Нормативные правовые акты, регулирующие судебно-экспертную деятельность в республике казахстан


-тарау. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізудің ерекшеліктері



бет6/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#135994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

4-тарау. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізудің ерекшеліктері



33-бап. Сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін адамдар

Сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін адамдардың шеңбері заңмен белгіленеді.


34-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу орны

1. Тірі адамдарға сот сараптамасы медициналық ұйымда немесе сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және осы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлары бар басқа орында жүргізілуі мүмкін.

2. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамды стационарлық зерттеп-қарау қажеттігі туындаған жағдайда, ол осы Заңның 36-бабында көзделген тәртіппен медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.

3. Сот сараптамасы тағайындалған адамдарды ол жүргізілетін орынға және сот-сараптамалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін тасымалдап жеткізуді сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) қамтамасыз етеді.


35-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезіндегі

еріктілік және мәжбүрлеу

1. Тірі адамдарға сот сараптамасы ерікті түрде немесе мәжбүрлеу түрінде жүргізілуі мүмкін.

2. Егер сот сараптамасы ерікті түрде жүргізілсе, сот сараптамасы органына адамның сот-сараптамалық зерттеулерге тартылуға жазбаша келісімі ұсынылуға тиіс.

3. Егер сот сараптамасы тағайындалған адам кәмелетке толмаса немесе оны сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, оның заңды өкілі немесе қорғаншылық және қамқоршылық органы осы адамға қатысты сот сараптамасын жүргізуге жазбаша келісім береді.

4. Тiрi адамдарға мәжбүрлеу түрiнде сот сараптамасын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-бап. Адамды сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастырудың негіздері мен тәртібі

1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, ол сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының, ұйғарымның негізінде тиісті медициналық ұйымға орналастырылады.

2. Күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға сот шешімі бойынша ғана жол беріледі.

Күзетпен ұсталмайтын адамды сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға сот шешімі бойынша немесе прокурордың санкциясымен жол беріледі.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның болатын орны туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
37-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде адамның медициналық

ұйымда болу мерзімдері

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге орналастырылуы мүмкiн.

2. Ерікті түрде сот сараптамасына тартылған адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісімімен, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.

3. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның онда болу мерзiмiнiң, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзарту тәртiбiнiң бұзылуына аталған адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi немесе iске қатысуға жiберiлген өзге де өкiлдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38-бап. Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі

1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.

3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
39-бап. Күзетпен ұсталмаған адамдарға қатысты сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізудің шарттары

1. Күзетпен ұсталмаған адамдарға қатысты сот-психиатриялық сараптама психиатриялық стационарларда жүргізіледі.

2. Күзетпен ұсталмаған адамдарға психиатриялық стационарларда сот-психиатриялық сараптама жүргiзу кезеңiнде оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстері нормаларының күшi қолданылады.

3. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында белгіленген психиатриялық стационарлар пациенттерінің құқықтарын пайдаланады.



Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40-бап. Күзетпен ұсталған адамдарға қатысты сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізудің шарттары

1. Күзетпен ұсталған адамдарға қатысты сот-психиатриялық сараптама аталған адамдарды орналастыру үшін арнайы бөлінген психиатриялық стационарларда жүргізіледі.

2. Күзетпен ұсталған адамдарға сот-психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргізу кезеңінде оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі нормаларының күші қолданылады.

3. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында олар үшін көзделген психиатриялық стационарлар пациенттерінің ерекшеліктерін пайдаланады.


41-бап. Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезінде процеске

қатысушылардың қатысуы

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, процеске қатысушылардың тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде, сондай-ақ осы Заңның  26-бабындаайқындалады.

2. Сот-психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу құпия жағдайда жүзеге асырылады.

3. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек қана сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу аталған зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет