Нұр Астана. – 2012. - № 2.-12 қаңтар
ҚазАТУ – «үздіктер» ордасы
ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен комиссия отырысы 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстың шешімін шығарды.
Комиссия шешімімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің сегіз бірдей оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.
Үздік сегіздіктің қатарында Сәрсенбай Әбдірахманов, Жайдары Әбілдина, Болат Әбдікәрімов, Юрий Балджи, Нұрлыбай Қажығалиев, Николай Костюченков, Саяхат Нөкешев, Базархан Рүстембаев сынды білікті оқытушылар бар.
Үздіктерді іріктеген конкурс 2011 жылдың 8 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтті. Былтыр аталмыш додаға еліміздің 86 жоғары оқу орнынан 850-ден астам үміткер қатысса, биыл 84 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер өтініш білдірген.
Тек үздік оқытушыларға ғана тиесілі бұл мемлекеттік грант елімізде дәстүрлі түрде 2005 жылдан бері тапсырылып келеді. Мәртебелі атақ ЖОО-да ғылыми және педагогикалық қызметтерде жоғары жетістіктерімен көзге түскен оқытушыларды қолдау мақсатында тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |