1 билiктi құрметте



Дата29.09.2022
өлшемі21.87 Kb.
#461611
түріКодекс
бизнес 2


  1. Кәсіпкердің этикалық заңдар жинағы. Кәсіпкердің қоғамдық санасы

Әдеп кодексi. Бизнестегi мораль нормалары түсiнiгi. Кәсiпкердiң қасиетi iс-әрекетiнiң этикасын қамтамасыз ету. Өркениеттi кәсiпкердiң моральдi-этикалық кодексi. 
Мораль - адамдардың қоғамдағы iс-әрекетiн нормативтi бағыттайтын ең негiзгi құралдардың бiрi. Қоғдық сананың және және қоғамдық қатынастардың ерекше формасы. Әдептi оқыту пәнi.
Кәсiпкердiң моральдi - этитикалық кодексi бизнесменнiң моральдi және әдiл, адал кәсiпкер ретiнде тарихи дамуды көрсетедi.ХХ ғасырдың басында Ресей кәсiпкерлерi кәсiпкерлiк iстiң келесi принцптерiн өндеп шығарған:
1) билiктi құрметте;
2) әдiл және шынайы бол;
3) жеке меншiктi құқықты құрметте;
4) сөзiне сенiмдi бол;
5) адамды сүй және құрметте;
6) қаражат бойынша өмiр сүр;
7) ұмтылғыш бол.
Қазiргi заманғы кәсiпкердiң этикалық кодексi:
1) өзiнiң еңбегiне өзi үшiн ғана емес, қоғам, мемлекет, басқа адамдар үшiн пайдалы болу сенiммен қарау керек;
2) қоршаған адамдарға жұмыс жасауға немесе жасайтын кәсiпкер ретiнде түсiнiк қалыптастыру керек;
3) бизнеске сену, оны бизнеске деген қарым-қатынастық қол өнер ретiнде шығармашылық ретiнде қабылдануы;
4) бәсекелестiктi ынтымақтастыққа жетудi көздейтiн қажеттiлiк ретiнде мойындау;
5) өзiндi және басқа тұлғаны силау-өзiңдi сияқты;
6) кез келген меншiктi, мемлекеттiк билiктi, қоғамдық қозғалысты, әлеуметтiк тәртiптi, заңдылықты силау;
7) басқа адамдарға сенiм бiлдiру, кәсiптiлiктi және басқа адамдардың бiлiктiлiгiн силау;
8) бiлiм, ғылым, мәдениеттiң құндылығын мойындау;
9) экологияны қорғау;
10) жаңалыққа ұмтылу;
11) гуманизм.
Идеология - нақты қоғамның, қарым-қатынастың өзгерiсiне бағытталған әлеуметтiк iс әрекеттi мақсат тұтатын әлеуметтiк мәселелер, қақтығыстар адамдардың қарым-қатынасы, бiр-бiрiмен iс әрекет жасауы, көрiнетiн көз қарастары мен идеяларының жүйесi.
Қоғамның идеолгиялық құндылықтарынсыз олар қалыптаспайды. Сондықтан әлеуметтiк құндылықтардың орнына саяси технология деңгейiндегi либералды қүндылықтар енгiзiлдi.
Егер идеологиялық жүйе болмаса мемлекеттiң құрылымы идеологияның саяси қолданбалы сипатында болады. Кез келген қала, қауымдастық оркениет, идеясыз қызмет етпейдi. Ойсыз жолшылық болады. Ұлттық идея - бұл әрбiр ұлттың уневерсал мәнiн менгеретiн құндылықтар жүйесi.
Кәсiпкердiң идеологиясы - патриотизмге, жаналыққа ұмтылуға, әлеуметтiк бостандықты материалдық приоритеттiн табысты көзi ретiнде қарастырылады.
Кәсiпкердiң идеологиясы оның элемдi түсiнiумен сипатталды, ол қоршаған әлемдi және оның басқа компанеттерiмен байланыста болатын оның суретiмен бейнеленедi - нақты идея кәсiпкердiң тәжiрiбиелiк iс әрекетiне күштi әсер етедi.
Негізгі сұрақтар
1 Әдептілік кодексінің түсінігі.
2 Кәсіпкердің қызметінің құқықтық негізі.
3 Кәсіпкер идеологиясының ішкі мәні.
4 Бизнес және дін.
3 Этиканың заңдар жинағы мен сапалы іскерліктердің концепциясы
Iскер сапаның концепциясы. Бизнесменге сипаттама. Жетекшiнiң сапасы.
Зонбарт, Кантильон, Шумплер, Гипс кәсiпкерлерiне түсiнiк беру, кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы. Экономикалық белсендiк - индивидтың қоғамдық кәсiпке араласуың және өзiнiң өмiр эрекетiң қамтамасыз ететiн қаржылық құралдар мен формалар.
Iскер сапа концепциясы келесiлерден тұрады:
1) әрбiр аралас бiрлiктiң сапалы және экономикалық - шаруашылық жолымен нарықты талдауды, оның тауарлары, темистерi, шарттары тұрғысынан экономикалық жүйенiң дайындығын және сәулеттi (құрылыстық қолөнер) жүйенi iздестiру қабылетi;
2) тауарға, заттарға, шарттарға мақсатылған кәсiбi құрылымдық арық жағдайда нәтижежелi сақтап қалуға дайындалу және меншiк кәсiби құрылымды қалыптастыру;
3) нарықтағы барлық жағдайды дұрыс бағалау және өзгерiстердi дұрыс шеше бiлуге қабылеттi болу;
4) сонымен қоса нарық қажеттiлiгiң анықтау. Бұл қажеттiлiктер анық болуы мүмкiн, бiрақ қанағаттандырылмайтын, толығымен қанағаттандырылатың, сапасы аса емес болуы мүмкiн;
5) алғашқы кәсiби шарттарды жүзеге асыра бiлу, бұлар коньюктуралық және маркетiнгтiк зерттеудiң нәтiжесiнен шығады;
Осылардың негiзiнде кәсiпкер осы идеямен айналуға болатыны жөнiнде шешiмге келедi;
6) кәiпкерлiк жобаны оның мақсаты мен мiндеттерiн, бағынушылардың, серiктестердiң және қызметкерлердiң осы мақсатқа жетулерiн жүзеге асыру қабылеттерiн қалыптастыру;
7) алдымен механикалық, технологиялық немесе ғылыми техникалық идея түсiнiгiне коз жүгiрту және сонғы нятижеге жету деңгейiн осы идеяны қолдану мүмкiндiгiн қарастыра бiлу;
8) қажеттi адамдармен мекемелермен билiк құрылымдармен коммуникациялық проццеске жету қабылетi.
Жанашылдық - кәсiпкердiң iскер сапасының концепциясы. Жанашылдықта қорқыныштын болмауы және жанашылдық - тек осы сапалар оған басқалар көрмейтiң және iстемейтiн iс әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi.
Нарықта осы сапаларды нәтижелi қолдануға болады. Кәсiпкер - нарықтығы тыныштықты қалыптастырушы.
Ол өнiмнiң бiр орнында тұруына жол беремейдi. Жана тауар жеткiзушiге және т.б. қойылатың жаңаталаптар. Менталдық - капиталды игеру және оны басқару, нарық жағдайда кәсiпорын факторынын жүйелеу, осы жағдайда табысқа жету үшiн артық мөлшерде мүмкiндiк туғызу, өзгерiстерге беймделе бiлу, басқарудың ерекше жүйесi, нарықтың сұранысының өзгеруi, иновацияны қабылдау - сапа. Бұларсыз кәсiпорын нәтижелi жұмыс iстей алмайды.
Еркiн күшi, өзiне деген сенiмi-кәсiпкердiн 8%-тiк бағасы, тұрғылықты жерi кәсiп бойынша.
Керiлiкпен айналысады:
Агрессивтілiк - ол кез келген бiрiншiлiктi менгеруге деген сенiмдiлiк, нақты және мақсатқа бағытталған инициативаға жұмылдуруға ұмтылу.
Команданы құру қабылетi - шешiм қабылдау қабылетi және өзiне жауапкуершiлiктi алуға дайындалу, қаупке дайындалу қабылетi.
Мобилизацияға қабылеттiк – идея, iс әрекет фактi және құблыстарды, ресурстарды кезектi формада карастыру, сапа және санды, байланыс қарым - қатынасты топтау қабылетi.
Негізгі сұрақтар
1 Кәсіпкердің жеке қасиеттері.
2 Іскерлік қасиеттерінің тұжырымы.
3 Бизнес өнер сияқты.
4 Кәсіпорын әдеп кодексі оның бөліктері.

  1. Іскерлі қатынастардың этикасы 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет