.Н
|
Күні:
|
18.09.2023 ж.
|
Сынып: 4 «Б»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Менің әкем – арқа сүйер тірегім, менің анам – кеудемдегі жүрегім»
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге , адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының
әркеті
|
Ресурстар
|
|
Ата-ана - әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі «Менің әкем – арқа сүйер тірегім, менің анам – кеудемдегі жүрегім» атты тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады. Біз дөңгелек үстел басында сұхбаттасамыз.
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. «Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең» деген халық даналығы бар. Отбасында әкенің орны бөлек. Ол тек, бір отбасының ғана емес, ауылдың, әулеттің, рудың қамқоршысы.
Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол - ана.Анасыз бала, ұйықтамайды. Ана үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы. .
Мұғалім: Үйдегі алтын қазық кім?
Мұғалім: «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Мұғалім: Сендер білесіңдер ме, дүниедегі ең сұлу кім?
Мұғалім: «Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Автор: Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:
Ата, мені де ала кетесіз бе? – дейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |