«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы туралы ереже осы ереже Сарысу аудандық мәслихатындағы



Дата16.06.2016
өлшемі64.5 Kb.
#138994
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы

депутаттық фракциясы туралы

ЕРЕЖЕ
Осы ереже Сарысу аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы депутаттық Фракцияның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

  1. Жалпы ережелер




    1. Сарысу аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының фракциясы (бұдан әрі-фракция) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мәслихат регламентіне және «Нұр Отан» ХДП (бұдан әрі-Партия) Жарғысына сәйкес құрылған депутаттық бірлестік болып табылады.

    2. Фракция партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен құрылып, партияның тиісті деңгейдегі жоғары, басшылық етуші, атқарушы органдары алдында жауапты және оларға есеп береді.

    3. Фракцияның қызметі Қазақстан республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, мәслихаттар регламеттеріне, сондай-ақ Жарғыға, Партия Саяси кеңесі Бюросы мен партияның тиісті филиалының Саяси кеңесі Бюросының шешімдеріне және осы Ережеге сәйкес өздігінен ұйымдастырылады.

    4. Фракцияның қызметі тиісті партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы шешімімен заңнамада белгіленген тәртіпте мерзімнен бұрын тоқталуы мүмкін.

    5. Фракцияны тіркеуге алу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.

    6. Депутаттық фракция туралы ереже партия филиалының Саяси кеңесі Бюросында бекітіледі.




  1. Фракция жұмысын ұйымдастыру және оның негізгі қызметтері

    1. Фракцияны Басшы басқарады, кандидатурасы партияның жоғары тұрған органымен келісілгеннен кейін ол партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша сайланады. Фракция басшысының орынбасары болады.

    2. Фракцияның негізгі қызметтері:

  • жоспарлар жобасын, тиісті аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджет және оның орындалуы туралы есептерді талқылау, сонымен қатар аумақтық іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

  • атқарушы органдар басшыларының есептерін қарауға қатысу және мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын, сондай-ақ ұйымдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;

  • аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін құпия немесе ашық дауыс беру жолымен сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес сайлауға дейін кандидатураларды талқылау;

  • жоспарлардың, аумақтық дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың, облыстық бюджеттің орындалуына бақылау жүргізу;

  • мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен басқа да органдарын құру жөніндегі мәселелерді талқылау, олардың қызметі туралы есептерін тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелерді шешу; ведомствоалық сипаттағы мәселелер бойынша әкімшілік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамы бойынша әкімнің ұсыныстарын мәслихаттардың бекітуіне дейін талқылау;

  • аудандық жоспарлау сызбасын, аудандық орталық құрылысының бас жоспарының жобасын бекіту жөніндегі ұсыныстарды талқылау, әкімшіліктік аудандарды жоспарлау жобасын және аудандық маңызы бар қалалар құрылысының бас жоспарларын бекіту және ауылдық жерлерде жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін айқындау, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен көлемін белгілеу;

  • осы заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіктерін мәслихаттың жүзеге асыруын талқылау;

  • партияның бағдарламалық бағыттарын, партия Төрағасы мен жоғары басшылық етуші, өкілді органдарының шешімдерін, сондай-ақ сайлаушылардың тілегін іске асыру бойынша заң шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін ұсыныстар дайындау;

  • тиісті мәслихаттың сессиясында облыс, қала және аудан әкімдерінің кандидатураларын талқылау;

  • әкімге сенімсіздік білдіруге бастама жасау мәселелерін талқылау;

  • мәслихаттың сессиясына дейін әкімнің ұсынысы бойынша тиісті әкімшіліктің жеке құрамын талқылау;

  • мәслихаттар бекіткенге дейін халықты жұмыспен қамтуға атсалысу және кедейлікті төмендету бағдарламасы мәселелерін талқылау;

  • жергілікті мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеуді іске асыру қызметі туралы мәселелерін талқылау;

  • аудан, ауылдық аймақ әкімдерін, мәслихат актілерінің толықтай немесе жартылай бұзу немесе тоқтату туралы дайындауға қатысу және талқылау;

  • депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты, өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселелерді дайындауға қатысу және талқылау;

  • саяси партиялармен және өзге де азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтаса жұмыс істеу, сондай-ақ партия құрылымдарымен өзара қатынас жасау;

  • мәслихатта еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірі мәселелері бойынша Партия ұстанымдары сипатындағы саясатты жүргізу;

  • партия Жарғысы мен Саяси кеңесі Бюросының шешімдерінде тізімі қарастырылған маңызды мәселелер мен кадрлық мәселелер мен кадрлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау барысында мәслихат сессиясында ниеттес дауыс берудің партиялық принципін қамтамасыз ету;

  • келесі лауазымдарға кандидатураларды талқылау;

  • мәслихат сессиясының төрағасы;

  • мәслихат хатшысы;

  • фракция басшысы;

  • тиісті деңгейдегі әкімдердің өз қызметтері бойынша есебін тыңдау мәселесіне бастама жасау;

  • Мәслихат фракциясын ұйымдастыру және оның ішкі тәртібіне байланысты басқа да мәселелерді шешу.


3. Фракцияның партия құрылымдарымен

өзара қатынасының тәртібі
3.1. Фракциялар өз қызметінде Партияның басшылық етуші және өкілді органдарымен өзара қатынас жасайды, саяси партиялармен және әкімшілік бірлік аумағында жұмыс істейтін басқа азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді, қоғамның саяси өміріне және бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бойынша партия жұмыстарына қатысады.

3.2. Фракция депутаттары Партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кесте бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, өтініштер сипаты бойынша және олар бойынша қабылданған шаралар жөнінде есеп береді.


4. Фракциядағы мүшелік
4.1. Мәслихат депутаттары Фракция мүшелері болып табылады.

4.2. Депутаттың Фракциядағы мүшелігі депутаттың Фракция құрамына ену туралы жазбаша өтінішінің негізінде Фракция отырысы қабылдаған шешіммен рәсімделеді.

4.3. Осы ережені сақтамағаны үшін, Фракцияның беделін түсіруші әрекеті (әрекетсіздігі) үшін, Фракция мүшелерінің пікірі бойынша Фракция мүшесінің мәртебесіне сәйкес емес әрекеттер жасағаны үшін талқыланып, Фракцияның тиісті шешімі қабылданғаннан кейін Фракция мүшесі Фракциядан шығарылуы мүмкін.

4.4. Фракция шешімдері отырысқа қатысушы фракция мүшелерінің басым дауысымен қабылданады.

4.5. Депутатты Фракциядан шығару немесе өз бастамасымен шығуы туралы ақпарат мәслихатқа партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросына және сайлаушыларға жеткізіледі.
5. Фракция мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
5.1. Фракция мүшелерінің мыналарға құқығы бар:

5.1.1. Фракциядағы басшылық етуші лауазымға сайлауға және сайлануға;

5.1.2. Фракция отырысының қарауына мыналарды енгізуге:

- мәслихатта қаралатын барлық мәселелер бойынша Фракция ұстанымдарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар;

- қаулы жобалары, депутаттық сұраулар мен өтініштер және басқа да құжаттар;

- Фракция отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар;

- тиісті деңгейдегі әкімдердің өз қызметтері жөніндегі есептерін тыңдау мәселесіне бастама жасау;

5.2. Фракция мүшелерінің міндеті:

5.2.1. Фракция өткізетін немесе оның қатысуымен өтетін іс-шараларға, мәслихатта Фракция қызметінің барлық мәселелерін талқылауға қатысу;

5.2.2. Партия филиалдарының қоғамдық бақылау бөлмелерінің жұмысына тұрақты қатысу;

5.2.3. сайлаушылармен кездесулерде партия шешімдерін түсіндіре отырып сөз сөйлеу, сайлаушыларға Партия саясатын түсіндіріп, насихаттауға, сондай-ақ оның сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға белсенді қатысу;

5.2.4. көпшілік алдында сөз сөйлегенде соның ішінде баспасөз ақпарат құралдарында өзінің Партия Фракциясының құрамында екендігін көрсету;

5.2.5. партияның басшылық етуші органдарының бағдарламалары бойынша оқып, өзінің біліктілігін үнемі көтеріп отыру;

5.2.6. Фракция отырысының шешімдерін орындау;

5.2.7. Фракция дайындаған ұстанымды қолдау және мәслихат сессиясында пікірлес дауыс беру туралы Фракция шешіміне сәйкес дауыс беру;

5.2.8. мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамында өз жұмысы туралы Фракция басшылығына ақпарат беріп отыру;

5.2.9. Фракцияның келісілген ұстанымына сай келмейтін Фракция қызметінің қандай да бір мәселесі бойынша айрықша пікір бар екендігі туралы Фракция басшылығын хабардар ету;

5.2.10. Көпшілік алдында, соның ішінде баспасөз ақпарат құралдарында, Фракция шешімдеріне сай келмейтін мәлімдемелер жасаудан бас тарту;

5.2.11. Фракциядағы және сайлау округтеріндегі өзінің жұмысы туралы Партия аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының алдында есеп беру;

5.2.12. Өзі есепте тұратын партия ұйымына депутаттық қызметі туралы ақпарат беру;

5.2.13. Фракция мүшесі басқа фракциялардың құрамына кіре алмайды.
6. Фракция органдары
Фракция органдары мыналар: - Фракция отырысы; - фракция кеңесі;

6.1. Басшылық етуші орган-Фракция отырысы:
6.1.1. Партия филиалының басшылық етуші органдары мен филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімдеріне сәйкес мәслихат қызметінің мәселелері бойынша, Партия бағдарламасын орындау бойынша, сондай-ақ басқа да жұмыс мәселелері бойынша Фракцияның стратегиясы мен тәсілін айқындайды;

6.1.2. мәслихаттағы Фракцияның филиалдың Саяси кеңесі Бюросымен келісілген жұмыс жоспарын бекітеді;

6.1.3. жұмыс бағыттары бойынша Фракция Басшысының және оның орынбасарының есептерін, сондай-ақ мәслихат комиссияларында Фракцияның атынан жұмыс істейтін Фракция мүшелерінің оларға берілген тапсырмаларды орындаулары туралы есептерін тыңдайды;

6.1.4. жоғары тұрған партия органымен кандидатурасы келісілген соң Партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша Фракция Басшысын сайлайды;

6.1.5. Фракция Басшысының орынбасарын сайлайды;

6.1.6. депутаттарды Фракция құрамына қабылдайды, сондай-ақ Фракциядан шығарады;

6.1.7. мәслихаттың жұмыс жоспарында қарастырылған барынша маңызды мәселелер бойынша және мәслихат сессиясында ниеттес дауыс беру бойынша Фракцияның келісілген ұстанымын айқындайды;

6.1.8. Фракция кеңесінің сандық және дербес құрамын белгілейді;

6.1.9. мәслихаттардағы басшылық лауазымдарға сайлау үшін Фракция атынан кандидатуралар ұсынады.

6.1.10. комиссия басшысының лауазымына ұсынылған депутат Фракциядан шығарылса немесе өз еркімен шықса, болмаса Фракция оның жұмысын қанағаттанарлықсық деп таныған жағдайда Фракциядан сайланған мәслихат комиссиялары басшыларының ротациясы бойынша ұсыныстарын мәслихат регламетіне сәйкес енгізеді.

6.1.11. Фракция отырысының айрықша құзыретіне берілгендерден басқа Фракция отырысы өкілеттіктерінің бір бөлігін Фракция кеңесіне беру туралы шешім қабылдайды;

6.1.12. Партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша Фракция Басшысының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;

6.1.13. Фракция Басшысы орынбасарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;

6.1.14. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

6.1.15. Фракцияны тарату туралы шешім қабылдайды;

6.1.16. Фракцияның және оның құрамына кіретін депутаттар қызметінің басқа да мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

6.1.17. Фракция отырысының айрықша құзіретіне мыналар кіреді:

1) Фракция мүшелігіне қабылдау;

2) Фракция Басшысын және оның орынбасарын сайлау;

3) Фракция кеңесін сайлау;

4) Фракция басшысы мен оның орынбасарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

5) Фракция кеңесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

6) ниеттес дауыс беру туралы шешім қабылдау;

7) Фракцияны тарату туралы шешім қабылдау;

6.1.18. Фракция отырысының шешімі (Ережемен шешімдер қабылдаудың басқа тәртібі белгіленген мәселелерден басқасы) оның жұмысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен, ашық дауыс беру жолымен қабылданады;

6.1.19. Фракция отырысы қажет болған жағдайда, бірақ айына кем дегенде бір Фракцияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Фракция мүшелерінің шешімі бойынша отырыс ашық немесе жабық болуы мүмкін.

6.1.20. Егер Фракция отырысының жұмысына Фракция мүшелерінің жартысынан астамы қатысатын болса, Фракция отырысы шешімдер қабылдауға құқылы.

6.1.21. Фракция отырыстары сессия уақытында да, сол сияқты мәслихат сессияларының аралық кезеңінде де өткізілуі мүмкін. Фракцияның шешімі бойынша Фракцияның көшпелі отырыстары өткізілуі мүмкін.

6.1.22. Фракцияның кезектен тыс отырысын Партия филиалы Төрағасының шешімі бойынша, Саяси кеңес Бюросының немесе Фракция кеңесі мүшелерінің басым бөлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ Фракция мүшелері құрамының кем дегенде үштен бір бөлігінен қолдау тапқан жазбаша ұсыныс негізінде Фракция Басшысы шақырады.

6.1.23. Фракция отырысы Фракция басшысының төрағалығымен өтеді, ал ол болмаған жағдайда Фракция Басшысының тапсырмасы бойынша оның орынбасары өткізеді.

6.1.24. Фракция Басшысы Фракция отырысы өтетін күннен кем дегенде үш күн бұрын отырыстың мерзімі мен күн тәртібі жөнінде Фракция мүшелерінің барлығын хабардар етеді.

6.1.25. Фракцияның құрамына кірмейтін депутаттар мен шақырылған басқа да тұлғалар Фракция отырысының жұмысына Фракция Басшысының шешімі бойынша қатыса алады.


6.2. Фракция кеңесі – үйлестіруші орган:
6.2.1. Фракция кеңесі Фракция отырысының шешімі бойынша құрылады.

6.2.2. Фракция кеңесінің мүшелерін Фракция Басшысының ұсынысы бойынша фракция мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен, ашық дауыс беру жолымен Фракция отырысы сайлайды;

6.2.3. Фракция Басшысы мен Фракция Басшысының орынбасары лауазымы бойынша Фракция кеңесінің мүшелері болып табылады.

6.2.4. Фракция кеңесі:

- Фракция жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;

- отырыстар аралығы кезеңінде Фракция қызметі бойынша, соның ішінде Фракция мүшелерінің өтініштері бойынша мәселелерді (отырыстың айрықша құзіретіне берілген мәселелерден басқасын) қарастырып, олар бойынша шешімдер қабылдайды.

- Фракцияның рөлі мен мәслихат қызметіне ықпалын арттыру мақсатында Фракцияға жаңа мүшелер тарту бойынша шаралар қолданады;

- белгіленген кезеңде қаралған мәселелер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы Фракцияның кезектен тыс отырысын ақпараттандырады;

- Фракция қызметінің мәселелері бойынша Фракция мүшелерінің ұстанымдарын келісуге қатысты мәселелерді қарастырады және ұсыныстарын Фракция отырысының шешімі үшін енгізеді;

- Фракция мүшелерінен келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Фракция отырысының күн тәртібін жасайды;

Фракция мүшелеріне Фракция отырысы мен Фракция кеңесі қабылдаған шешімдерді орындау бойынша тапсырмалар береді.

6.2.5. Фракция кеңесі болмаған жағдайда Фракция басшылығының қызметтерін Фракция отырыстары аралығындағы кезеңде Фракция басшысы мен оның орынбасарлары жүзеге асырады.

6.2.6. Фракция кеңесінің отырысын өткізу орны мен уақытын Фракция Басшысы анықтайды.
7.Фракция Басшысы

7.1.1. Фракция Басшысы

7.1.2. Партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы мен партияның жоғары тұрған органдарының келісімі бойынша Фракция отырысында сайланады;

7.1.3. мәслихат сессиясында Фракцияның келісілген ұстанымын ұсынады;

7.1.4. орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарымен, лауазымды тұлғалармен және баспасөз ақпарат құралдарымен өзара қатынас жасауда Фракция атынан сөйлейді;

7.1.5. мәслихат сессиясы барысында Фракцияның келісілген ұстанымын білдіретін ресми мәлімдемелер жасап, сөз сөйлейді;

7.1.6. Фракция отырысының күн тәртібін ұсынады;

7.1.7. Фракция отырысында, Фракция кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді, Фракция отырысында стенограммалары мен Фракция кеңесінің хаттамаларына қол қояды;

7.1.8. Депутаттық фракциялардың лауазымды тұлғаларын, басшыларын, сарапшыларын, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің және азаматтық қоғамның басқа да институттарының өкілдерін Фракция отырысында сөз сөйлеуге шақырады;

7.1.9. Фракция мүшелеріне тапсырмалар береді;

7.1.10. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, сондай-ақ Фракцияның адресіне келіп түскен басқа да корреспонденциямен жұмыс істеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастырады;

7.1.11. Фракциядан шығатын құжаттарға қол қоюға құқылы;

7.1.12. Фракция қызметіне байланысты басқа да өкілеттіктерді орындайды;

7.2. Фракция басшысы болмаған уақытта міндеттерін оның жазбаша өкімі бойынша орынбасары атқарады.



8. Фракция басшысының орынбасары

Фракция басшысының орынбасары:

8.1. Фракция отырысының жұмысына қатысушы Фракция мүшелерінің жалпы санының басым даусымен Фракция Басшысының ұсынысы бойынша Фракция отырысының ашық дауыс беруімен сайланады;

8.2. Фракция Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, мәслихаттағы басқа да депутаттық бірлестіктері өкілдерімен Фракция қызметінің мәселелері бойынша кеңесулер өткізеді;

8.3. Фракция басшысының тапсырмасы бойынша баспасөз ақпарат құралдарында өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша Фракция ұстанымы туралы мәлімдемелер жасап, сөз сөйлейді;

8.4. Міндеттерді үлестіруге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады;

8.5. Фракция Басшысы орынбасарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Фракция отырысының жұмысына қатысатын Фракция мүшелерінің жалпы санының басым даусымен Фракция отырысында ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
9. Қорытынды ережелер

9.1. Мәслихаттардағы Фракцияның өкілеттіктеріне, ұйымдасуы мен қызметіне қатысты басқа мәселелер мәслихат регламеттерімен реттеледі.



9.2. Фракция мүшелері Партия Жарғысына сәйкес осы Ережені орындауға жауапты, тіпті Партия мүшелігінен шығарылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет