Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 мамырда №5-1-60 тіркелді «Көшелердi қайта атау туралы»



Дата01.07.2016
өлшемі18.99 Kb.
#169809
    Бұл бет үшін навигация:
  • ШЕШТI
Бірлескен Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 2 сәуiрдегi N 253 қаулысы, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуiрдегi N 32/3 шешiмi.

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 25 мамырда № 5-1-60 тіркелді)
«Көшелердi қайта атау туралы»

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының  6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына,  31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2006 жылғы 28 маусымдағы, 2007 жылғы 16 ақпандағы және 14 наурыздағы қорытындыларының негiзiнде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТI  және Өскемен қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қайта аталсын:
      Қызыл Қырандар жағалауы Шығыс Қазақстан облыстық коммунистiк партиясының бұрынғы бiрiншi хатшысы Александр Протазановтың есiмiмен;
      Тоқымашылар даңғылы Қазақ Совет Социалистiк Республикасының Fылым Академиясының бiрiншi төрағасы, академик Қаныш Сәтпаевтың есiмiмен;  <*>
      Ленин даңғылы Тәуелсiздiк (Независимость) даңғылына
       Ермак көшесi тұңғыш қазақ ұшқышы Жақыпбек Малдыбаевтың есiмiмен;
       Ескерту. 1 тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 16 қазандағы N 3037 қаулысымен, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы N 2/5 бiрлескен шешiмiмен.

      2. Атауы берiлсiн:


      Киров, Головков көшелерiнiң ауданында орналасқан мәдениет және демалыс саябағына, "Жастар" мәдениет және демалыс саябағы;
      Ахмер ауылындаға жаңа көшелердiң бiрiне Панкратьев бағының негiзiн қалаушы Густав Александрович Вистениустың есiмi;
      Ертiс өзенiнiң Сол жақ жағалауындағы 14 және 19 тұрғын аудандары арасында салынып жатқан даңғылға (ЖМК ауданы) Iлияс Есенберлиннiң есiмi;
      орталық алаңға Республика алаңы.

      3. Алматы тас жолының бойында телемұнара ауданында "Атығай асуы" тақтайшасы орнатылсын.

      4. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Е.П. Ясинская) қала бюджетiн түзету кезiнде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.

      5. "Өскемен қаласының тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары" мемлекеттiк мекемесi (Ә.Ә. Маткаримов) 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қазақ орыс тiлдерiнде атау беру және қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсiн.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсiн.

      7. Осы шешiм мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Сессия төрағасы

      Өскемен қаласының әкiмi



      Қалалық мәслихат хатшысының
      өкiлеттiгiн уақытша жүзеге асырушы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет