Новодолинский кентінің 2012 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі



Дата03.07.2016
өлшемі98.81 Kb.
#174502
Новодолинский кентінің 2012 жылдың 12 айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы
ЕСЕБІ

Құрметті Новодолинскіліктер және кент тұрғындары!



Новодолинский кенті әкімі аппаратының 2012 ж. жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Елбасы атап өткендей, біз жаңа талаптар мен қатерлерге толы қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің парызымыз – экономика мен әлеуметтік саланы мүмкін болатын жаңа сынақтарға дайындау. Басты міндеттердің бірі халықтың әл-ауқатын көтеру болып қала береді.
Маңызды және бірінші бағыт қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Президент Үкімет пен барлық дәрежедегі әкімдерге осыны кең ауқымда жүзеге асыруға тапсырма берді.
Өткен 2012 ж. кезеңінде қаланың халықты жұмыспен қамту орталығына кенттің 193 тұрғыны өтініш жасаған, жұмыспен қамту бөлімі мен әкім аппаратының бірлескен жұмысы барысында 153 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш бергендердің 79,2 пайызын құрайды.
«Тұрғындарды жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы оқытудың және жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруды, еңбек ресурстарының  оңтайлылығын көтеруді және кәсіпкерлікті дамытуды қарастырады. Осы Бағдарлама бойынша кенттің 8 жанұясы Шахтинск қаласына көшіп, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 15 адам осы Бағдарламаның қатысушысы болып табылады, ал кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағыты аясында 4 кәсіпкер 8 млн. 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мақсатында 2012 ж. жұмыспен қамту бөлімімен кенттің 3 жұмыссыз тұрғынына материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде екеуі жас мамандар болып табылады.
Жұмыссыздықты төмендету және жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар өзінің нәтижелерін беруде, әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылар саны азайды.
«Тұрғындарды жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға кент кәсіпкерлері белсенді қатысуда, олар аз қамтылған көмек қажет ететін жанұяларға қайырымдылық көмектерін көрсетуде және кентте өткізілген мәдени, спорттық шаралардың демеушісі болып табылады. Бұл ретте 1980 адам мемлекеттік емес көздерден 15 түрлі қайырымдылық көмектерін алды.
Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанға адами капиталдың сапалы өсімі қажет екендігін, ал бұл өз кезегінде білім беру мен денсаулық сақтау екендігін атап өтті.
Кентте білім беру жүйесін балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша мемлекеттік тапсырысты ойдағыдай орындап келе жатқан «Аленка» бөбектер бақшасы жүзеге асырады, балалардың 83 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылған, оның ішінде 237 бала бөбектер бақшасына, 58 бала № 11 ББМ-ге барады, 112 бала кезекте тұр (2010 ж. – 32 адам, 2011 ж. – 55 адам, 2012 ж. – 25 адам).
№ 11 білім беру мектебі Шахтинск аймағындағы ең үздік мектептердің бірі болып табылады, оқу үрдісіндегі жақсы және үздік нәтижелерден басқа педагогтар және оқушылар жаңа жобалармен, зерттеу жұмыстарымен айналысады. Балалардың дамуы, сапалы тәрбие және білім алуы мақсатында жан-жақты тиісті жағдайлар жасалған. Талдаулар көрсеткендей, мектептің материалдық базасын нығайтуға бағытталған қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде, осы жылы ескірген компьютерлік техниканың бір бөлігі ауыстырылды, жиһаз, интерактивтік тақта алынды, оқушылар өмірінің қауіпсіздігіне және  қорғалуына көп көңіл бөлінеді, осы ретте 2012 ж. мектеп ғимаратының шатырын жылылау және ауыстыру бойынша 10 млн. 970 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, спортпен және дене тәрбиесімен айналысу үшін мектеп аумағында 5 млн. 980 мың теңгеге көп функциялы хоккей алаңы орнатылды.
21 бала Шахтинск қаласының № 1 музыка мектебінің филиалында музыкалық білім алумен қамтылған, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Елбасы мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ұлт денсаулығы екендігін атады.
Сондықтан, денсаулық сақтау органдары қызметінің маңызды бағыты тұрғындар денсаулығын қорғау болып табылады.
Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып поликлиника басшылығымен көмек қажет ететін кент тұрғындарын қарау мақсатында ересектер және балалар үшін белгілі бір медициналық мамандардың шығып тұруы ұйымдастырылады, жүйелі түрде ҰОС қатысушылар мен тыл ардагерлерінің медициналық тексерістен өтуі жүргізіледі, қаланың стоматологиясы базасында стоматологиялық кабинет жұмыс істейді, хирургиялық таңу кабинеті және физиокабинет қызметтерін жалғастыруда.
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі біздің басты назарымыздан түскен емес.
Кітапхана филиалының кітап қоры жыл сайын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жаңа заманауи басылымдармен толықтырылуда. Кітапхананың кітап қоры 31016 дананы құрайды.
2012 ж. Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 846 мың теңге бөлінді, 300 мың теңге көрермендер залының жылу жүйесін жөндеуге жұмсалды. Мәдениет үйі жанындағы құрылымдардың саны 10-нан 13 бірлікке өсті, 2012 жылы МҮ ұжымымен 16382 адамды қамтыған 210 іс-шара өткізілді.
Атқарушы органдар жұмысының басты бағыттарының бірі жастар саясаты болып табылады.
         Кентте жас ұрпақтың күн тәртібіндегі мәселелерді өз бетімен жүзеге асыруы және шешуі үшін барлық қажетті жағдайлар қалыптасқан. Өздеріңіз білетіндей, кенттің Мәдениет үйі жанында Шахтинск қаласы Ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығы қызмет етеді. Жастар орталығының қызметі жастардың азаматтық мәдениетін көтеруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Алға қойған міндеттерді шешу үшін 2012 ж. бастап штатқа спорт нұсқаушысы бірлігі енгізілген. Тұрғындарды жүйелі түрде дене тәрбиесімен айналысуға тарту мақсатында жалпы саны 212 адам қамтылған 8 спорт үйірмесі қызмет етеді.   

 НАҚТЫ ЭКОНОМИКА СЕКТОРЫ

         Кентте экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасын орындау аясында 6 жауапкершілігі шектелген серіктестік қызмет етеді:


«Придолинские ВКС» ЖШС – сумен қамтамасыз ету және канализация қызметін көрсету; «Ремстройсервис» ЖШС - байланыс қызметі; «Жезказган Энергосбыт» ЖШС – энергиямен қамсыздандыру; «Связь Телеком Сервис» ЖШС – қалааралық байланыс қызметі; «Умай» ЖШС – жалпытамақтандыру қызметі; «Альтаир – 2007» - кабельдік телевизия қызметі.
Осы уақытта кентте 90 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың ішінде 82-сі жұмыс істейді (2011 ж. 87, жұмыс істейтіні 79).    
Шағын бизнестегі жұмыспен қамтылған адамдар саны 555 (2011 ж. – 549 адам).
Біздің жұмысымызда құнсыздану үрдістерін ауыздықтауға маңызды орын беріледі.
Өмір сүру деңгейі төмен азаматтар үшін тамақ өнімдеріне бағаны төмендету жөнінде белгілі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта әкім аппаратымен кенттің 20 жеке кәсіпкері арасында  тамақ өнімдерінің бағасын ұстап тұру, нан өнімдерінің әрқайсысына 2 теңгеден артық үстеме баға қоспау жөнінде меморандум жасалды, әр тамақ өнімдері бөлімінде «Әлеуметтік қатарлар» құрылды. Күн сайын кенттің 20 тамақ өнімдері дүкендеріне 350 бірінші сортты 38 теңгенің наны түсіп тұрады (2011 ж.-350).
2010 ж. бастап кент аумағында 4 инвестициялық көкөніс өсіру жобасына кенттен 90 га жер жалға берілген, соның нәтижесінде 4 шаруа қожалығы құрылды: (Макаров С.Н. – «Энерджи», Шаяхметов А.Ш. – «Долинский сад», Тулинов В.И. – «Наурыз», Демидов А.Л. – «Курган»). Жер телімдері өңделіп,  картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат отырғызылды.
Осы күзде осы шаруа қожалықтарымен 180 тонна жақсы сапалы картоп, 10 тонна қырыққабат жиналды. Осы шаруа қожалықтарымен жазғы маусымда 20-тен аса маусымдық жұмыс орындары ашылды.
Тұрып қалған кәсіпорындарды шаруашылық регистрінен шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде, қазіргі уақытта кент бойынша 2011 жылғы 4 кәсіпорынның біреуі-«Реал» ЖШС жабылды және тұрып қалған 3 кәсіпорын бар – «Вардан» ЖШС, иесі Сулейменова Д.Г., «№ 11 ОМ оқушылары ата-аналарының қоғамы» ҚБ, «Долинская шахтасы ТКТ» ҚБ – Кузнецов Г.А. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Кентте тегін базар жұмыс істейді, онда жергілікті тұрғындардың өнімдері – көкөністер, жемістер, жидектер, сүт өнімдері сатылады. 2012 жылы осы базарды жөндеу жұмыстарына смета дайындалып, қаражат жоспары қарастырылған.

ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

         Новодолинский кентінде статистикалық мәліметтер бойынша шағын кәсіпкерліктен барлығы 18 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 15, 72 жеке тұлға, жұмыс істеп тұрғаны - 67.


Осы жылы кентте «Оазис» шаштаразы, жекеменшік такси, «Горняк» дүкенінде азық-түлік бөлімі ашылды. Осы іске қосылған нысандар есебінен 6 жұмыс орны ашылды.

АБАТТАНДЫРУ

         Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады.


Кентте 7 қызмет көрсетуші коммуналдық қызметтермен айналысады:

  • «Придолинские ВКС» ЖШС - сумен қамтамасыз ету және канализация;

  • «Жезказган энергосбыт» ЖШС - энергиямен қамтамасыз ету;

  • «Ремстройсервис» ЖШС - телефон байланысы;

  • «Связь телеком сервис» ЖШС - қалааралық байланыс;

  •  «Казахтелеком» АҚ – телефон байланысы;

  • ЖК Кропачев – ҚТҚ шығару.

  • «Альтаир 2007» ЖШС - кабельді телевизия;

         Кентті абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында 2012 ж. 12 айында  36 «таза бейсенбіліктер» және сенбіліктер өткізілді, оған кент тұрғындары, барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты. Қысқы уақытта жолдарды қардан тазарту, көшелерді грейдерлеу сияқты жұмыстар жүйелі түрде қолға алынған. Жазғы уақытта 497 мың теңгеге 360 дана ағаштарды санитарлық мақсаттағы кесу жүргізілді. 2013 ж. ағаштарды кесу жұмыстары жалғасады және бұны қаржыландыру көлемі 1 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады.
Кент тұрғындарының өтініштері бойынша 2 жаңа балалар ойын алаңы орнатылды. Бұрын орнатылған 9 балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді (сәулет қалыптарын сырлап, жөндеуге 778 мың теңге жұмсалды).
2012 ж. мамырында Центральная көшесінің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, көлемі - 20160,0 мың тенге сомаға 8400 ш/м., жол жөнделді. 2013 жылы Дзержинский көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастырылған. 8 жол белгісі қойылды: (Садовая көшесінде «Аялдамаға тыйым салынған», «Жол бер», «Жетімдер баспанасы» м/м ауданындағы Дзержинский көшесінде «Абайлаңыз, балалар» 2 белгісі, Центральная көшесінде «Жол бер», Торговая және Магистральная көшелерінің қиылысында «Басты жол», «Жол бер»).
1 млн. 272 мың тенгеге автомобиль жолдарын қысқы және жазғы ұстап күту мақсатында  2012 ж. 212 сағаттық жұмыс атқарылды, қар тазалау, көктайғақ уақытта құм себу, грунттық жолдар мен жол жиектерін бір қалыпқа келтіру, шөптерін шабу, «Аленка» б/б жанындағы автотұрақты жоспарлау сияқты жұмыстар істелді. ЖК Л.С. Агибаевамен 1 млн. 790 мың теңгеге Торговая, Школьная көшелерінде 2 балалар ойын алаңы орнатылды.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа сыйлық ретінде осы аймақтан сайланған халық қалаулысы атынан Бобух көшесінде қоршалған спорт алаңы және балалар ойын элементтері орнатылды.
«КазМетИзд» ЖШС-мен 6 млн. 232 мың теңгеге саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді (кеспе тастар төсеу, орындықтар, шағын сәулет қалыптарын орнату). «TDM PLUSS» ЖК-мен жұмыс істеп тұрған 9 балалар ойын алаңына 778 мың теңгеге жөндеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. «TDM PLUSS» ЖК-мен 300 мың теңгеге жаңа жылдық шырша орнатылып, безендірілді. Кентте 315 мың теңгеге баннерлер әзірленіп орнатылды (Бейспеков ЖК, «Нар-Тәуекел Жарнама» ЖШС).
«City compani LTD» ЖШС-мен көше жарықтарын қамтамасыз ету және жөндеу бойынша 2 млн. 538 мың теңгеге шарт жасалды. Бүгінде Центральная көшесінде энергия үнемдеуші жарықдиодтық шамдардың күндізгі жарықтарының 34 шамы және Школьная көшесінде 25 шам ауыстырылды, Дзержинская, Торговая, Магистральная көшелеріндегі ДРЛ шамдары ауыстырылды. «City compani LTD» ЖШС-мен Лесная, Энгельс көшелерінің көше жарықтары қалпына келтірілді, 822 мың теңгеге 10 металл бағаналар жиынтығы орнатылды.
Бүгінгі күнде кентте 163 жарық бағаналары жұмыс істеп тұр, Центральная (34 бағана), Школьная (29 бағана), Дзержинская (32 бағана), Магистральная (42 бағана), Торговая (11 бағана), Бобух (8 бағана), Энгельс (7 бағана) көшелері толық жарықтандырылды.
ЖК Кропачевпен 6300 текше метр ҚТҚ шығарылды.

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ

         Тариф: су – 72,00 тг, канализация – 69,00 тг. Су тәулік бойына үзіліссіз беріліп тұрады. Қызмет көрсету төлемін жинау 98 пайызды құрайды. Су жүретін жүйелердің жалпы ұзындығы 10,3 шақырым, канализация – 11,8 шақырым, 2 канализациялық сорғы станциясы – КСС-1, КСС-2 жұмыс істейді. Кенттік суайдауыш мұнара және ұңғыма бар. 2012-2013 жж. қысқы жылыту маусымына дайындық барысында «ПВКС» ЖШС-мен өткен жылыту маусымындағы ескертулер ескеріле отырып іс-шаралар жоспарланды. Осыған сәйкес келесі жұмыстар атқарылды: КНС-1 және КНС-2-нің басты су айдау сорғыларының мойынтіректері мен біліктері ауыстырылды, КНС-1 мен КНС 2-ге және суайдауыш мұнараға резервтік сорғылар алынды, машина бөлімінде диаметрі 200 мм. құбырлар күйдіруден өткізілді, су желілеріндегі 3 ысырма ауыстырылды. Барлық магистральдық канализациялық коллекторлар мен үй маңындағы құдықтар тазаланып, жуылды, Центральная көшесі ауданындағы 8 метрлік 100 мм. су құбырын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қаланың 2013 жылғы бюджетінен кенттің су желілерін жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлуге сұраныс жасалды. Бүгінде кентте жаңа тазалау құрылысын салу мәселесі бірінші кезекте күн тәртібінде тұр. Осы мақсатқа 170 млн. теңге көлемінде қаражат қажет. Бүгінгі күнде ЖСҚ әзірлеуге 2013 жылғы қала бюджетінен 6 млн. 620 мың теңге бөлінген.

        
ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         Тариф: 2012 ж. 01 сәуірінен тұрғындар үшін ҚҚС-мен бірге 10,64 тг. Қызмет көрсету төлемін жинау 96 пайызды құрайды.
Кентте 10 ТП және 2 КТП орналасқан, олар Заречная 18Ф және 10Ф-дан тоқ алады.
2012 ж. ЖЖ-0,4 кВ жүктемесін жеңілдету, электр энергиясының сапасын жақсарту және электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру үшін Октябрьская көшесіндегі № 14 қосымша (жаңа) КТП монтаждау жүргізілді. 12 ақаулы бағаналар ауыстырылды (ЖЖ-0,4 кВ – 9, ЖЖ-0,6 кВ – 3). ТП-1-дегі күштік трансформатор ауыстырылды. ЖЖ-лардағы жүктемелерді жеңілдету үшін қараша айында ТП-4-тегі (Медицинский к.), ТП-2-дегі (Лесная к.), ТП 7-дегі күштік кабельдерді монтаждау жоспарлануда.
ҚТҚ шығару

         Кенттегі ҚТҚ шығарумен ЖК В.И. Кропачев айналысады (3 МАЗ маркалы жүк көлігі, 1 жүкартқыш машинасы).


Тариф: 2 қабатты үйлер мен барактарда 1 адамға 160 тг, жеке секторда 1 адамға 200 тг. Кентте 24 жоспарлы қалдықтар жинау орындары жұмыс істейді, қалдықтар шығару кесте бойынша аптасына 2 рет жүргізіледі. Рұқсат етілмеген қалдық орындарына қосымша 3 қалдық нүктелері қойылды (Садовая, Магистральная, Суворова көшелері). Тұрғындардың өтінішімен 1 қалдықтар нүктесі (Дзержинская к.) тұрғын үйлерден аулақтау жерге ауыстырылды. Қызмет көрсету төлемін жинау 85 пайызды құрайды.
Әкім аппаратымен орамдар және көшелер бойынша 11 жиындар және реидтер жүргізіліп, коммуналдық  қызметтер үшін төлемдерді уақытында төлеу, абаттандыру ережелерін және тазалық нормаларын сақтау және 2012-2013 жылу маусымына уақытында әзірлену жөнінде түсіндіру жұмыстары атқарылады. Учаскелік полиция инспекторларымен және СЭС өкілдерімен бірлесе отырып тұрғындар арасында абаттандыру және санитарлық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру шаралары атқарылады.

ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         Кентте телефон байланысын қамтамасыз етумен  «Ремстройсервис» ЖШС және «Казахтелеком» АҚ (2007) айналысады.


Абоненттер саны: «Ремстройсервис» ЖШС – 1115, оның ішінде тұрғындар – 1358 (95 пайыз), «Казахтелеком» АҚ – 440. «Ремстроисервис» ЖШС бойыншап абоненттік төлем 838,66 тг. құрайды. Қызмет көрсету төлемін жинау 100 пайызды құрайды.
Істемейтін телефондар ақауларын жөндеу бақылау мерзімдері ішінде іске асырылады. Барлық абоненттермен қызмет көрсету туралы жеке келісім-шарттар жасалған. Сол сияқты «Казахтелеком» АҚ-мен кентте сымсыз радиобайланыс енгізілген.

Өткен 2012 жылғы кезеңде кент әкімі аппаратына азаматтардан 1308 өтініштер келіп түскен, оның ішінде жазбаша түскені 157, кент әкімінің жеке қабылдауында 41 адам болды, 799 түрлі анықтамалар берілді (тұрғылықты жері, жанұя құрамы, көмір алу туралы т.б.), 383 нотариалдық әрекеттер жасалды. Барлық өтініштер қарастырылып, сәйкесінше жауаптар берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет