Xx ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы



бет1/13
Дата20.05.2022
өлшемі258.79 Kb.
#458420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой

XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы




Мазмұны

Кiрiспе 5
1.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой.пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi
1.1XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары 25
1.2XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы 35
1.3ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психология ғылымының мазмұны 55
2.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психологиялық ой.пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын мүмкiндiктерi 65
2.1Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал.мәтелдердегi көрiнiсi
2.2ХХ ғасырдағы Қазақстандық психолог.ғалымдардың ой.пiкiрлерiн оқу.тәрбие процесiнiң мазмұнында пайдаланудың мүмкiндiктерi 70
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдiстемелер тiзiмi 75




Кіріспе


Зерттеу көкейкестілігі: XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік жария­лан­ғаннан кейін ұлттық психология ғылымы ерекше серпіліске ие болды. Қазақстанда психология ғылымының әр түрлі сала­ла­рында зерттеу жұмыстары жан -­жақты жүргізіліп, қазақ пси­хо­ло­­гия­сының өзіндік даму тен­ден­­циясы қалыптаса бастады. Бұл үрдістің сипатын психология ғы­лым­дарының докторлары – про­фес­сорлар С.Жақыпов, Ж.Намазбаева, X.Шерьяз­данова, Б.Хамзин, С.Бер­­дібаева, О.Саң­ғылбаев, А.Ақа­­жанова, Б.Әмірова, А.Ер­мен­таева, Н.Тоқ­сан­баева, т.б. ға­лым­дардың өз­дері­нің және олар­дың жетек­шілігімен қорғал­ған жүздеген кандидаттық диссертациялардан көруге болады. Осы және аты аталмай қал­ған көптеген ғалымдар мен ма­­ман­дардың қаламынан төл тілі­мізде оқу құралдары мен оқу­лықтар, библиографиялық көрсет­кіштер мен сөздіктер, әдістемелік басылымдар және монографиялар жарық көрді.
Кеңес өкіметі аясында психология ғылымының дамып, өр­кен­­дей түсуіне біраз тұсау са­лы­­нып, кедергі болғаны рас. Мә­се­лен, 1947 жылы КазГУ-де ашыл­ған логика және психология бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан кейін ғана (1988) жұртшылықтың үлкен дабылынан кейін орыс тілді 25 шәкіртке психологиядан білім алуға мүмкіндік туды. Ал оның қазақ бөлімі төрт жылдан кейін ғана барып ашылды[1].
Қазіргі кезде де елімізде пси­хо­­ло­­гия­лық ғылыми-зерттеу инс­­­­ти­­тут­­тары түгіл, дербес ка­фед­­­р­а­­лар­дың өзі саусақпен са­нар­­­лық­тай. Бұлардың өзі де әлі күнге дейін АҚШ пен Ба­тыс­­­т­ың ық­палынан шыға ал­май келе­ді. Пси­хологиялық кадр­лар (бакалавриат, магистра­тура) республиканың 13 универ­си­тетінде даярлану­да. Бірақ бұ­лар­ға берілетін грант­тар өте аз. Сон­дықтан, осы маман­дыққа келу­ші­лердің жыл сайын қатары кеми түсуде.
Психология ғылымының жағ­дайы еліміз тәуелсіздік алған­нан кейін оңалар деген үмітіміз де әзірше ақтала қойған жоқ. Осы айтқанымызға дерек келтірсек, олар мына төмендегілер:
Біріншіден, тәуелсіздік алған­нан кейін осы ғылымды елі­міз­де дамыта түсу жолында ға­лымдар, біраз әрекет­тен­­­дік. Ұлт­тық тәлім-тәрбие қауым­­дас­тығы (1991 ж.), кейіні­рек, ака­демик Т.Тәжібаев атын­да­ғы этнопсихология орта­лы­ғы ұйым­дас­ты­рыл­ды. Бір­не­ше ғы­лы­ми конференциялар өткізілді. Бір әттеген­айы орталық ұйым­дас­тырған шаралардың бірде-біреуі­не мемлекет тарапынан қолдау болмады.
Дегенмен, соңғы кезде Білім және ғылым министрлігі әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге ар­нал­ған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Қазақ психологиялық қоғамының құрылуын құптап, маңызды істерге тартуда.
Екіншіден, Қазақ елінде пси­хология ғылыми-зерттеу инс­титутын ашу мәселесін көтер­гені­мізге 25 жылдай уақыт өтті. Бұл да әзірше шешімін таппай тұр;
Үшіншіден, психология пә­нін жоғары оқу орындарын­да оқытудың көпжылдық тәжірибесі бар екені белгілі. Ал кредиттік оқу­ға көшуге байланысты осы пән ке­лешек мамандар үшін керек­сіз ғылымға айнала бастады. Мәселен, университеттерде бұрын жеткілікті көлемде оқы­тылып келген психология ака­де­мия­лық пән (қазіргісі 15 сағат) оқу жоспарынан алынып тасталғаны өкінішті.
Төртіншіден, Қазақстанда сегіз мыңдай мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, бұл салаға пе­дагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Осы мәселе ТМД елдерінде жақ­сы жолға қойылған. Мәселен, Ресей­дің әр губерниясында психология факультеті бар, оларда мыңдаған мамандар даярланады, алпыстан астам психология кафедралары, бірнеше ғылыми-зерттеу институттары, 70 мыңға жуық психолог мамандары бар. Бізде әзірше бұл көрсеткіш өте мардымсыз, ал ЖОО-лары арқылы психолог кадр­­ларын даярлау ісі құрдым екені анық байқалады.
Осы аталған мәселелерді шешуге әртүрлі мамандық өкіл­дерінің белсенді араласуы қа­жет. Бір сөзбен айтқанда, хал­қы­­мыз­дың психологиялық сауат­ты­лы­ғын арттыру мен пси­хо­ло­­гия­­лық мәдениетін көтеру үшін Қазақ психологиялық қоға­мы­­­­ның құрылуы өмір талабынан туын­даған қажеттілік екені шындық[2].
Зерттеу мақсаты: Республика халқына психологиялық ілім ­білімдерді насихаттау, елімізде пси­хологиялық мәдениетті қалып­тастыруға ықпал ету.
Зерттеу объектісі: Қазақ қоғамы­ның психологиялық білімі.
Зерттеу пәні: Қазақ психологиясының қалыптасуын анықтау процесі.
Зерттеу болжамы: Егер, Қазақстандағы психологияның қалыптасуын тереңірек зерттесек, қазақ елінде әлі күнге де­йін шешімін таппай отырған психологиялық мәселелерді шешуге жол табар едік.
Зерттеу міндеті:

  1. Қазақстандағы психология ғылымының қалыптасуын теориялық талдау жасау

  2. Қазақстандағы психология ғылымының қалыптасуына үлес қосқан ғалымдарды анықтау

  3. Қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; қазақ халық әдебиетін ұрпақтардың рухани сабақтастығының маңызды көзі және құ-ралы ретінде қарастыратын мәдениеттанулық тұғыр.
Зерттеу әдістері: ғылыми теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы жіктеу, топтастыру, салыстыру; тарихи-педагогикалық сипаттама беру, салыстыру, жинақтау, қорыту, т.б.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық зерттеу жұмысының жалпы көлемі .


.


1.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой.пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi
1.1XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сәйкес дамуы: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Астана, 19 наурыз, 2004 жыл) деп нақты тоқталып өткен [13].
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, пән оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп, толықтыру онда білімдердің жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және пратикалық негізде педагогикалық-психолгиялық қызмет көрсету қажеттілігі туындады.
Педагогика-психология мамандығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмыс атқарады.
Қазақстанда тоғыз мыңнан аса мектепте үш миллиондай оқушы бар десек, ол саладағы педагог-психолог мамандар аса қажет екені өз-өзінен белгілі. Келешекте Қазақстанның әр ұлттық мектебiнде педагог-психолог маманы болуға тиiстi. Әзірге тоғыз мыңдай педагог-психологты қажет ететін, елімізде оның үштен біріндей ғана болатын маман бар.
Кез – келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни, ол білім беру процесінің белсенді субъектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады.
Сонымен бірге барлық үйренушілер білім беру жүйесінің белгілі бір сатысында бастапқы, жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды ( алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендерде кіреді ).
Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.) [14].
Яғни педагог-психологтардың басты міндеті оқушылардың жас ерекшклігіне қарай білім беріп қалыптастыру болып табылатын болса, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты Л.С.Выготский бастауыш мектеп, кіші мектеп және жоғарғы мектеп оқушылары деп үш топқа бөліп қарастырды.
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамассыз ететін физиологиялық және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Мектепке оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге , үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге: мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу оған қызығу бастауыш мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Оларға жататындар: Баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдылардың болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену.
Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамассыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді.
Өмір жағдайының өзгеруімен, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысуымен байланысты бастауыш мектеп оқушысында үстем беделдер біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты,» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады. Осындай балалардың жаңа кезеңге келіп түсініспейтін жағдайлардың пайда болу езднрінде педагог-психологтардың қолдау беріп көмектесуі, кеңестер беруінің пайдасы өте зор. Бастауыш мектептің соңына қарай, дамудың макрофазасы ретінде негізгі бейімделу кезеңі аяқталғанда, оқушы тек қана оқу іс-әрекетінің ғана емес, сондай-ақ, белсенді тұлға аралық өзара әрекеттесудің де субъекті бола бастайды,оның өзі өте маңызды. Кіші мектеп оқушысы жеткіншек бола бастайды.
Орта мектеп жасында (10-11-ден 14-15 дейін ) жеткіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастармен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спорттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Ол түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары - «ересектік сезімі» пайда болады.
Егер кіші мектеп жасы үшін оқу іс-әрекеті жетекші болса, онда орта жас оқушысы үшін жетекші ретінде сан алуан формалардағы қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады, оның арнасында құрдастарымен интимдік – тұлғалық қарым-қатынаста, басқа жыныс өкілімен өте маңызды қарым-қатынас та жатыр. Бұл жерде оқу іс-әрекеті іске асырылып жатқан белсенділік бола бастайды – ол жасөспірімнің даралануын «қамтамасыз» етеді. Әсіресе, оқу іс-әрекетінің құралдарын, тәсілдерін таңдауда ол өзін мақұлдап, бекітеді.
Жеткіншек жас үшін беделге деген қатынас та тән. Егер кіші мектеп жасында мұғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, жеткіншек үшін үлкен адам беделі проблемасы білімбейді. Бір жағынан, жеткіншектің «мен – ересек адам» позициясы оны үлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан - олардың беделі жеткіншек өмірінің маңызды факторы болып қалады. Үлкен адам беделінің сақталуына ықпал ететін жағдайлар: « 1. жеткіншек қоғамдық жағдайының өзгеріссіздігі, ол оқушы болды және болып қалады; 2. оның ата-анадан толықтай материалдық тәуелсіздігі, олар мұғаліммен қатар тәрбиелеуші рөлінде болады; 3. жеткіншекте өз бетімен әрекеттену іскерлігінің болмауы ».
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек қана өз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, «Мен» - тұжырымдамасымен өзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, көп сатылы білім беру қиындысындағы өмірдегі орнымен өзгеше. Ол өзі үшін осы білім беруді жалғастыру формасын болжайды, шешеді және осыған байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналысу, тұлға аралық өзара әрекеттесу құндылығына бағдарланады , осы уақыттарда педагог-психологтардың кеңесі ауадай қажет. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектеп оқушысы мәртебесіне өтеді. Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде - бұл оқуды жалғастыруды таңдаған адам. Жоғары сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буынан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Таңдау жасауға өмірлік ситуациялар мәжбүр етеді, ата-аналар тарапынан ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылу мен байланыстырылады. И.С.Кон атап көрсеткендей, « қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жас өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы ), эмоционалдық автономия (ата-аналарынан тәелсіз таңдалған , өзінің соған деген қызығушылығының, қажеттілігі мен құқығының болуы ), мораль және құндылықтық автономияны (іс жүзінде өз көзқарасының болуы қажеттілігі мен құқығы ), ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономилау мәселесін қояды ». Осы жаста достық сенімді қатынастар өте маңызды. « Жоғары сыныпта оқушылардың формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болад», - дейді М.Ю.Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексеріледі. Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында бейімділікке , өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек қана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықталу жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады. Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. [15].
Жоғары сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъекті ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай: болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын проблемаларды шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап әрқайсымен жеке сұқпатаса отырып кеңес беруі қажет.
Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Бұл екеуі әрдайым бірге жүргенде ғана адамның рухани байлығы кең болмақ. Ел болу үшін де ең алдымен тәртіп керек. Қазақ халқында «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтылмаса керек. Әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани білім керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Демек, тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі.
Тегінде, тәрбие – үлкен жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді талап ететін өзгеше бір әлем. Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика-психология саласы – халық педагогикасын зерделеуге, бала психологиясын, оның эстетикалық талғамын, ұлттың дәстүрлі мәдениетін, әскери мекемелер мен әскерилер психологиясын, өмірдегі жаман-жақсы адамдар психологиясын зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы ғылымның терең тамырлы, жан-жақты халықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери тәрбие, патриоттық тәрбие, экономикалық тәрбие салалары бар. Барлық салалардың көздеген мақсаты - біреу ғана, ол – адам тәрбиелеу, яғни бүгінгі ұлттың менталитетіне лайық икемді, жан-жақты жетілген, нарықтық экономикаға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу.
Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үйренеміз және өзгеге үйретеміз.
Тек бұл тұрғыдан емес, көзімізді ашып, айналамызға зер салып қарасақ, көптеген қателіктерге толы прцестер болып жатады. Біреуі – арақ пен темекінің соңынан жүріп, түнгі клубтарға барып, нашақорлықпен айналысып, өмірдің мағынасы мен мәнін түсінбейді. Осындай кереғар қылықтармен айналысып, жастайынан түрме азабын көргендер қаншама? Жаңа туған, өмірге шыр етіп келген бөбектерін тастап кеткен аналар қаншама? Неге олар мұндай жолға түсіп кеткен? Осындай өмірдің тар жолдарына түсіп қалған, қара түнекте өмір сүретін жандардың көзін ашуда осы педагог-психологтар бірінші орында тұрады. Олардың көзін ашып, өмірге қайта әкеліп, алдына мақсат қойдырып, оны да елінің кірпіші болып қаланатын психологтардың қазіргі таңда саны жетпейді.
Ал өмірде жолы болмай, тек басы қиыншылықтар мен зардаптардан таусылмайтын жандар қаншама? Осы тұрғыдан да қарасақ, педагог-психологтар оларға күш-жігер, бағыт-бағдар берсе, оларға сүйеніш болып әрдайым қолдап отыратын жан – ол педагог-психолог.
Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптасиырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Нағыз педагог-психологтар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үрдістермен күрес жүргізе алатын – күрескер болуы керек. Өйткені ол халықтың қамын, шәкірттің болашағын ойлайтын және сол үшін еңбек тететін тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет