ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ, РЕГУЛИРУЮЩИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
Мазмұны
I БӨЛІМ
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстықіс жүргізу кодексі 5
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 21
-
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 31
-
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36
-
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі 54
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында сот сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 61
-
Кешенді сот сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 67
-
Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесі 70
II БӨЛІМ
-
Eуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің мемлекеттік сарапшыларының кәсіби этикасының кодексі 84
-
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі 88
-
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімді жүргізу ережесі 90
-
Сот сараптаманың кейбір мәселелері 92
-
Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 99
-
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесі 101
-
Сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия туралы ереже 103
-
Арнайы кәсіптік даярлау ережесі 105
-
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі 107
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесі 109
-
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы қызметiнiң ережесi 111
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі 112
-
«Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Сот сараптамасы институттарының сот сарапшылар мен ғылыми қызметкерлерінің нормативтік жүктемелері 115
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сарапшы қорытындысын және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарламаны арнаулы бланкілерде рәсімдеуге қойылатын бірыңғай талаптар, арнаулы бланкілерді пайдалану, есепке алу және сақтау тәртібі 120
-
«Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Регламенті 126
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының қызметкерлеріне біліктілік талаптары 138
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми кеңесі туралы ереже 149
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ереже 151
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот араптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ереже 153
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қайталама сот сараптамаларын жүргізу ережесі.................................................................................. 156
I БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 кодексi
(29.01.2013 ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілуімен)
1-тарау. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық iс жүргiзу заңдары
7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдардың түсiнiктемесi
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
41) "арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтiң барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;
41-1) «арнаулы ғылыми бiлiм» - сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерiнде iске асырылған, мазмұны ғылыми бiлiмдi құрайтын арнаулы бiлiм саласы.
10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
83-бап. Сарапшы
1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстiң 243-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленедi.
2. Сарапшыны шақыру сараптама тағайындау және жүргiзу осы Кодекстiң 32-тарауында, сондай-ақ 354-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3.Сарапшының:
1) сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға;
2) қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы, сондай-ақ қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы өтiнiштi мәлiмдеуге;
3) қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiсті ескертпелер жасауға;
5) сараптама тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;
6) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;
7) сараптама жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органның және iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы өзге де адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға;
8) сараптама жүргiзу кезiнде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
4.Сарапшы:
1) қылмыстық процестi жүргiзушi органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;
2) зерттеу үшiн материалдарды дербес жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер жүргiзуге құқылы емес.
5.Сарапшы:
1) қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге;
2) өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге, қойылған мәселелер бойынша негiзделген және объективтi жазбаша қорытынды беруге;
3) осы Кодекстiң 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процестi жүргiзушi органға жiберуге;
4) жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге;
6) iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;
7) сараптама тағайындаған органға сараптама жүргiзуге байланысты шығыстардың сметасын және келтiрiлген шығыстар туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
6. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн заңда белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.
7. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысқан және көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген деп есептеледi.
Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
84-бап. Маман
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.
1-1. Сотқа дейінгі іс жүргізуде зерттеу жүргізу және қорытынды алу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары уәкілетті бөлімшесінің қызметкері маман ретінде тартылуы мүмкін.
Тараптар маманның қорытындысымен келіспеген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындайды.
2. Маманның: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшiн материалдарды дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты мән-жайларға аударуға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, тергеу немесе сот әрекетiнiң шеңберiнде оның барысы мен нәтижелерiн осы Кодекстiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы iстiң материалдарына объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң көрсетiлуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуды, қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
3. Маман: қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
4. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2006.07.04 N 151, 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
11-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудың мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық бiлдiру
96-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру
-
Сарапшы:
1) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де байланыста болса немесе болып отырса;
3) егер ол нәтижесi қылмыстық iс бойынша iс қозғау немесе қылмыстық iзге түсудi бастау үшiн негiз болған тексеру немесе басқа да тексерiс әрекеттерiн жүргiзсе;
4) егер оның құзыреттi еместiгi байқалса;
5) егер ол iске, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маман ретiнде адамның мәйiтiн қарауға қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
1-1. Тiрi адамға, сондай-ақ мәйiтке сараптама жүргiзуге сараптама тағайындалғанға дейiн тиiстi адамға медициналық көмек көрсеткен дәрiгер сарапшы ретiнде қатыса алмайды.
2. Адамның осы iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген сараптамадан кейiн ол қайталап тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, iс бойынша сараптама жүргiзудi оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Сарапшыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргiзушi орган шешедi.
Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
98-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Судья, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысы хатшысы, сот приставы, сонымен бiрге олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға мемлекет заңда көзделген тәртiппен сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты олардың өмiрiне қауiп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауiпсiздендiру шараларын қолдануды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
15-тарау. Дәлелдемелер
115-бап. Дәлелдемелер ұғымы
1. Оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының, маманның қорытындыларымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
120-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы - осы Кодекстiң талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат.
2. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.
Ескерту. 120-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
21-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы
еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
173-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн
сыйақы алуы
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса - жұмыс iстеген орнында жалақы;
2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және жұмыстан тыс уақытта орындалса - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалардың шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сыйақы;
3) егер жұмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса - тараппен жасалған шартта белгiленген мөлшерде сыйақы алады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процестi жүргiзiп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн шығарған қаулысының негiзiнде төленедi.
174-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысқан адамдардың шыққан
шығындарын өтеу
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жәбiрленушiнiң, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердiң, олардың заңды өкiлдерiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсететiн адвокаттардың немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлiнiң осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебiнен өтелуге жатады:
1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:
- темiр жол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсуiмен - әуе көлiгiмен жол жүру құны;
- қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған норма бойынша бұл шығындарды ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн реттегi тұрғын үйдi жалдау құны;
2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн кездегi - тәулiктiк ақы;
3) олар үшiн орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;
4) сол адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы нәтижесiнде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығындары.
2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң, сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.
3. Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал-жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.
4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығындар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша, қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысының негiзiнде, заңдарда белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстар сонымен қатар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды тергеу iсiне қатысуға тартқан тараптың есебiнен не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда өтелуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген шығындар заңдарға сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның өз бастамашылығымен өтелуi мүмкiн. Көрсетiлген шығыстарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 174-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.01.08 N 210, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
32-тарау. Сот сараптамасы
240-бап. Сараптаманы тағайындау
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiлiгiнен босатпайды.
241-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау
1. Егер iс бойынша:
1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
2) iс үшiн маңызды болып, бiрақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туғызғанда күдiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
3) күдiктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;
4) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;
5) iстiң өзге дәлелдермен дәйектi түрде анықталмайтын өзге де мән-жайын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.
2. Егер айыпталушының психикалық жай-күйiне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасағаны үшiн күмән келтiрiлсе, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3 және 4-тармақтарында тiзбеленген негiздемелер бойынша күдiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге, куәға амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргiзiледi. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргiзбей және сынақтан өтушiнi стационарлық тексеруге орналастырмай қорытынды беру мүмкiн еместiгi туралы хабарлаған жағдайда, осы Кодекстiң 247-бабының тәртiбiмен қылмыстық iс бойынша стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Ескерту. 241-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
242-бап. Сараптама тағайындау тәртiбi
1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама тағайындау кажет деп тани отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрi; сараптама тағайындау үшiн негiздер; сараптамаға жiберiлетiн объектiлер және олардың шығу тегi туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген объектiлердi зерттеу барысында толық немесе iшiнара жою, олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгерту мүмкiндiгiне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жiберiлген және өз құзыретiне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Сараптама жүргiзiлмей қылмыстық iстi қозғау туралы шешiм қабылдау мүмкiн болмайтын жағдайларда, ол қылмыстық iс қозғалғанға дейiн тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте, мыналар:
1) қылмыстар туралы арыздарға немесе хабарламаларға қоса берiлетiн, осы Кодекстiң 178, 179, 180, 181-баптарына сәйкес табыс етiлген;
2) осы Кодекстiң 182-бабына сәйкес қылмыстық iстi қозғауға құқық берiлген лауазымды адамдар және органдар тiкелей тапқан;
3) тергеуге дейiнгi тексеру барысында осы Кодекспен жол берiлетiн iс жүргiзу әрекеттерiнiң нәтижесiнде алынған;
4) осы Кодекстiң 125-бабында көзделген тәртiппен талап етiлiп алынған немесе табыс етiлген материалдар сот-сараптамалық зерттеулердiң объектiлерi болып табылады.
3. Iсте ревизия, тексеру актiлерiнiң, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ iс жүргiзу әрекеттерi барысында мамандар жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы нақ сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
4. Сараптама өздерiнiң немесе өздерiне берiлетiн құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Өзiнiң немесе өзiне берiлетiн құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын процеске қатысушы қылмыстық процестi жүргiзушi органға, өз пiкiрi бойынша, сарапшының қорытындысы берiлуге тиiс мәселелердi жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектiлерiн көрсетедi, сондай-ақ сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте, шешiлуi өзiне ұсынылған мәселелер қылмыстық iске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама тағайындаудан бас тартуға құқылы емес.
5. Бастамасы бойынша сараптама тағайындалып отырған процеске қатысушы сараптамалық зерттеу объектiлерi ретiнде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган дәлелдi қаулысымен оларды мұндай объектiлердiң қатарынан алып тастауға құқылы.
6. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган ұсынылған мәселелердi қарап, олардың қылмыстық iске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тартуға негiздердiң бар-жоғын анықтайды, содан кейiн осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
7. Сараптама жүргiзуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегiне ақы төлеу осы Кодекстiң 21-тарауының ережелерi бойынша жүргiзiледi.
8. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган, егер сараптама жүргiзу кезiнде олардың қатысуы мiндеттi деп танылса, сезiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi, куәнi сарапшыға жеткiзудi қамтамасыз етедi.
Ескерту. 242-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |