Нұр-Сұлтан қаласы
“№86 мектеп-гимназия” КММ
Ибраева Гульнара Жаксылыковна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сенің меңгеретінің
2 сынып
Қане, бастайық!
• күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса аласың ;
• сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді таба аласың;
Сөйлем дегеніміз не? Диалог жаза аламын
Өлеңді оқып алайық!
Бүлдірген тереміз, балақай.
-Алақай!
-Ат жарыс көреміз, балақай.
-Алақай!
-Айға ұшып барамыз, балақай.
-Алақай!
-Кел, ағаш жарамыз, балақай.
-Әй, ата-ай!
Білім алушы:
- Өлеңді оқып алады.
- Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін анықтайды.
1 – тапсырма. Суретке қара.
Дескриптор: Білім алушы:
1. Суреттегі Қожа туралы фильмді естеріне түсіреді;
2. Фильмнің кейіпкерлерін атайды;
Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады.
Есте сақта!
Оқы.
― Неге шақырдың, Қожатай?
― Шақырғам жоқ ...
― Дауыстағандай болдың ғой?
― Сізге емес ... Жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жасамаңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
1. Оқығандарының диалог екенін дәлелдейді;
2. Диалогті көшіріп жазады;
Есте сақта!
Сөйлемде аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңында не нүкте ( • ), не сұрау белгісі (? ), не леп белгісі ( ! ) қойылады.
26 – жаттығу . Хабарландыруды оқы. Неше сөйлем бар екенін анықта.
Хабарландыру
Қаңтардың 7- сі күні сағат 10 – да шаңғыдан мектепішілік жарыс өтеді жарысқа қатысам деушілер ұйымдастыру комитетіне алдын ала тіркелуі қажет көлік мектеп жанынан 8/30 – да жүріп кетеді.
Ұйымдастыру комитеті.
Дескриптор: Білім алушы
1. Мәтінді оқиды, неше сөйлем бар екенін анықтайды;
2. Тиісті тыныс белгілерін қойып жазады;
3. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады;
Өзіңді тексер!
Хабарландыру !
Қаңтардың 7- сі күні, сағат 10 – да шаңғыдан мектепішілік жарыс өтеді. Жарысқа қатысам деушілер ұйымдастыру комитетіне, алдын ала тіркелуі қажет. Көлік мектеп жанынан 8/30 – да жүріп кетеді.
Ұйымдастыру комитеті
Білім алушы:
- Тиісті тыныс белгілерін қояды.
- хабарландыруды көшіріп жазады.
Сурет бойынша диалог құру.
Кері байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |